Оқуға шақыру. Ахмет Байтұрсынұлы

   Тақырыбы:  Оқуға шақыру. Ахмет Байтұрсынұлы

Мақсаты:  А.Байтұрсынұлы жайлы білгенін еске түсіре отырып, оқушыларды мәнерлеп оқуға, мазмұнын игеруге, біліктілігін арттыра түсуге көмек беру, жағдай жасау;

-ауызша сөйлеу дағдылары мен жазбаша тілдерін жетілдіре отырып, ойын қорытып түсіндіріп айта білуге ықпал жасау;

— оқуға, білімді алуға ұқыптылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу

    Сабақтың түрі: аралас. Көрнекілігі: кітап, пікір ағашының суреті, сызба, өлең жолдары

    Әдісі:  түсіндіру, әңгіме, сұрақ-жауап. Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.

—  Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

—  Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.

Тұңғыш әліппені жазған кім? Ол туралы не білесің? (әңгімелеу) Кітаптағы суреттер сыры неде?

ІІІ .Жаңа сабақ:  1. Кіріспе: Ахмет Байтұрсынұлы туралы білгеніңді пайдаланып, « Пікір ағашын» толтыр.   2. Өлеңді түсініп оқып, іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу, түсті бояумен жазылған  сөздерге көңіл бөлу. 3. Дәптермен жұмыс (түсті бояумен ерекшеленген сөздерді теріп жазып, түсіндір)  4.сөздік жұмыс жүргізу «Іздеп тауып алалықбұл жерде: үйрену, оқу, іздену.»

ІҮ.Жаңа сабақты пысықтау: 1. Өлеңді бөлімге бөліп оқу. а) оқуға шақыру. ә) еңбек іс- әрекеті. ә) Даналық.    2. Даналық сөзін басқашақалай айтуға болады? Алмастырып көр. (өлеңді қайталап оқып көр.) 3. Ақын ойын енді түсіндің бе? Ахмет Байтұрсынұлы балаларды неге шақырады? Өз сөзіңмен түсіндіріп көр.

Ү. Қорыту: Сызбамен жұмыс: зер сал, өз сөзіңмен түсіндір. 1.Даналық, оқу, білім, т.б. сөздер неліктен құмырсқа түрінде көрсетілген деп ойлайсың? 2. « Даналық — өшпес жарық, кетпес байлық » қалай түсінесің? Сызба арқылы көрсете аласың ба?

ҮІ.Үйге тапсырма:  Жаттап ал, « Ахмет» сөзжұмбақ құрастырып көр.  Бағалау.