10 санының құрамы

136

Сабақтың тақырыбы: 10 санының құрамы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды 10 санының құрамымен таныстыру.
білімділік: 10-ды қандай сандардың қосындысы түрінде жазуға болатынын, сәйкес теңдіктерді жазуды, оқуды, қосындыға кері амал жазып, айырма құрастыруға, сандарды салыстыруға үйрету.
дамытушылық: Оқушылардың оқу танымдық және ойын іс — әрекетін қатыстыру арқылы пәнге деген қызығушылығын, белсенділіктерін, ой — өрісін дамыту. Ойлау қабілеттерін дамыта отырып, ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру.
тәрбиелік: Оқушыларды еңбекшілдікке, ұқыптылыққа, шапшаң ойлап есептей білуге дағдыландыра отырып, нәтижеге жете білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, ойландыру, ойын,ертегі кейіпкерлерінің суреттері
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, кеспе қағаздар

Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру.
Психологиялық дайындық.
Бүгін балалар біздер ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. Барғыларың келе ме? Ендеше сиқырлы ұшатын кілемшеге отырып, ғажайып та қызықты, сиқыры көп елге барамыз. Ыңғайланып отырып, көздерімізді жұмамыз. Ұштық! (Жай әуен ойнатылады).
Көздерімізді жұмып елестетейік: жоғарыда нұрын шашқан, жарқыраған күн. Астыда сарқыраған өзен, көлдер, жаймен соғып тұрған самал желді сезіп тұрсыңдар ма?
Ал енді көзімізді ашайық. Міне ертегілер еліне де жеттік.

Өткен сабақты еске түсіре отырып, жаңа сабаққа дайындық жасау. 
Қараңдаршы балалар мынау «Мақта қыз бен мысық» ертегісіндегі мысық емес пе? Мысығымыздың құйрығын Мақта қыз қайта кесіп алса керек. Оның құйрығын қайтып алуы үшін Мақта қыз мынадай тапсырма беріпті, бірақ бұл тапсырма ертегінің бірінші нұсқасынан өзгеше. Мақта қыз мысыққа үй тапсырмасын орындамағаны үшін ренжіген екен. Олай болса барлығымыз мысыққа көмектесемізба?

а) Өрнектің мәнін тап

2 мен 7 нің қосындысысы нешеге тең? 9

6 мен 2 нің қосындысы қанша болады екен? 8

8 азайғыш, ал 5 азайтқыш болса айырманың мәні неге тең? 3

4 қосылғыш пен 3 қосылғыштың мәні ше?  7

ә) «Өз үйіне орналастыр»» ойыны

5,6,7,8,9 сандарының құрамын толтыру

Көркем жазу минуты
Қолға қалам аламыз,
Әдемі етіп жазамыз 10 (дәптерге орындау).

 

— Жарайсыңдар балалар! Біз мысығымыздың құйрығын өзіне қайтарып бердік. Мысығымыз бізге риза болды.Ары қарай саяхатымызды жалғастырамыз

Ертегілер елінен тағы кімдерді кездестіреді екенбіз? Балалар мына кейіпкерлерді таныдықпа?Бұл қай ертегінің кейіпкерлері екен?

 

 

 

 

 

 

«Бауырсақ» ертегісі, ал осы бауырсақ ертегісіндегі бауырсақтың қызыққа толы сапарында алдарынан бірнеше аңдар шыққан болатын. Бауырсақ осы аңдардың тапсырмаларын орындаса ғана, сапарын әрмен қарай жалғастыра алады екен .Қане барлығымыз бірігіп бауырсаққа көмектесемізба?
— Балалар, өткен сабақта 10 санымен және цифрымен танысқан болатынбыз. Енді бүгінгі сабағымызда осы 10 санының құрамымен яғни 10 саны қандай сандардың қосындысы екенін білетін боламыз.

1 тапсырма. 10 санының құрамымен танысу (Жеке жұмыс)

а) Суретті пайдалана отырып, сан құрамын толықтыру.
9+1 = 10
8+2 = 10
7+3 = 10

6+4=10

5+5=10
Оқулықпен жұмыс

2 тапсырма

3есеп 75 бет . Салыстыр: (Фронтальды жұмыс)

0*10           10см*8см            7*10           1см*1дм

10*10                  1дм*10см            10*9           1см*10см

3 тапсырма

Біреуі 10 см, ал екіншісі 9 см болатын кесінді сыз. Салыстыр қайсысы артық
8 – слайд
10см > 9 см

4– тапсырма орындау үшін геометриялық фигураларды еске түсіру.

