БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАЙ ОТЫРЫП БІЛІМ БЕРУ

47

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАЙ ОТЫРЫП БІЛІМ БЕРУ

Қазіргі кездегі білім беру мекемелерінің  алдында тұрған міндеттердің  бірі  оқушыға терең білім  мен тәрбие  беруде  оның денсаулығын  сақтай отырып, дені сау, қабілетті тұлға қалыптастыру болып отыр.

Мектепте оқушы өзінің 11 жылын өткізеді. Ал мектепке келген оқушының  денсаулығы жақсы, дене бітімінің мықты  болуы шарт. Өйткені мектептегі жетістіктері дене дамуының, денсаулығының мықтылығына тікелей байланысты [1].

Ендеше баланың денсаулығын сақтай отырып, жұмысқа деген ынтасын арттыруда, денсаулық сақтау технологиясының алатын орны ерекше.

Денсаулық сақтай отырып білім беру принципі – оқушының дене және психологиялық денсаулығын дамытып,  нығайтуға жағдай жасайды.

Оны келесі құралдар арқылы жүзеге асыруға болады:

— денсаулықты сақтап оқыту;

— дененің дамуын арттыру;

— санитарлық- гигиеналық ережелер мен нормаларды сақтау;

— салауатты өмір салтын насихаттау және т.б.

Денсаулық сақтау технологиясына негіздеп оқу–тәрбие үрдісін ұйымдастыруды төмендегідей қарастыруға болады:

1) сабақты денсаулық сақтау принципіне сүйене отырып құру;

2) сабақта денсаулық сақтау техологияларын қолдану;

3) қозғалыс қоңырауларын ұйымдастыру.

Денсаулық сақтауға бағытталған сабақ құрылымының мынадай 4 тәртібін анықтауға болады:

  • сабақты дұрыс ұйымдастыру;
  • қабылдау іс-әрекетін қолдану;
  • оқушының жұмыс қаблетінің кеңістігін анықтау;
  • баланың ақыл-ойының жеделдігін бөліп тастау;

1 суретте апта ішіндегі оқушының жұмыс қабілеті көрсетілген.

1 сурет —  Апта ішіндегі оқушының жұмыс қабілеті

Баланың күнделікті сабақ оқуға жұмыс қабілетін төмендегідей сипаттауға болады:

— 1 сабақта — қалыптасады;

— 2,3 сабақта — ынтасы жоғары болады

— 4,5 сабақта — баланың ынтасы төмендейді.

Сондықтан мұғалім сабақ кестесін құрғанда осыған баса назар аудару керек. 2 суретте 1-4 сынып оқушыларының оқу күніндегі жұмыс қабілетті көрсетілген.

2 сурет —  1-4 сынып оқушыларының оқу күніндегі жұмыс қабілетті

 

Баланың сабақ барысындағы білім меңгеруінің жеделдігі келесідей:

— 5-25мин — 80%;

— 25-30мин — 60-40%;

— 35-40мин — 10%.

Бірінші сынып оқушысының ағзасы бірнеше кезеңнен өтеді:

— алғашқы 2-3 аптасы физиологиялық екпінде өтеді. Осыған байланысты қыркүйек айында балалар жаңа талаптарға бейімделе алмай көп ауырып қалады;

— келесі бейімделу кезеңі — тұрақсыз ыңғайлану. Бала ағзасы жаңа жағдайда өзіне жақын нұсқаны табады;

— бұдан кейінгі тұрақты ыңғайлану кезеңі басталады. Бала ағзасы жүктемеге аз күш жұмсайды.

Сабақта әрекет түрлерінің ауысуы (бір сабақта оқушының әрекеті ету нормасы 7-8 түрі болу керек. Мысалы: оқу, жазу, тындау, әңгімелеу, сұрақтар, сұрақтарға жауап, көрнекі құралдарды қарау, есептер шығару және т/б). Бағдарлы нормасы — 7-10 минут. Оқыту түрлерінің саны: ауызша, көрнекілік, аудиовизуалды және т.б. Нормасы – 3-ден аз ауыспау керек. Ауысу нормасы — 10-15 минуттен кем емес [2].

Баланың шаршауын болдырмай, көңіл күйін көтеріп сергітуде, ағзасының қажетті бұлшық еттерінің дамуына сабақ үстінде орындалатын сергіту сәттері үлкен роль аткарады. Сергіту сәттерін сабақтың 15-20 минуты өткеннен кейін тіпті қиын сабақтарда екі рет орындауға тура келеді..

Сергіту жаттығуларын орындауға 1,5 – 3 минут уақыт бөлемін. Кейбір жаттығуларды ән әуенімен орындаймыз. Сонда баланың көніл күйі де көтеріліп, сабаққа деген ынтасы артады. Баланың көңілді болуы оның қан айналымының айналуынада септігін тигізеді, көңілді күйде сабақты жақсы  қабылдайды.

