Табиғат құбылыстары

1506

Сабақтың тақырыбы:  Табиғат құбылыстары.

Сабақтың мақсаты:  1. Білімділік:

Оқушылардың дене,зат туралы алған білімдерін тиянақтау,

әрі жетілдіру. Табиғат құбылыстары жөнінде мағлұматтар

беру, түсіндіру.

  1. Дамытушылық:

Өз ойларын тиянақтап айтуға дағдыландыру, танымдық

белсенділіктерін арттыру, шығармашылық жұмыс жасауға,

ізденуге үйрету;

  1. Тәрбиелік:

Қоршаған ортаны аялауға баулу. Сезімталдыққа,

адамгершілікке тәрбиелеу.

 

   Сабақтың түрі:  Кіріктірілген сабақ.

 

   Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ой қозғау, 5 жол өлең, венн диаграммасы,

топтастыру, баяндау.

 

   Көрнекілігі: суреттер ( табиғат құбылыстары ), сызбалар, үлестірмелі

қағаздар, денелер, заттар ( алма, шеге, қалам ), үнтаспа, теледидар.

 

   Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиеттік оқу, музыка, бейнелеу.

 

Сабақтың барысы:  

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын байқау. Психологиялық дайындық. Класты түгендеу.

Табиғат — біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Табиғатты қорғайтын,

Біз әдепті баламыз.

Жер байлығы көп екен,

Меңгеруді қалайды.

Осының бәрін меңгертер,

Дүниетану сабағы.

( топқа бөлу )

 

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

      1 топқа ( күн бейнесі ).

  1. Дене деген не?
  2. Дене нешеге бөлінеді?
  3. Табиғи денені атап шық.

2 — топқа ( бұлт бейнесі ).

  1. Жасанды денені ата.
  2. Табиғи дене нешеге бөлінеді?
  3. Тірі денелерді атап шық.

3 — топқа ( жаңбыр бейнесі ).

  1. Өлі денелерді ата.
  2. Зат қасиеттерін атап шық.
  3. Дене неден тұрады?

( әр сұраққа жауап ауызша алынады ).

Тақтаға « дене », « зат », сөздері ілініп, ойлары тұжырымдалады.

Алма, бұрыш, жаңғақ, шеге, қаламдарды көрсету арқылы үй тапсырмасын бекіту.

 

III. Жаңа сабақ. Ой қозғау.

а) Оқушылардан жыл мезгілдеріндегі ерекшеліктер туралы сұрау.

Көктемде қар ериді, су ағады, су тасиды.

Жазда күн ысиды, жел соғады.

Күзде күн бұлттанып, жаңбыр жауады.

Қыста қар жауады, боран болады.

Ойларын жинақтау.

Олай болса бүгін біз осы табиғаттағы өзгерістер жөнінде танысамыз.

Табиғат құбылыстары жөнінде мәліметтер беру. ( теледидардан көрсету арқылы түсіндіру ).

ә) Денелер мен заттар үнемі өзгеріске ұшырайды. Ағаш өседі, құлайды, шіриді. Жан-жануарларда өседі, көбейеді, өледі.

Ертеңілік күн шығып, жарық болады, кешке күн батады, қараңғылық болады. Аспандщы бұлт торлайды, жаңбыр жауады, найзағай ойнап, күн күркірейді. Жел соғады, қар ериді, су тасиды.

Табиғаттағы өзгерістердің барлығы табиғат құбылыстары деп аталады.

Жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуы жел деп аталады.

Жер бетінен ауа  жоғары көтеріліп, салқындап, мұз түйіршіктеріне айналып, олар шоғырланып бұлт құрайды.

Бұлтты құрайтын ұсақ тамшылар бірігіп жерге жаңбыр болып жауады. Қыста биіктегі су тамшылары қатып, мұз түйіршігін түзеді. Олар жабысып қарға айналады.

Жер үстіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуы кезінде су тамшылары бір-біріне үйкеліп, электрленеді. Оң және теріс зарядтар бір бұлт пен екінші бұлт арасында және бұлт пен жер арасында таралады. Жер бетінде электр ағыны пайда болады. Ол бізге найзағай түрінде көрінеді.

  

  1. Дәптермен жұмыс.

  Сабақ тақырыбын жазу.

Жел, бұлт, жаңбыр, қар, найзағай сөздерін дәптеріңе жазу.

 

  1. Сергіту сәті.

         Жаңбыр жауды — тырс²,

Боран соқты — гу²,

Жел тұрды — ыли²,

Найзағай ойнайды — тарс-тұрс.

 

  1. Шығармашылық жұмыстар.
  2. Әр топ өздеріне берілген жыл мезгілдеріне сәйкес табиғат құбылыстарын жазу.

1-топ  « Күз »

2-топ  « Қыс »

3-топ  « Көктем »

  1. Әр топқа 1 құбылысты атау. Сол құбылыс суретін салу, әңгімелеу, 5 жол өлең.

1-топ  жаңбыр

2-топ боран

3-топ бұлт

  1. Венн диаграммасы.

1-топ жаңбыр-боран

2-топ найзағай-қар

3-топ күн-түн

 

VII. Жұмбақтар жасыру.

  1. Төгіліп жерге ақ моншақ,

Ғайып болды сол шақта-ақ.

( бұршақ )

  1. Көзге көрінбейді,

Қолға ілінбейді.

( жел )

  1. Әуеден күбі түсті,

Күбінің түбі түсті.

( найзағай )

  1. Ақ сандығым ашылды,

Ішінен жібек шашылды.

( күн )

  1. Қанаты жоқ, ұшады,

Аяғы жоқ, желеді,

Ауызы жоқ, ұлиды.

  1. Арыстан ақырады,

Орман жаңғырады.

( найзағай )

  

   VIII. Сабақты қорыту.

Логикалық тапсырма.

( топтастыру )

 

 

 

Бүгінгі танысқан табиғат құбылыстарын атау.

Шыққан бейнені атау.

Аспанымыз ашық, бұлт шалмасын.

Күн сәулесі нұрын шашып тұрсын-дей келе оқушылар « Жау-жау, жаңбыр » әнін орындайды.

 

  1. Бағалау.

       Әр топтағы балалардың еңбегін бағалау.

( күн, бұлт, тамшыларды санау ).

 

   X . Үйге тапсырма.

Мәтінді оқу. « Табиғатты аяла » эссе жазу.

 

  1. Сабақты аяқтау