Сәйкестендір
Төртбұрыш
Бұрыш
Кесінді
Үшбұрыш
Сәуле
Сергіту сәті
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Алақанды ашамыз,
Беске бесті қосамыз.
Кел, санайық, ал мұны
Нешеу болды барлығы?
Сандар қатарын еске түсіру үшін тура және кері санау.

Тамаша! Бауырсақ етрегісінің кейіпкерлері берген сыннан сүрінбей өттіңдер!Әрмен қарай жалғастырамыз.
Шалқан етегісіндегі атай шалқанды жерден тартып шығара алмай жатқан сияқты. Әже атайға көмекке барады. Әже атадан, ата шалқаннан тартады, тартады жұла алмайды. Әже немересін шақырады. Ал немересі сабағын оқып, есептерін шығара алмай отыр екен. Көмектесейік.

«Қай сандар жетіспейді?» ойыны
Ойын шарты: Мұғалім екі санды айтады, оқушы олардың арасындағы санды атауы тиіс.
«1, 3», «2, 4», «3, 5», «4, 6», «5, 7»
Жарайсыңдар балалар, Машаның есептерін тамаша шештіңдер. Немересі әжесінен, әжесі атасынан, атасы шалқаннан тартады, тартады, жұла алмайды. Немересі көмекке күшігін шақырады. Күшігі болса аулада доп ойнап жүр. Күшікпен бірге доп ойнайық.1 ден 10 ға дейін тура және кері санау

Күшігі немересінен, немересі әжесінен, әжесі атасынан, атасы шалқаннан тартады, тартады жұла алмайды. Күшігі мысығын шақырады. Ал мысықтың балалары тентек болып, оның моншақтарын үзіп, шашып тастаған екен. Мысықтың үзілген моншақтарын жинауға көмектесейік.(балалар тапсырманы орындайды).

Оқулықтағы 4 есеті  интерактивті тақтада орындалады.
4 есеп.Өрнектерді салыстыру

10-1*3+4             10-3*6+1             10-5*3+1

8+2*4+2              6+4*10-2             10-8*7-5
Мысығы күшіктен, күшігі немересінен, немересі әжесінен, әжесі атасынан, атасы шалқаннан тартады, тартады жұла алмайды. Мысығы тышқанды шақырады. Тышқан болса, ол жай тышқан емес, ақылды тышқан екен. Ол карталармен ойнап отыр, жай емес математикалық карталар екен.

4 – тапсырманы кеспе қағаз тарату арқылы орындату.
0 * 10
10см * 5см
3 * 7
2см * 7см
10 * 10
7см * 7см
7 * 10
10см * 4см

Тышқан көмекке барады. Тышқан мысықтан, мысық күшіктен, күшік немересінен, немересі әжесінен, әжесі атасынан, атасы шалқаннан тартады, тартады шалқанды жұлып алады! Алақай!

Анау жерде тау мен тасты жарып Толағай келеді. Оның жолында шытырман тапсырмалар аяғына оратылып бөгет болып жатыр. Қане тездетіп Толағайға көмектесейік:  Шығармашылық тапсырманы орындау.
Сабақты бекіту 10 – слайд
«Кім жылдам?» ойыны
Ойын арқылы 10 санының құрамын табу.
1. Санын білмей сәбіздің,
Қоян әбден тосылды.
Көмектесіп жіберші,
Құтқарып сен досыңды.
Оң қолында алты сәбіз,
Сол қолында төрт сәбіз.
2. Айболда бес өрік,
Нұрболда бес өрік.
Барлығын қосқанда,
Болады неше өрік?
3. Маратта жеті алма,
Саматта үш алма.
Санашы, санашы
Барлығы неше алма?
Сабаққа қатысуына қарай оқушыларды мадақтау.

Қорытынды:

Оқушыларды 10 санының құрамымен танысты.  10-ды қандай сандардың қосындысы түрінде жазуға болатынын, сәйкес теңдіктерді жазуды, оқуды, қосындыға кері амал жазып, айырма құрастыруға, сандарды салыстыруға үйренді. Оқушылардың оқу танымдық және ойын іс — әрекетін қатыстыра отырып пәнге деген қызығушылығы, белсенділіктері, ой — өрісі дамыды. Ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын жетілді.
 

