Асқар Алтай. «Дегелеңдегі жарылыс»

63

Сабақтың  тақырыбы:       Асқар Алтай. «Дегелеңдегі  жарылыс»

Сабақтың мақсаты:            Білімділік. Оқушыларға атом сынақ полигоны және ондағы жарылыстардың адамның денсаулығына, табиғатқа келтірген зардаптары туралы жалпы  түсініктер беру.

Дамытушылық. Халықтың  қасіретін сездіре отырып. оқушының әлеуметтік мәселелер жөнінде ой қорыту қабілетін дамыту. Тәрбиелік. Азаматтық белсенділікке, саяси саналылыққа, табиғатты сүюге, отаншылдыққа тәрбиелеу.

 

Сабақтың әдісі:                             Сын тұрғысынан ойлауды  дамыту.

 

Сабақтың  көрнекілігі:       Компьютер, интерактивті тақта, қозғалысқа байланысты материалдар, Қазақстан Республикасының физикалық  картасы.

 

Сабақтың  барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық:      

○- ақылды, уәдеге берік, ұқыпты, кітапқұмар бала.

□- әдепті, досқа адал,білімді, өте ақ көңіл бала.

∆- оқымысты,өтірікті ұнатпайтын, іске тиянақты бала.

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

а)  «Көкшетау» (І.Жансүгіров) 3 топтан мәнерлеп оқу жұмысы.

ә) өлең шығару. «Көкшетауым»

б) «Қызықты  ұяшықтар» сұрақтарға жауап алу.

 

ІІІ.Жаңа сабақ.

Қызығушылықты ояту.

— білемін

Табиғат туралы: жасыл жайлау, таза ауа, ашық аспан, жайқалған

өсімдік, мөлдіреген су, мұнарланған тау, сайраған құс, жүгірген аң, салауатты адамзат.

  • Міне, керемет табиғат көрінісін суреттеп бере алдыңдар. Осы

табиғаттың адамның ықпалымен бұзылуы, яғни табиғат байлықтарын есепсіз пайдалануы табиғи орта заңдылықтарын ескермеу экологиялық зардаптарға әкеліп соқтыруда. Экология сөзі грек сөзінен аударғанда «үй, «қоныс» деген мағына береді. ХХ ғасырдың екінші жартысында табиғатпен адам арасындағы күрделі қарым-қатынастарды зерттейтін ғылым саласына айналды.

 

Қазақстанда экологиялық  зардапқа душар болған аймақтар бар. Мұндай аймақтар ағаштан ада, суы тұзды, жері сортаң, ауасы лас болды. Жан-жануары құрып, адамзат баласы кемтар, аурушаң бола берді.

? — білгім келеді?

Неге олай болды? Қай жерде? Табиғаты қалай тапталды? Қазіргі жағдайы.

Мағынаны тану.

Осындай жағдай біздің елімізде болған деуге аузың бармайды. Бұл жағдай осыдан 61 жыл бұрын, яғни 1949 жылы 29-маусымда Семей полигонында алғаш рет ядролық қаруды сынады.  Ол Семей, Қарағанды, Павлодар облыстары түйіскен жерде орналасқан. Жер көлемі 8372 км  қамтиды. Семей полигонында 500-ге жуық, яғни 467 рет ядролық сынақ өткізілді. Әрбір ядролық сынақтың құны 30 млн сом болды. Ол кезде полигонның халыққа, қоршаған ортаға деген  зияны туралы еш  нәрсе  айтылмады. Полигонда өткізілген әрбір сынақтың адам өміріне  келтіретін зияны көп болды. Адамдар арасында  түрлі аурулар көбейді. Өмірге келетін сәбилердің кемтар болып тууы жиіледі. Жер  қыртыстары жарамсыз болып қалды. (Полигон-әскери жаттығулар, сынаулар өтетін жер.)

 

Мәтінмен жұмыс.

  • Олай, болса Абай, Шәкәрім, Мұхтар сынды халқымыздың бір туар

перзенттерін дүниеге келтірген осынау құнарлы топырақ, қасиетті жер Семейдегі осы оқиға әңгіме болғалы отыр.

Асқар Алтай жазған «Дегелеңдегі жарылыс».

Түсінік :Дегелең —  таудың аты.

Автор жайында азырақ: Асқар Алтай 12.02.1963 жылы туылған. Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласында дүниеге келген. Қазақ жазушысы, әрі сыншы. А.Асқардың «Алтайдың алқызыл модағайы», «Қайың сауған, Ел ауған», романдары, «Қызыл бөлтірік», «Қара бура», «Қаладағы құптандар» повестері халықтың өткені мен бүгінгісі суреттеледі. Жазушының «Қызыл бөлтірік» повесі (1997 ж) Халықаралық Сорос қорының бас жүлдесі- грантын жеңіп алған. 1989-1990 жылдары Қазақстан жазушылар одағының Жастар арасындағы прозашылар форумының Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты.

