Жырлары мөлдір бұлақтай

138

Тәрбие сағаты.  Тақырыбы:       Жырлары мөлдір бұлақтай

Мақсаты:Дарынды талант иесі, ақын,драматург,жерлесіміз Бәкір Тәжібаев туралы түсініктер беру,оның жырларымен, әндерімен таныстыру.Талант иесін қадірлей білуге, елін сүюге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:Ақын туралы буклет,нақыл сөздер,ақынның  «Жыр отауы» көрмесі.

Нақыл сөздер:«Жаңа ғасыр-ең алдымен, мәдениет ғасыры.» Н.Назарбаев «Өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адамды сауатты, мәдениетті деуге болмайды.»М.Әуезов.

Түрі:  ауызша журнал

 

1 -бет.

 

Бәкір-

жерлесіміз

 

 

1 -бет.

 

Бәкір-

лирик ақын

 

3-бет.

 

Бәкір-

сазгер

 

4-бет.

 

Бәкір-

әнші

 

5-бет.

 

Ұлы жеңіске-

60 жыл

 

6-бет.

Ән

шырқа-

йық, бәріміз

 

                           1-бет .Бәкір-жерлесіміз.

Өнер иесі-қаламгер.Адамды қуаныш пен ләззатқа бөлейтін,рухани жағынан байытатын, әсемдік сезімдерін оятатын, өнер туындыларын жасайтын-қаламгер.Өмірді оятатын, өнер туындыларын жасайтын-қаламгер.Өмірді сұлулықпен байытып,адамның эстетикалық қажеттіліктерін ,талғамын қамтамасыз ететін де,жақсыға сүйіндіріп,жаманнан бездіретін де –осы қаламгерлер.

Оқырмандарын осындай ерекше сезімге бөлеп,әдебиеттің дамуына өз үлесін қосқан талантты қаламгер, жерлесіміз Бәкір тәжібаев ағамыз жөнінде айтқанда, көңілімізге «Құйылып өңкей келісім» деген Абай атамыздың тамаша сөздері келеді.Яғни бір адамның бойынан бірнеше қасиеттің табылуы сирек кездесетін құбылыс.Қаламгердің бойындағы талантының мерейін асырып,межелі биіктерге көтеретін өзіндік қасиеті де жетерлік.

Бәкір-өзінің жаратылыс болмысынан ешкімге зияны жоқ жан,өзі өмір сүрген ортаның қадір-қасиетін,оның қаншалықты құндылығын шамасы жеткенше құндақтап өткен адам.

«Ең бірінші бақытым-Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін » деп көрнекті ақын

Мұқағали ағамыз айтқандай, бар ойын, бар еңбегін туған халқына арнап,өзекті ортасынан орын алған жазушы, ақын, сазгер, драматург, әнші Бәкір аға жайлы, оның еңбектері жайлы білмейтін жан жоқ шығар, сірә?!

Бәкір Тәжібаев Ақтөбе облысы,Байғанин ауданы Ақбұлақ /Жарқамыс/ жерінде 1926 жылдың мамыражай күнінде /15 мамыр/ дүниеге келген.Шаруа отбасында туған.Сол жерден мектеп бітіріп, 1941 жылы Темір педагогикалық училищесін аяқтап, түрлң қызметте жұмыс істейді.Еңбек жолын аудандық газетте жауапты хатшы болудан бастаған.бірақ бойындағы таланты оны місе тұтпай 1950 жылдары Алматыдан бір-ақ шығарады.Бұл сәтте көрнекті жазушымыз марқұм Тахауи Ахтанов       «Ауылды аралап жүргенімде осы Бәкір інімізге кездесіп,мұның бойындағы өнерге деген құштарлықтың ұүнарлы қуатын байқапАлматыға алдыртқан өзім едім.Негізі жаман емес.Елдің елеулі,халқының қалаулы ақындарының бірі болды.»-дейтін.Шынында Тахаң сияқты тарланбоздардың көзіне түсу оңай болмаса керек.Содан Бәкір ағамыз Алматы театр-сурет училищесінің жанындағы киноактерлік бөлімін бітіреді.Жолдамамен Жамбыл, Шымкент облыстарының театрында істеп,өзінің бойындағы бұла талантын ұштаған үстіне ұштай түседі.Ел қатарлы ақын боп ел көзіне түсе бастайды.Сол театрларда өзінің бойына біткен қоңыр үнмен ән шырқау, өзі ойнаған рөлдердегі кейіпкерлердің бейнесін ашатын іс-қимылдарына жаттығу жасап,өнердің өресін ашып,сол төңіректен шығармаларына да жол ашып алады.Бұл қасиет ағамыздың 1958-1965 жылдарда абай атындағы опера және балет театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі болып келуімен тұспа-тұс келеді.1965-1970 жылдары қазақ театр қоғамында жұмыс істейді. Осылайша қиыны мен қызығы мол еңбек жылдарында ақынның қаламынан көптеген шығармалар дүниеге келеді. Мысалы:Балбұлақ,Жайлау,Ән-дәурен, Жүріп келем, Дала жолдары т.б. өлең жинақтары жарық көрді.