 

 

Сабақтың тақырыбы: 5 санын қосу және азайту
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды 5 санын қоып және азайту ережесімен таныстыру.
Білімділік: 5 санын қосу және азайту тәсілдерімен қосудың және азайтудың кестелік жағдайларын, екі амалдан тұратын есептеулермен таныстыру
Дамытушылық: Оқушылардың ізденуін, ойлауын оқығанын іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру. Ойын есептер арқылы оқушылардың логикалық ой — өрісін ойлау қабілеттерін дамыту. Математикаға қызығушылығын арттыру. Ойлау қабілеттерін дамыта отырып, ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекшілдікке, ұқыптылыққа, шапшаң ойлап есептей білуге дағдыландыра отырып, нәтижеге жете білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, ойландыру, ойын,ертегі кейіпкерлерінің суреттері
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, кеспе қағаздар

Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру.
Психологиялық дайындық.
Бүгін балалар біздер ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. Барғыларың келе ме? Ендеше сиқырлы ұшатын кілемшеге отырып, ғажайып та қызықты, сиқыры көп елге барамыз. Ыңғайланып отырып, көздерімізді жұмамыз. Ұштық! (Жай әуен ойнатылады).
Көздерімізді жұмып елестетейік: жоғарыда нұрын шашқан, жарқыраған күн. Астыда сарқыраған өзен, көлдер, жаймен соғып тұрған самал желді сезіп тұрсыңдар ма?
Ал енді көзімізді ашайық. Міне ертегілер еліне де жеттік.

Өткен сабақты еске түсіре отырып, жаңа сабаққа дайындық жасау. 
Қараңдаршы балалар мынау «Мақта қыз бен мысық» ертегісіндегі мысық емес пе? Мысығымыздың құйрығын Мақта қыз қайта кесіп алса керек. Оның құйрығын қайтып алуы үшін Мақта қыз мынадай тапсырма беріпті, бірақ бұл тапсырма ертегінің бірінші нұсқасынан өзгеше. Мақта қыз мысыққа үй тапсырмасын орындамағаны үшін ренжіген екен. Олай болса барлығымыз мысыққа көмектесемізба?

а) Өрнектің мәнін тап

10-1                     9-3                       8-5

7+2                      6+4                      7+1

5-4                       4+4                      6-3

ә) «Өз үйіне орналастыр»» ойыны

5,6,7,8,9 сандарының құрамын толтыру

Көркем жазу минуты
Қолға қалам аламыз,
Әдемі етіп жазамыз 5 (дәптерге орындау).

 

— Жарайсыңдар балалар! Біз мысығымыздың құйрығын өзіне қайтарып бердік. Мысығымыз бізге риза болды.Ары қарай саяхатымызды жалғастырамыз

Ертегілер елінен тағы кімдерді кездестіреді екенбіз? Балалар мына кейіпкерлерді таныдықпа?Бұл қай ертегінің кейіпкерлері екен?

 

 

 

 

 

 

 

«Бауырсақ» ертегісі, ал осы бауырсақ ертегісіндегі бауырсақтың қызыққа толы сапарында алдарынан бірнеше аңдар шыққан болатын. Бауырсақ осы аңдардың тапсырмаларын орындаса ғана, сапарын әрмен қарай жалғастыра алады екен .Қане барлығымыз бірігіп бауырсаққа көмектесемізба?
— Балалар, өткен сабақта 4 санын қосу және азайту үшін қандай амалдарды орындайтынымыз туралы өткен болатынбыз.  Ал бүгінгі сабақта 5 санын қосу және азайту үшін қандай амалдарды орындайтынымызды үйренеміз.  Оқушылар мен жаңа сабақты мына санамақ жолдарымен бастағым келіп тұр. Осы санамақ арқылы бүгінгі өтетін сабағымызды анықтап алайық.
Бас бармағым — әкем
Балан үйрек — анам
Ортан терек — ағам
Шылдыр шүмек — әпкем
Кішкене бөбек — сен
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз
Сұрақ – жауап әдісі
Сендер бәрін 5 санын білесіңдер ме?
Енді балалар мен сендерге мынандай жұмбақ жасырайын.

Атамда менің 5 алма
Апамда менің 5 алма
Бәрін қосып санасақ
Болады сонда қанша алма (10)

Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтап алдық, сабағымыздың тақырыбы 5 санын қосу және азайту.