 

Мәтін мазмұнын  баяндау.

«Қажымұрат пен Айтуар арқар көруге Дегелең жаққа барады. Бір кезде табан асты солқ ете қалды. Төңіректе  тас құлап, қара жер жарылып, дүние жаңғырығып  кетті.

Бір  кезде Қажымұрат:

  • Айтуар! Айтуар! Ананы қара!? Дегелең жақтан саңырауқұлақ шықты.

Қара! Қарасаңшы!? Саңырауқұлақтың үлкені-ай! Қып-қызыл от… жалын…

Күннен де жарық… Қара, қара деймін — деп айқайлады.

Ертеңіне Қажымұрат: «Айтуар! Менің көзім түк көрмей тұр. Енді қайттім?!» — деп жылап жіберді. Оның көзі отты сәулеге шағылып, қарығып  қалыпты.

Күзде  мектепке Қажымұрат келмеді. Алматыға көзін емдетуге отбасымен көшіп кетіпті.

Бұл  күнде Дегелеңге  ел қайта көшіп кеп  жатыр. Тауға арқарлар да оралыпты. Қажымұрат та оралар. Көзі жазылған да шығар. Кім біледі?!»

 

  • Міне, балалар әңгімедегі Қажымұрат сол экологиялық зардаптың

құрбаны болып отыр.

Ел осындай ауыр  қасіретке шыдамай, 40 жыл артқа тастап, 1989 жылы

Олжас Сүлейменов  бастаған «Невада-Семей» азаматтық  қозғалысы құрылды. Мұндағы мақсат: ядролық сынақты тоқтату болды. Ел қолдарына жазулар алып сынақ жасауға қарсы екендіктерін  білдірді.

1991 жылы 29-тамызда Қазақстан  Кеңестік Социалистік  Республикасының Президентінің «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» (№409) Жарлығы шықты.

(Невада-Америка Құрама Штаттарының бір бірлігінің аты. Онда АҚШ-тың атом полигоны орналасқан. Қоғамның аты «Невада-Семей» қойылуы АҚШ-тың да полигондарын жабу мақсатын көздегенін көрсетеді)

 

ІV. Сергіту.

Т.Айбергенов «Семей»

 

«Астынан алшақ белдің орап ойлар,

Мен сені аңсап келдім қара қайнар.

Армысың, менің қара шаңырағым,

Ботакөз қарындастар, нар ағайлар.

Алдымнан қаптап шыққан  қарағайлар.

Төсінде Абай өткен кіл самғаумен,

Армысың, менің жұпар жусан кеудем.

Көк Ертіс көкірегімде буырқанған,

Қос жаға қоңырау қаққан мың сан баумен,

Мен сенде келдім қайта тусам деумен.

Шулатып көкірегімнің бар құрағы ән,

Сәлемге келдім саған, жарқын апам.

Орап ал шалғайына қара шалдар,

Мен ғашық қара мәрмәр жарқыраған.

Ормандар төбесімен сарқыраған…

Әуезов әлдилеген сырлы әуезді ел,

Менің де жүрегімнен нұрға кез бол.

Тоғжанның жанарында мөлтеңдеген,

Қайдасың қара бұрым, тырна көз көл,

Кел, менің жанарымда жырлап өзгер?…

 

 

Оқушы пікірлерін тыңдау.

  1. Саған әңгіме ұнады ма?
  2. Қандай әсер қалдырды?
  3. Табиғатты аялау туралы не айтасың?
  4. Табиғатқа қиянат жасаған кезің болды ма? т.б.

 

Венн диаграммасы.

 

 

Шығармашылық жұмыс. Өлең шығару.

———————- қорғаймыз,

———————- болмаймыз.

————————————-,

———————- қолдаймыз.

 

  1. Қорытынды.

+ — таныстым.

Семей полигоны елімізге үлкен қасірет әкелген екен.1949-1989 жылдар аралығында 40 жыл уақыт өтіпті. 467 сынақ жасалса, сонда бір жыл ішінде 11-ден астам сынақ жасалыпты.

Елімізде енді мұндай қайғылы қасірет мүлдем болмасын деп тілейік!

Тұжырымды ойлар айту. Тірек сөздер: Жер-Ана, Табиғат, сіріңке, жауқазын,т.б.

 

  1. Үйге тапсырма: Мәнерлеп оқу, табиғат суретін салу.

 

VII. Бағалау.