М.ғ.д. В.Ф.Базарныйдың методикасы бойынша 3 суретте көрсетілген ватманға сызылған әр түрлі фигураларға көздерін жүгіртеді [2].

3 сурет —  М.ғ.д. В.Ф.Базарныйдың методикасы

 

«Салауатты жас ұрпақ» бағдарламасының  бастауыш сатыдағы іс-жоспары 1 кестеде көрсетілген.

 

1 кесте«Салауатты жас ұрпақ» бағдарламасының  бастауыш сатыдағы іс-жоспары

Р/с Жұмыс формасы Өткізу уақыты Жауаптылар Нәтиже
1. Сабақ алдындағы таңертеңгілік жаттығулар Әр кезек сабағының алдында Мұғалім, ден. шынық. пән мұғалімі Бала сергиді, көңілі көтеріліді
2. Сабақта ойын элементтерін қолдану Әр сабақта Мұғалім Шаршағаны басылып, ынтасы артады
3. Сабақтағы сергіту сәттері Әр сабақта Мұғалім Бұлшық еттері дамиды, ынтасы артады
4. Дыбыс терапия (артикуляциялық) Тіл сабақтарында Мұғалім Қан айналымы дұрысталып, жүйке жүйесі жақсартылады
5. Әуен терапия Еңбек, ән бейнелеу, сабақтарында Мұғалім Ағза тынығады
6. Витамино терапия Қажетті уақытта Ата-ана көмегімен Ағза дәруменмен толығады
7.

 

Динамикалық үзілістер Сабақ арасында   2-3 рет Мұғалім Көңіл күй көтеріледі
8. Сарымсақ медальондары Тұмау кезінде Мұғалім, ата-ана Ауруға қарсы тұрады
9. Сынып бөлмесін желдетіп отыру Үнемі Мұғалім Ауа тазарады
10. Сынып бөлмесінде гүл отырғызу Үнемі Мұғалім Шаң- тозаң ағзаға түспейді
11. Фитотерапия (фиточай ) Үзіліс кезінде Мұғалім, аспазшы Ағзаға көмек
12. Тегін тамақтану Үнемі Мұғалім, аспазшы Қарны тоқ, көңіл күйі тоқ
13.

 

Тапсырманың баланың жас ерекшелігі ескеріліп, шамадан тыс берілмеуін қадағалау Үнемі

 

Мұғалім

 

Ағзаға салмақ түспейді

 

 

Бала денсаулығын сақтауда сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар

 

2 кестеде бала денсаулығын сақтауда сыныптан тыс жүргізілетін жұмыс түрлері көрсетілген [3].

 

2 кесте — Бала денсаулығын сақтауда сыныптан тыс жүргізілетін жұмыс түрлері

Р/с Жұмыс формасы Өткізу уақыты Жауаптылар Нәтиже
1. Табиғат аясында топ серуен ұйымдастыру Каникул кездерінде, оқу жыл ішінде Ата-ана, медбике, мұғалім Дене шынығады
2. Денсаулық күнін , денсаулық аптасын, спорттық мерекелер Оқу жыл ішінде Дене шынықтыру пән мұғалімі Ағза сауығады
3. Бастауыш сыныпта спорт секцияларын, үйірмелерін ашу Оқу жыл ішінде Дене шынықтыру пән мұғалімі Денсаулығы нығаяды
4. Балаларды жазғы мезгілде сауықтыру лагерлеріне жіберу Каникул кезінде Мұғалім Дем алады
5. Бастауыш сыныпта ақыл-кеңес аларлық денсаулық бұрышын ұйымдастыру Оқу жылы ішінде Мұғалім Ақпараттанады
6. Медбикемен кездесу Оқу жылы ішінде Мұғалім Ақыл-кеңес алады

 

 

Балаға ұзақ уақыт бойы тұрақты ырықты зейінді сақтау қиын, көлемі бойынша бірталай материалды жаттау, т.б. Бастауыш сыныпта оқыту балалардың осы ерекшеліктерін ескереді. Олардың танымдық іс-әрекетінің еркіндігіне қойылатын талаптар, оқу процессінің өзінде оны жетілдіру қалай орындалатынына қарай, бірте-бірте өседі. Егер баланы мектепте алатын білімнің мазмұны тартымды болмаса, сабақта танысқан жаңалық қызықтырмаса, жалпы мектепке, оқуға, оқушы жағдайына, оның құқықтары мен міндеттеріне деген оң көзқарас, тұрақты, табысты оқуды қамтамасыз етуге жеткіліксіз. Мектепте оқу — баладан дайындықты талап ететін қиын еңбек. Өз мінез — құлықын басқару, оны негізгі мектеп ереежелерге бағындыру, өзін қоршағандардың ойымен келісу, кездескен қиындықтарды жеңу — міне, бұл мектептің болашақ бірінші сынып оқушысына қоятын талаптарының кейбіреулері. Осы талаптарды орындау үшін ол ұйымшылдық, өз бетімен жұмыс істей алу, табандылық, тәртіптілік сияқты адамгершілік — еріктік қасиеттерін иемделуі қажет. Барлық ата-аналар баламыз ақылды әрі дені сау, мектепке жақсы дайындалып, жақсы оқыса екен деп тілейді. Баланың ақыл-ойы мен денесінің дамуында тамаша нәтижелерге жету үшін, онымен бірге тер төгуге тура келеді.Ал бұл біріккен еңбек қиындық тудырмас үшін, оны ойын түрінде жүргізген дұрыс. Ойын- балалардың ең сүйікті ісі, жұмысы. Ойында ең қиын нәрселер де жеңілденеді.