Қоянның тапсырмасы

(Жеке жұмыс)

а) Суретті пайдалана отырып, сан құрамын толықтыру.
9+1 = 10
8+2 = 10
7+3 = 10

6+4=10

5+5=10
Оқулықпен жұмыс

Қасқырдың тапсырмасы

2 тапсырма

3есеп  126 бет . 0,,,,5,,,,10 (Фронтальды жұмыс)

Қасқырдың тапсырмасы

3 тапсырма

Жасыл және көк кесінділердің ұзындықтарының айырмасын қызыл кесіндінің ұзындығымен салыстыр

Түлкінің тапсырмасы

4– тапсырма орындау үшін геометриялық фигураларды еске түсіру.

Сәйкестендір
Төртбұрыш
Бұрыш
Кесінді
Үшбұрыш
Сәуле
Сергіту сәті
Тамаша! Бауырсақ етрегісінің кейіпкерлері берген сыннан сүрінбей өттіңдер!Әрмен қарай жалғастырамыз.
Шалқан етегісіндегі атай шалқанды жерден тартып шығара алмай жатқан сияқты. Әже атайға көмекке барады. Әже атадан, ата шалқаннан тартады, тартады жұла алмайды. Әже немересін шақырады. Ал немересі сабағын оқып, есептерін шығара алмай отыр екен. Көмектесейік.

5 есеп 126 бет

Айда 9 оюдың суретін салды. Олардың 5 бояды. Ол тағы неше оюды бояуы керек.

Шарты 9 ,5

Сұрағы: неше ою бояу керек?

Шешуі: 9-5=4

Жауабы: 4 ою бояуы керек

Жарайсыңдар балалар, Машаның есептерін тамаша шештіңдер. Немересі әжесінен, әжесі атасынан, атасы шалқаннан тартады, тартады, жұла алмайды. Немересі көмекке күшігін шақырады. Күшігі болса аулада доп ойнап жүр. Күшікпен бірге доп ойнайық.1 ден 10 ға дейін тура және кері санау

Күшігі немересінен, немересі әжесінен, әжесі атасынан, атасы шалқаннан тартады, тартады жұла алмайды. Күшігі мысығын шақырады. Ал мысықтың балалары тентек болып, оның моншақтарын үзіп, шашып тастаған екен. Мысықтың үзілген моншақтарын жинауға көмектесейік.(балалар тапсырманы орындайды).

«Қай сандар жетіспейді?» ойыны
Ойын шарты: Мұғалім екі санды айтады, оқушы олардың арасындағы санды атауы тиіс.
«1, 3», «2, 4», «3, 5», «4, 6», «5, 7»
Мысығы күшіктен, күшігі немересінен, немересі әжесінен, әжесі атасынан, атасы шалқаннан тартады, тартады жұла алмайды. Мысығы тышқанды шақырады. Тышқан болса, ол жай тышқан емес, өте еңбекқор тышқан екен ол бақшада өсіп тұрған құлпынайларды теріп жүр екен. Қане барлығымыз тышқанға көмектесіп жіберейік. .

4 – тапсырманы кеспе қағаз тарату арқылы орындату.
7                  5               9

4+3-2                     2+4+3                  10-4+1               7+3-5

7-4+6                8+2-1                     9-8+6

 

Тышқан көмекке барады. Тышқан мысықтан, мысық күшіктен, күшік немересінен, немересі әжесінен, әжесі атасынан, атасы шалқаннан тартады, тартады шалқанды жұлып алады! Алақай!

Анау жерде тау мен тасты жарып Толағай келеді. Оның жолында шытырман тапсырмалар аяғына оратылып бөгет болып жатыр. Қане тездетіп Толағайға көмектесейік:  Шығармашылық тапсырманы орындау.
Сабақты бекіту 10 – слайд
Асқар Талғат және Дәулет бір сыныпта оқиды. Олардың біріншісінің әкесі – дәрігер, екіншісінікі – мүғалім, үшіншісінікі- ұшқыш. Асқардың әкесі ұшқыш емес Талғаттың әкесі мұғалім де дәрігерде емес. Дәулеттің әкесі дәрігер емес. Кімнің әкесі қандай қызмет істейді?

Қорытынды:

Оқушылар  5 санын қосу және азайту тәсілдерімен қосудың және азайтудың кестелік жағдайларын, екі амалдан тұратын есептеулермен танысты.Оқушылардың  ойлауын оқығанын іс жүзінде қолдана білуге дағдыланды. Ойын есептер арқылы оқушылардың логикалық ой — өрісін ойлау қабілеттері пәнге деген  қызығушылығы артты.Ауызша, жазбаша есептеу дағдылары жетілдіру жұмыстары жүргізілді.