Қосудың қасиеттері

258

Сабақтың тақырыбы : Қосудың қасиеттері

Сабақтың  мақсаты: Оқушыларға қосудың қасиеттері туралы мәлімет беру;Оқушылардың танымдық деңгейін көтеру, ізденіске дағдыландыру.

Оқушыға жан-жақты, сапалы, терең білім беру,логикалық ойлау қабілетін жан-жақты дамыту;Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу;

Сабақтың әдісі : Түсіндіру , іздендіру , сұрақ- жауап .

Сабақтың түрі :Жаңа білімді меңгеру , саяхат сабағы

 Көрнекілік :Интерактив тақта, қима қағаздар ,геометриялық фигуралар, шарлар, бағалау парағы, бағдаршам

Сабақтың барысы .

  1. Ұйымдастыру .
  2. Психологиялық дайындық:

Математикалық әнді хормен  айтқызып өту

Саған есеп үйреткен,

Пәнге қара құрметпен.

Санды тура табатын,

Математика болатын.

Математиканы оқимыз,

Миға бәрін тоқимыз.

4- пен 5 –ті аламыз,

Мәз боп үйге қайтамыз.

III.Өткен сабақты қайталау . Оқушылар  ақыл тақтадағы (интерактивті тақта) «Мерген атқыштар» атты ойынмен  өткен тақырыпты пысықтайды

5+4                                        2

8-3                                         7

9-3                                         9

8-6                                         5

10-3                                       6

6+2                                        8

Жаңа сабаққа дайындық. -Оқушыларды бағалау житондарымен таныстырып өту

 

Өте жақсы                 Жақсы             Қанағаттанарлық

-Сабаққа сандар ханшайымы қонаққа келеді. Сандар ханшайымы өзімен бірге көптеген тапсырмалар әкеледі. Сол тапсырмаларды оқушылар орындаса ханшайымның сыйлықтары бар көрінеді.

IV.Жаңа сабақ . Жаңа сабақты көрнекілікті пайдалану арқылы түсіндіру

  • Азамат 5 жасыл жалауша, ал Болат 3 қызыл және 2 көк жалауша жасады. Азамат пен Болат барлығы неше жалауша жасады?

 

 

 

Суретті пайдаланып , есептерді әр түрлі тәсілдермен шығарту

5+(3+2)=10

(5+3)+2=10

(5+2)+3=10

Оқушыларға теңдіктерді салыстыртып, не байқағандарын сұрап өту.

А) 6+4 және 4+6           70+30 және 30+70

(3+2)+4

-Қосындыларды бір-бірімен салыстыртып өту. Мұнда қосылғыштардың орындары ауысқан, бірақ қосындының мәні өзгермеегенін түсіндіру. Яғни бұл қосудың ауыстырымдылық қасиеті екенін ұғындыру.

Б) 6+(1+3)     (6+3)+1      (6+1)+3          1+(6+3)

-Бұл қосылғыштарды да оқушыларға салыстыртып, не байқағандарын сұрап өту

-Мұнда көршілес қосылғыштар жақшаға алынып, қосынды түрінде жазылған, бірақ қосындының мәні өзгермегендігін көрсетіп, бұл қосудың терімділік қасиеті екенін айтып өту.

  1. Оқулықпен жұмыс : а)Оқулықтағы №3- есепті оқушылар ақыл (итерактив) тақтада орындайды .

— Әсем 6         және 4          қиып алды да, олардың 3-еуін бояды. Ол тағы неше фигура бояуы керек?

Есепті әр түрлі тәсілмен шығар және шешуін түсіндір.

(6+4)-3                     (6-3)+4           (4-3)+6

-Түрлі тәсілмен шығарған оқушыларға смайликтер таратылады.

  1. Дәптермен жұмыс : а ) 11 санының құрамын дәптерге орындау ; б) «Ия не жоқ ?» ойыны , сандарды дұрыс орналастырып қою;

VII. Сергіту

Шаршадым УҺ дедім,

Ренжідім ТУҺ дедім,

Қорықтым ОЙ дедім,

Өкіндім АҺ дедім,

Шарасыз ЕҺ дедім,

Кейідім И дедім,

Біліп ал Е дедім,

Қуанып, ХА-ХА-ХА дедім.

 

VIII.Шығармашылық жұмыс

3 топқа үш түрлі тапсырмалар беріп орындатып өту

1топ

Квадраттың алты қабырғасындағы бос орындарға 2,3,4,7,8,сандарының қосындысы 18-ге тең болатындай етіп орналастыр

 

 

 

Геометриялық фигуралар

2 топ

 

 

шаршы                                                             үшбұрыш

 

 

Көпбұрыш                          Тіктөртбұрыш

                      Кесінді

 

3 топ

Үстелдің 4 бұрышы бар. Бір бұрышын кесіп тастағанда, оның неше бұрышы болады? (5)

 

 

 

Тақтада берілген бағдаршамның көздеріне оқушылар житондар арқылы сабақтан алған әсерлерін жеткізеді. (Рефлексиф)

 

  1. Сандар ханшайымы сабақты бекіту мақсатында «Шар жинау» атты ойын ұйымдастырады. Оқушыларға тақтада ілінген шардағы есептерді жылдам шығарта отырып, жинату.  

Қорытынды : «Санамақ»

Бір-білім ал,

Екі-ерлік көрсет,

Үш- үлгі тұт,

Төрт-тәртіп керек.

Бес- бестік баға ал

Алты-алғыс ал,

Жеті-жеңіс біздікі,

Сегіз- сенім керек,

Тоғыз- тоқу керек,

Он- оқу керек.

Үй тапсырмасы: №6 есеп (сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау,  қызыл смайликтер тарату)

 

Құрметті редакция !

Біз Ы. Алтынсарин атындағы бастауыш  сынып ұжымында бәріміз «Бастауыш сынып »журналына жылда жазыламыз.

Біздің әріптесіміз Торғынның  сабақ үлгісін сол журналдан көріп ,оқысақ сіздерге айтар алғысымыз шексіз .

     Әліпбекова Торғын  – Ы . Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі .

Төменде

2 сыныпта өткізген математика сабағының үлгі

жоспарын ұсынып отырмыз.

Бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі Г.Аубакирова

 

Ұжым мүшелері