Су – еріткіш (тәжірибелік жұмыс)

95

Сабақтың тақырыбы: Су – еріткіш (тәжірибелік жұмыс)

Сабақтың мақсаты: 1.Судың еріткіш қасиетін тәжірибелер арқылы түсіндіру. Қандай

заттардың  суда еріп, қандай заттардың суда ерімейтіні туралы

мағлұмат беру.

2.Судың адам үшін маңызын, сусыз тіршілік жоқ екенін дәлелдеу

және оқушылардың байқағыштық танымдық қабілетін дамыту.

3.Суды ластамау, суды үнемді пайдалануға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: Тәжірибелік сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, баяндау, түсіндірмелі, топтастыру, тест.

Сабақтың көрнекілігі: Су, тұз, қант, құм, саз, крахмал, ас содасы, бор, плакат, тірек

сызбалар, суреттер, калий перманганаты.

Сабақ барысы:I.Психологиялық дайындық.

Қайырлы күн деп айтамыз,

Түсте бірге қайтамыз.

Отбасының гүліміз,

Бірге өтер күніміз.

Сыныбыз тап – таза,

Бор да дайын тақта да,

Ойымызды партаға.

  1. Үй тапсырмасын сұрау.

Судың қасиетін айту.

1-топ. Судың пішіні

2-топ. Судың түссіздігі

3-топ. Судың мөлдірлігі

4-топ. Судың дәмі

5-топ. Судың иіссіздігі

6-топ. Судың ағуы.

 

Сызба арқылы үй тапсырмасын қортындылау.

мөлдір

ағады

Су                       түсі жоқ

иісі жоқ

пішіні жоқ

дәмі жоқ

 

III.Жаңа сабақ

Су жер бетінде көп кездеседі. Сусыз тіршілік жоқ. Жер бетінің 2/3 бөлігін су алып жатыр. Су табиғатта көп. Олар: өзен, көл, мұхит, теңізде бар. Су табиғатта өте жақсы еріткіш. Біздің қаламызда қандай өзен, көлдеркездеседі? Жем өзені, Құрсай өзені, Қамыскөл көлі. Ендеше біз бүгін суда қандай заттардың еритіні туралы білеміз.оқулықтағы мәтінді оқу.

                                                          1 – тәжірибе.

1-топ. Суға қант салып араластырайық. Қант еріп кетті. Су мөлдір күйінде қалды. Судың дәмі тәтті болды. Қант суда жақсы ериді.

2 – тәжірибе.

2-топ. Суға тұз салып араластыру.Суға бір қасық тұз салып араластыру. Тұз суда еріп кетті. Су мөлдір күйінде қалды. Судың дәмі ащы болды. Тұз суда жақсы ериді.

3 – тәжірибе.

3 – топ. Стақандағы суға құм салып араластыру. Құм қиыршықтары сол қалпында стақан түбіне шөгеді. Құм суда ерімейді.

4 – тәжірибе.

4-топ. Стақандағы суға саз салып араластыру. Су лайланады. Суды біраз тұндырсаң, саз түбіне шөгеді. Саз суда ерімейді.

  1. Бақылау күнделігімен жұмыс.

Жасаған тәжірибе бойынша суда еритін, ерімейтін заттарды жазу.

Не аламыз? Нені бақылаймыз?
Қант Суда жақсы ериді
Тұз Суда жақсы ериді
Құм Құм суда ерімейді
Саз Саз  суда ерімейді

Қорытынды: суда еритін де, ерімейтін де заттар бар.

  1. Логикалық тапсырмалар.

Жүк артқан екі түйе жолға шықты.  Біреуіне тұз, екіншісіне мақта артылған болатын. Алдарынан өзен ағып жатыр. Тұз артқан түйе өзеннен жеңіл өтті де, мақта артқан түйе ауыр өтті. Неге? Қандай жағдай болды?

Оқушылардың жауабын тыңдау.

Сонда суда барлық затар ери ме? Тағы да тәжірибе жасап көрелік.Әр топтан бір оқушыданкеліп жасау.

1 топ. Ас содасы.

2 топ. Крахмал.

3 топ. Калий перманганаты.

4 топ. Бор.

  1. VI. Кесте толтыру.
Жақсы ериді Ас содасы, калий перманганаты
Ерімейді Бор
Нашар ериді Крахмал

 

 

VII. Сауалнама.

  1. Судың қасиеттерін белгіле.

а)ақ                    ә)мөлдір              б)сұр

  1. Суда еритін затты белгіле.

а)қант              ә)тас    б)құм

  1. Суда ерімейтін затты белгіле

а)құм                ә)тұз                      б)қант

  1. Су табиғатта неше күйде кездеседі?

а)2                      ә)3                         б)4

5.Судың қатты күйі қалай аталады?

а)су                     ә)бу                       б)мұз

 

VIII. Үйге тапсырма: оқу, әңгімелеу.

Қортындылау, бағалау