Дем ала отырып, оқимыз

Серуенде. Баллармен серуенге шыққанда, жылдың кез келген мезгілінде неғұрлым жиірек табиғаттың әртүрлі құбылыстарын бақвлауға тырысыңыз. Бұны балаға қызықты етіп жасаңыз. Мысалы, даланың, парктың немесе саябақтың күрделі емес картасын жасаңыз. Табуға қажетті объектіні (ұяны, құмырсқаның ұясын, ерекше ағаш, ескірген ағаштың түбірі, т.с.с.) жасырыңыз. Бала өзі картаны оқып, тапсырманы орындап көрсін (қымбат тастары бар ескі қазына, «сандық», т.б.). Өзінің жолын белгілеңіз. Саябақ учаскесінде бала мұндай тапсырмаларды өз бетімен орындай алады. Басқа нұсқа да болуы мүмкін: карта мен учаскенің жоспарын балаңызбен бірге қосылып жасауға да болады. Қыста әртүрлі жануарлардың ізінің орнының картасын жасауға болады. Әртүрлі карталар, схемалар жасау әрі зерттеу, олады оқи білу баланың абстракциялық ойын дамытып, кеңістікте бағдар ұстана білуге үйретеді.

Әртүрлі жыл мезгілдерінде бір объектілерді бақылаңыз, мысалы: ағашты, алаңқайды, бұтаны, құсты. Олар қалай өзгереді? Барлық өзгерістерді альбомда суреттеп отыруды балаңызға ұсыныңыз. Суреттердің көмегімен балаңыз тек қана бақылауды жүргізіп қана қоймай, өз әсерін жеткізе білуі де маңызды. Мысалы, ағаштың «көңіл-күйін» жылдың әр мезгілінде, әр түрлі ауа-райында өзгеруін анықтаңыздар. Ағаш не туралы «ойлайды»? Қалай біз онымен қарым қатынас жасай аламыз? Баланың дамуы үшін, барлық сезім мүшелерін жұмысқа қосу керек.

Әдетте, табиғатпен қарым қатынас жасай отырып, «Қарашы, қандай әдемі!» деген сөздермен шектелмеңіз, Бірақ табиғатты тек қана көзбен қабылдау аз: балаңызға ағаштар мен бұталардың иістерінің айырмашылықтары қандай екенін анықтауын ұсынуға болады. Жылтыр діңгекті немесе бедерлі діңгекті ағашты табу, ағаштың жапырағын көзді жұмып тұрып сипап: «Сен бір жануарды сипап тұрмын деп елестет. Сонда бұл қандай жануар (немесе аң)?» деген сұрақ қоюға болады. Балаңыз өзіне аса бір ұнаған талдың жапырағын таңдап,оның пішінін, ерекшелігін көзбен ғана емес, қолмен ұстап та есте сақтасын. Саусақтарымен жапырақты айнала пішінін сипап оның ұшы үшкір ме әлде доғал ма, шеттері тегіс пе әлде ирек пе, соны анықтасын. Сосын үйде сол жапырақты есіне түсіріп, суретін салсын.Сол суретті келесі жылғы серуенге алып шығып, шынайы объектімен салыстырып, баланың қаншалықты тапсырманы дұрыс орындағанын бағалаңыз.

 

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Жалпы орта білім. Негізгі ереже.Астана — 2010.
  2. Ахаев А.В. Здоровьесберегающие технологии обучения.- Усть-Каменогорск, 2004.
  3. Жексенбаева Ү.Ж. 12 жылдық білім берудің құрылымдық — мазмұндық ерекшеліктері. — 12 жылдық білім. №5 2006.
  4. Дурова Н.В., Новикова В.П. 200 упражнений для подготовки детей к школе. М., 2001.
  5. Забрамная С.Д. Психолого-педагогическая диагностика умственного развития детей. М., 1995.
  6. Зайцев Г.К., Зайцев А.Г. Твое здоровье. Регуляция психики. С.-П., 2000
  7. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. М., 1996.
  8. Руководство практического психолога. Под ред Дубровиной И.В. М., 1998.