Арыстан мен Тышқан

140

Әдебиеттік оқу.  2 сынып.

Сабақтың тақырыбы:  Арыстан мен Тышқан (ертегісі).

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға ертегідегі негізгі ойды ұғындыру, мазмұндай білуге үйрету.
  2. Оқушының ойлау қабілетін дамытып , сөздік қорын молайту.
  3. Оқушыларды достыққа тәрбиелей отырып жақсы және жаман қасиеттерді айыра білуге үйрету.

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Сабақ әдісі: Сұрақ – жауап , әңгімелесу.

Сабақ көрнекілігі: Интерактивтік тақта , арыстан мен Тышқан суреті , аңдар.

Пәнаралық байланыс: Өзін — өзі тану , дүниетану , ән – музыка.

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

-Балалар , барлығымыз бүгінгі сабаққа дайынбыз ба?

-Олай , болса орнымыздан тұрып , тақтадағы балармен бірге біз де өзімізді сабаққа даярлап алайық!

1-слайд:

Қуанамын менде ,

Қуанасың сенде

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге.

Міне , балалар! Енді бір – біріңе жылы шыраймен жымиып ғана сәттілік тілеңдер!Енді сабағымызды бастайық! Балалар мен сендердің білімдеріңді

беру арқылы бағалаймын. Кім белсенді қатысса сол көп жұлдызша жинайды.

II.Үй жұмысы: Өткенді пысықтау.

-Балалар өткен сабақта қандай өлеңмен таныстыңдар?

2-слайд: Әдептілік әліппесі. (тақтада көрінеді).

Үй жұмысына қалай даярланғандарыңды , өткен сабақты қаншалықты , игергендеріңді тексерейін!

3-слайд:  I Қызығушылығын ояту.

Мына сұрақтарға жауап бересіңдер.

1.Әдептілік деген не?

2.Сәлемдесудің , қоштасудың қандай түрі бар?

3.Ұнаған шумақтарыңды жатқа айтып беріңдер?(жарайсыңдар, әр балаға жұлдызша беріп отырамын)

III. Жаңа сабақ.

II.Ой қозғау (Дәптерлерін ашқызып ай күнін жаздыру. Қазанның жиырма сегізі).Өздерің білетін 2 – 3 аңның атын дәптерлеріңе жазындар.

(Ретпен оқытып шығамын).

4 -10 слайд

Әр аң суреті шығады. (түлкі , аю , қасқыр , арыстан , жолбарыс , тышқан).

-Балалар , бүгін біз осы аңдардың арасынан «Арыстан мен Тышқан» туралы ертегімен танысамыз.

11-слайд: Сабағымыздың мақсаты:

-Мәтінді түсіне оқып , мазмұндау.

-Арыстан мен Тышқанға мінездеме беру.

-Жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттерді айыра білу.

12 -слайд: Оқулықпен жұмыс, 55 бет.

(Арыстан мен Тышқан мәтінін өзім оқып беремін. 2 оқушыға  бөліп жалғастыра оқытамын).

13-слайд: Балалар , мына сұрақтарға жауап іздейік.

1.Мәтін не туралы екен?

2.Арыстан Тышқанның сөзіне неге күлді?

3.Тышқан Арыстанға қалай көмектесті?

4.Сендерге ертегі кейіпкерлерінің қайсысының ісі ұнады?

14-слайд:  III  Ой толғаныс.

15 -слайд: (Әр қатарға 1 тапсырмадан беріп , бағалау).

1 – қатар: Арыстан мен Тышқанға мінездеме бере отырып , венн диаграммасын толтыру.

2- қатар: Жақсы қасиеттерді жаз.

3 -қатар: Жаман қасиеттері жаз. (Әр топтан бір бала қорғайды)

19 -слайд: Сергіту сәті.

20-слайд: «Дос болайық бәріміз!»

Әрқашан дос , біргеміз.

Ажырамас іргеміз

Ілгері жүріңдер

Достық жырын біліңдер,

Ту ғып ұстап бірлікті

Еңбекті сүйіңдер.

Қ / сы:

Дос болайық бәріміз

Жарасып тұр әніміз

Тыныштықты сақтаймыз , сақтаймыз ,

Атсын күліп таңымыз.

21- Слайд IV Қорытынды

-Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

-Кімге несімен ұнады? Кім қысқаша мазмұндайды?

V.Бағалау. жұлдызша санайды өздері.

VI.Үй тапсырма: Мазмұндап келу