Табиғаттағы жыл мезгілдері. Күз мезгілі

945

Cабақтың тақырыбы: Табиғаттағы жыл мезгілдері. Күз мезгілі

Сабақтың мақсаты:  Оқушылардың жыл мезгілдері туралы түсініктерін кеңейту,  күзгі  табиғаттың  өзгеретіні  туралы  түсініктерін  қалыптастыруға  жағдай  жасау. Табиғатқа  қамқорлықпен қарау  қатынастарын  тәрбиелеу.Табиғат  құбылыстары  мен  заттар  арасындағы  байланысты  түсінуге  мүмкіндік  туғызып, қоршаған  дененің  біртұтастығы  туралы  түсініктерін  дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың типі:интербелсенді сабақ

Сабақтың әдісі: кейс әдісі

Сабақтың  көрнекілігі: жыл  мезгілі  суреттері, слайдтар, интерактивті тақта

Сабақтың  барысы:

І.Ұйымдастыру  бөлімі.

Оқушылар  назарын  сабаққа  аудару.

Психологиялық дайындык

Бейнеролик көрсету. Жыл мезгілдері тақырыбында

ІІ.Өткенді  қайталау. Ой қозғау.

— Айналада неше тұс бар?

-Олар қалай аталады?

— Ауа райын шартты белгілермен тақтаға жазып көрсет:  аспан ашық,  +4º,   *

Көкжиек  туралы  түсініктерін  сұрап, білімдерін  тексеру.

Тест сұрақтары.

  1. Айналадағы дүниеде неше тұс бар?

а) 2            ә)  3            б)  4               в)  5

  1. Термометр түтікшесінің ішінде не бар?

а) су           ә)    сынап         б)  сұйық зат          в)  дәрі

  1. Табиғаттың тірі денелерін белгіле.

а) тас         ә) жел            б)  кітап           в) жануар

Жылылықты көрсететін санның алдына қандай таңба қойылады?

а) +                 ә) 0              б) —                в) *

ІІІ. Қызығушылықты ояту.

Жұмбақ шешейік.

  1. Бұлтты айдап желдеткен,
    Нөсерлетіп селдеткен.

Жаңбырлатып ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың?                  (Көктем)

  1. Қойның толы жеміске,

Көк майсалы еңісте.

Көбелек қуып ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың?              (Жаз)

  1. Шанамен зырғып желдетіп,

Шаңғы, коньки тебетін.

Аққала жасап ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың?          (Қыс)

  1. Жиын-терін болатын,

Қамбаға астық толатын.

«Қызыл қырман» ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?                   (Күз)

Мағынаны тану.

Жыл мезгілдерін ата: қыс, көктем, жаз, күз…

Табиғат және бақылау күнделігімен жұмыс.     , +   º, —   º

— Ал енді, балалар жаңа сабақты бастамас бұрын сыныбмызды мындай төрт топқа бөлгім келіп отыр.Бірінші топқа күз мезгілінде дүниеге келген балалар, екінші топқа қыс мезгілінде, үшінші топқа көктем уақытында және төртінші топқа жаз мезгілінде дүниеге келген оқушылар бөлініп отырады.

— Қазір жылдың қай мезгілі?

— Күз

Енді балалар, тобымызға бөліндік, енді осы әрбір топқа тапсырмалар беремін, сол тапсырмаларды жақсы етип орындайық.

1 кейс

Әр топ өздерінің жыл мезгілдерінің ай аттарын атауы тиіс(Ауызша)

1топ. Қыркүйек, қазан , қараша

2 топ. Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

3 топ. Наурыз, сәуір, мамыр.

4 топ.Маусым, шілде, тамыз

2 кейс

Оқушылардың  күзгі  ауа  райы  туралы  түсініктерін  байқау.

(Суреттерін қорғау)

Үнтаспадан А. Құнанбаевтың  «Күз» өлеңін тыңдау

1 топ. Күз мезгілінің өзіне тән белгілерін әңгімеле.

2 топ. Адамдар тіршілігіндегі өзгерістерді әңгімеле.

3 топ. — Жануарлар тіршілігіндегі өзгерістерді әңгімеле.

4 топ. Өсімдіктер тіршілігіндегі өзгерістерді әңгімеле.

3 кейс

Шығармашылық тапсырма

1 топ. Күз айларындағы мерекелер1 қыркүйек- Білім күні, 22 қыркүйек – Тілдер мерекесі, ұстаздар мерекесі, қарттар күні т.б.

2 топ. Күз туралы тақпақтар. «Күз» А.Байтұрсыновтың өлеңіне  талдау.

3 топ. Күз туралы эссе жазу

4 топ.  Күз туралы мақал мәтелдер

Еңбек етсең ……………. (емерсің)

Еңбек етсең ерінбей , ………………………….(Тояды қарын тіленбей )

Еңбектің наны тәтті , ……………………………(Жалқаудың жаны тәтті )

 

Сергіту  сәті

Құстар қайтты ән салып,

Бұлт шарлады аспанды.

Қыс келеді жар салып,

Күзгі суық басталды.

 

3.Сөздікпен  жұмыс: күзгі  жапырақ, суытты, жауын.

А) оқу,  оқыту.

Ә) сөйлем  құрату.

 

4.Дәптермен  жұмыс.

Жұмбақ  шешу, жаздырту. Шешуін  дәлелдеу.

5 жолды өлең.

  1. Күз.
  2. Берекелі, жемісті.
  3. Өсті, сарғайды, келді.
  4. Күз – береке, байлықтың бастауы.
  5. Жыл мезгілі.

ІV.Қорытынды.

Мадақтау.

Күз  туралы  ұғымдары  тұжырымдалады.

Қорытынды:

Оқушылардың жыл мезгілдері туралы,  күзгі  табиғаттың  өзгеретіні  туралы  түсініктері қалыптасты.  Табиғат  құбылыстары  мен  заттар  арасындағы  байланысты   түсініп, қоршаған  дененің  біртұтастығы  туралы  ақпарат алды. Топтық жұмыс жасай отырып, ұжыммен жұмыс жасау дағдылары мен достыққа үйренді. Өз ойын ортада ашық, еркін айту қабілеті дамыды.