Тұрлаулы мүшелер

Сабақтың тақырыбы: «Тұрлаулы мүшелер»

Сабақтың мақсаты: А) Оқушылардың ойлау,есте сақтап жазу,сөздік    қорларын,тіл   байлықтарын дамыту.

Ә)Бастауыш пен баяндауыштың сөйлем құраудағы негізгі     қызметін байқатып,тұрлаулы мүшелерді меңгерту.Оқушылардың байланыстыра сөйлеу дағдыларын жетілдіру.Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері бастауыш пен баяндауыш туралы білімдерін кеңейту.

Б)Оқушыларды сауатты,таза жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:сұрақ –жауап, әңгімелеу

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі:слайдтар , интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

1.а)Ұйымдастыру бөлімі.

   ә) Психологиялық дайындық.

   б) Сабақтың мақсатын хабарлау.

(Алдыңғы сабақта диктант жұмысы жүргізілді)

Слайд 1.

2.Кубизм стратегиясы:

-Бұл текше (куб).Оның 6 жағы бар.(алдыңғы,артқы,астыңғы үстіңгі,сол жағы,оң жағы.)

-Бүгінгі сабағымызда осы алты жақтағы әр түрлі тапсырмаларды орындаймыз.

Слайд 2.(Текшенің бірінші жағы)

Слайд 3. Есте сақтап жазу.

-Енді осы суреттегі әрбіреуінің қимыл қозғалыстарын еске түсіріп көрейік.(Ұшақ ұшады. Мысық  мияулайды. Жаңбыр  жауады. Құлын  жүгіреді. Қоян  секіреді. Машина жүреді.)

-Енді талдап көрейік.Мысалы: Мысық мияулайды.

-Осы сөйлем қандай 2 сөйлем мүшесінен тұрады?

Бастауыш пен баяндауыштан.

Жаңа сабақ.

Слайд 4.

Талдау әдісі:(Текшенің екінші жағы,оқулықпен жұмыс)

172-жаттығу.(Мәтінді тиісті тыныс белгісін қойып,көшіріп жазу.Тұрлаулы мүшелердің астын сызу.)

173-жаттығу.(Ауызша.Сөйлемді оқиды.Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойып,олар сөйлемнің қандай мүшесі екенін айтады.)

174-жаттығу.(Тақтада.Көп нүктенің орнына бастауыштарын қойып,сөйлемдерді көшіріп жазады.)

Слайд 5.

Сергіту сәті:(Понтамимикалық ойын)

(3 қатардан 3 оқушы шығып тапсырманы іштерінен оқып,қимылмен көрсетеді.Қалған оқушылар кімнің? Ненің? Қимылы екенін тауып айтады.Партаның жанына шығып жасап көрсетеді.)

Тапсырмалары:

1.Ескек ескен қайықшының қимылын көрсету.

2.Сапта жүріп келе жатырған сарбаздың қимылын көрсету.

3.Ұшып бара жатырған құстың қимылын көрсету.

Слайд 6.(Текшенің үшінші жағы)

Ойлау әдісі:

Слайд 7.(Текшенің төртінші жағы)Ойын әдісі:

 

Слайд 8.Суреттеу әдісі:(Текшенің бесінші жағы)

Мысалы: Дәрігер емдейді.

Гүлді сыйлайды.

Слайд 9.(Текшенің алтыншы жағы) Жинақтау әдісі:

Қорытындылау:

Тұрлаулы мүшелерге қандай сөйлем мүшелері жатады? (т.б.)

Үйге тапсырма:  175-  жаттығу

Бағалау , мадақтау.

 

нұртазина Гүлсара Мұхамбеткалиевна