                                2-бет.  Бәкір-лирик ақын.

      Бәкір шығармаларының дені, Абайша айтқанда, үш сүюге арналған.Жаратқан алла адамды сүйеді,әр адамның алланы сүюі,адамзаттың бәрін сүюі-хақ жолының ісі.«Ана»,«Қазақстан-Гүлстан»,«Туған жер»,«Нан туралы жыр»,«Жүреді менің ойымда»,«Қазақ қызы»,«Замандастар мерейі»,«Өмір туралы толғау»,«Шілдехана сыры» атты өлеңдері ел-жұртына, достарына, қазақ халқына,замандастарына, анасына деген ыстық махаббатынан туған, сезімге толы дүниелер.

/Сөз кезегі жас әдебиетшілерге беріледі./

Ақынның бірнеше өлеңдерін мәнерлеп оқиды.

  1. Ана . Әже.
  2. Дала туралы жыр.
  3. Қазақстан-Гүлстан.
  4. Нан туралы жыр.

5.Туған жер.

Осы шығармаларында адамның әр алуан көңіл-күйін, сүйіспеншілігін,рухани сезімдерін көрсете отырып,өзінің лирик ақын екенін танытады.Ақын ағамыз ,әсіресе, өлеңдерінде туған жерді тебірене жырлайды.Себебі туған жерді сүймейтін адам жоқтың қасы.

Туған жер! Бұл туған үйіңнің табалдырығынан басталады.Содан шексіз, шетсіз қияға өрлеп барады.Оның жұпар атқан жусаны, мөлдір ауасы, балғын балалық шақ, айнала шапқылаған төлдер, балауса гүлдер-бәрі-бәрі тұтас туған ел!

Туған жер, сенде

Көктемнің көркі жайнайды!

Туған жер, сенде

Толықсып толқынойнайды! -деп туған жер мен оның табиғатын ерекше жырлайды.Алтын аймақ Ақтөбе десе, ерекше ыстық сезімге бөленеді.

«Ақтөбе»,  «Жем-Сағыз» өлеңдері оқылады.

                                      3-бет.  Бәкір-сазгер.

Бәкір-халық арасына кең тараған әндердің авторы.Елуден аса ән шығарды.Алдымен халқымыздың үлкен сазгерлерімен бірігіп, «Шалқи бер, далам!»,«Жан еркем»,«Бұлбұл»,  «Дала еркесі» әндерән шығарады.Кейіннен Ақбұлақ, Сағындым Кенен атамды,Жем-Сағыз,Байғанин ауданы жастарының әні, Гүлсің-ау т.б.әндері жарық көреді.

«Ақбұлақ» әнін 7 сынып оқушысы орындап береді.                

4-бет.  Бәкір-әнші.

Бәкір ұлттың бекзат-болмысын бедерлеген,аманатын азабымен қоса арқалаған ақиық ақындығымен қоса, жақсы ән мен тәтті саз шығарған сазгерлік өнерімен қоса,өзі қосыла орындайтын жыршы-әнші.Ол өзінің бойына біткен дарынымен түрлі аспаптарда ойнап, өзі шығарған әндерінің бірсыпырасын қоңыр үнімен ін шырқап,өнердің өресін аша түседі.                             

5-бет.Ұлы Жеңіске 60 жыл!

Ж.Сарманұлының  «Жеңіс» өлеңі оқылады.

Әрбір отбасына ,барша адамзатқа ауыр қайғы-қасірет әкелген , тарихтағы ең бір қырғын соғыстың Ұлы Жеңіспен аяқталғанына 60 жыл толғалы отыр.Елін жаудан азат етіп,Отан үшін ерлік көрсеткен қаншама батырларымыз жас жанын қиып,өмір бақилық боп кетті?! Сондай батырларымыздың бірі — Әлия. Әлия ерлігі барлық ұрпаққа үлгі-өнеге.   /Әлия туралы мәнерлеп өлеңдер оқылды./

Әлия -өшпес өнеге. Оны ән әлеміне мәңгілеп, өшпейтін із қалдырған-Бәкір ағамыз.Ол «Әлия-  батыр қызы ,сен, халқымның» атты өлеңін шығарды.Бүгінде әнші Р.Рымбаеваның орындауында айтылып жүр.   /Ән тыңдалады./

                             6-бет.Ән шырқайық, бәріміз!

                      «Байғанин ауданы жастарының әні»

«Туған жер» әндері