Жол апатын болдырмаудың алдын алу!

Сабақтың тақырыбы:   Жол апатын болдырмаудың алдын алу!

Мақсаты:  Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу, көше қатынас ережелерін меңгерту. Жағдаяттар тудыру, сұрақтар қою, жұмбақ, өлең арқылы ойларын дамыту. Жолда жүру ережесін білуге, есте сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілік: Тоқта! Сақтан! Жол ашық! Газет, бағдаршам макеті, транспорт модельдері, жол белгілері.

Жүру барысы:

   1-оқушы: Көшеде жүру тәртібін орындамау көліктің жүріп тұруына кедергі келтіреді, жұмысшылар басқа, оқушылар сабаққа, дәрігерге, басқа да барар жерлерге дер кезінде жетпеуі мүмкін.

1-оқушы: Көшенің екіншібетіне өту үшін, арнайы өткіден өту керек. Ал, қалалық жерлерде аспалы жерлерден, жер асты жолымен өтеді.

2-оқушы: Көшеде келе жатып, қақпадан шығып жатқан машинаны көрсең, сақтанып, күте тұр. Көшеде тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт. Машина есігін ашып қалуы мүмкін.

3-оқушы: Мектепке келе жатқанда өзіңе қауіпсіз болатын жолды таңдай біл. Өткел тар болса, кездескен үлкен кісіге жол бер.

Мұғалім: Жиекжол деген не?

Оқушылар: (бірге) Ол адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол.

Мұғалім: Жаяуға қай жолмен жүруге болмайды?

  Оқушылар: (бірге) Машиналар жүретін үлкен көшемен  жүруге болмайды.

5-оқушы:    Жиекжол бар ғой,

     Жандар үшін жаяу.

Өт бірақ, тар ғой;

Шықпа жолға таяу.

   Мұғалім: Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?

Оқушылар: (бірге) Бағдаршам.

6-оқушы:  Бағдаршам аты,

Көп көзді батыр.

Ток болғанмен заты,

Өзіңде көп ақыл.

7-оқушы:  Бағдаршам — өмірімізді қауіптен сақтандыратын көмекшіміз, оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек.

8-оқушы:  Көреген дәу қырағы

Көшемізде тұрады.

Бағынамыз әрдайым

Ашса кезек үш көзін –

Тоқта! Сақтан! Жол ашық!

Мұғалім: «Бағдаршамның қызыл көзін көрсетеді)

9-оқушы:   Қызыл көзі жанса,

Мейлі көлік жоқта.

Қатып қалған жанша,

Қыбыр етпе тоқта!

Мұғалім:  (Бағдаршамның сары көзін көрсетеді)

  10-оқушы:  Сары көзі жанса,

Мейлі көлік жоқта,

Қатып қалған жанша,

Қыбыр етпе тоқта!

Мұғалім: (Бағдаршамның жасыл көзін көрсетеді)

     11-оқушы:  Жанса көзі жасыл,

Жолың айдай ашық,

Жүре бергін батыл,

Керегі жоқ сасып.

Мұғалім:  Велосипедпен көшеде жүруге бола ма?

Оқушылар:  (бірге) Тек 14 жастан кейін ғана көшеде жүруіне рұқсат етіледі.

Оқушы:  Бес жас емес, он төрт,

Болсаң-дағы кетпе.

Жолға шығып дәндеп,

Велосипед теппе.

Мұғалім: Трамвай, автобус, машина артына жабысуға бола ма?

Оқушылар: Транспорттың артына жабысуға болмайды. Құлап апатқа ұшырауы мүмкін.

 12-оқушы:  Жүріп келе жатқан көліктің алдынан өтіп кетемін деуші болма. Ол тоқтағанша не өтіп кеткенше тоса тұр.

13-оқушы:  Аялдама тұрған автомобиль, автобус, троллейбустың, машинаның арт жағынан айналып өт. Сонда сен оның соңында келе жатқан машинаны дер кезінде көре аласың.

 14-оқушы:  Көшеден өтерде әуелі сол жағына көшенің орта тұсына жеткенде, оң жағыңа көз сал. Егер машина келе жатса, өтіп кеткенше сол орныңда күте тұр.

«Бағдаршам» әні хормен орындалады.