Қайталау. Төрт түлік

105

Сабақтың тақырыбы: Қайталау. (Төрт түлік)

Сабақтың мақсаты:1) Балаларға атакәсіп туралы,олардың өмір салты  жөнінде ұғым бере отырып,халқымыздың табиғатқа,жан-жануарларға деген  қарым-қатынасының тәрбиелік жағына көңіл  аударту.

2)Төрт түлік арқылы танымын,ойын,тілін дамыту.

3)Еңбекқорлыққа,іскерлікке,әдет-ғұрыпты  қастерлеуге  тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:Төрт түлік малдың  суреттері,сөзжұмбақ,топтастыру кестесі,Вени диограммасы,парақшалар,кубизм,БҮҮ кестесі.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру сәті.

Психологиялық дайындық.

Оқимыз,үйренеміз,жалықпаймыз,

Білімнің шыңына біз шарықтаймыз.

Кіріспе: Алдымен сабақтың тақырыбын сөзжұмбақ арқылы шешіп,тауып алайық.

1.Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.(қозы)

2.Ер қанаты не? (ат)

3.Қойда бар,тонда жоқ.(й)

4.Төрт түліктің төресі не? (түйе)

5.Сиыр сүтінен алынатын сусын. (айран)

6.Ешкінің төлі. (лақ)

7.Сүттің түсі қандай? (ақ)

8.Малдың төлдегендегі алғашқы сүті не деп  аталады? (уыз)

Ққ

 

 

А

-Сонымен бірінші бойдағы торкөздегі әріптерді қосқанда  қандай  сөз  шықты?

-Қайталау.

Й

-Өте жақсы.

Т

-Ендеше біз қандай тараумен таныс болған едік?                                                                      .                         –Төрт түлік мал туралы.

Қазір осы тарауда таныс болған төрт түлік малға арналған өлең-жырларды

А

айтайық.

 

 

У
А

                             Мысалы:Қозы,Ақ бұзау,Сиыр.

 

 

 

 

 

 

Енді осы төрт түлікті топтастырамыз.

 

Жылқы

 

 

 

 

 

Ешкі                                                                                             Түйе

Мал

 

 

 

 

Қой                                                                                     Сиыр

 

 

 

 

Кім көп біледі? ойыны

Қазақ халқының малға арналған мақал-мәтелдері,тыйым сөздері,жаңылтпаштары бар.

Әркім өзінің білетінін ортаға салады.

Қазақ тілі бойынша қандай тақырыппен таныс болған едік.

Жуан,жіңішке айтылатын сөздермен.

-Ал,ендеше ережені кім айтады?

Осыған байланысты Венн диограммасын орындаймыз.

 

Жуан                                                         Жіңішке

Ұқсастығы

 

 

 

 

 

 

 

Өзіндік диктант.

Жуан және жіңішке естілетін үш сөзден жазыңдар.

Мысалы:Қаймақ,май,айран,ірімшік,сүзбе,сүт.

                                            “Ұйқасын тап” ойыны.

Әр қатардан 1 оқушыға беремін.

Менің атам бақты оны,

Үстінде бар ақ тоны.

Ол не?-төлдің бозымы,

Білемін ғой…. (қозыны)

 

 

Ащыдан басқа жемейтін,

Ыстық шөлде отаны.

Шөлдесе “су” демейтін,

Кім біледі…. (ботаны)

 

 

Өнері бар сан қилы

Тастан-тасқа қарғиды

Ол не?-шұнақ құлақты

Білемін ғой …(лақты)

Тапсырма:Ұйқасына сөйлем ойлап айту.

Шығармашылық жұмыс:

Т,е,қ,а,л,ш,ж,к,й,і,ү,з,ұ,н,и,ы,о,с,р.

Берілген әріптерден біздің  өткен тарауымызға байланысты сөздер шығады.Оны жазуға 2 минут уақыт беремін және оны жуан ,жіңішкеге бөліп жазасыңдар.

Ешкі,түйе,құлын,жылқы,қозы,сиыр,лақ,қой.

Орны  ауысқан сөздерден сөйлем құра.

1)Өт,болмайды,жылқыда.

2)Шөп ,құлын,жеді.

3)Сүйкімді,бота,өте.

4)Түйе,шыдамды,шөлге.

Кубизм стратегиясы.

Дәлелде:Жылқы,бота,қой сөздері неге жуан айтылатын сөзге жатады.

Әңгімеле:Қойдың пайдасы туралы айт.

Бейнеле:Төрт түліктің бірін бейнеле.

Ойларын жинақтағанша жұмбақтар шешейік.

1.Туа сап жүріп кеткен,

Енесін қуып жеткен.

(Құлын)

 

2.Басында таяғы бар,

Төрт аяғы бар.

Егіз құлағы бар,

Иегінде сақалы бар.

(Ешкі)

3.Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.

(Түйе)

4.Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.

(Қой)

5.Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар.

Төрт жылтырмағы бар,

Бір шыбыртқысы бар.

(Сиыр)

 

Сабақты кесте бойынша қорыту. (Сұрақтың жауабын реттік санымен белгілеу)

Сұрақ Жауап
1.Мал атасы Сұйық,ақ түсті,тәтті,ұйыйтын қасиеті бар.
2.Мал төлдері Шопан ата,Зеңгі баба,Шекшек ата,Қамбар ата,Ойсылқара
3.Сүттің қасиеті Жоңышқа,жаңқа,жусан.
4.Малдың сүйікті асы Шопан,жылқышы,бақташы,түйеші.
5.Мал кеселі Қозы,бұзау,лақ,бота,құлын.
6.Малдың пайдасы Аусыл,қарасансары ауру,өкпе.
7.Кім бағады? Еті,сүті,терісі,жүні.

 

Білгенім  Үйренгенім Үйренгім келеді

БҮҮ кестесі бойынша оқушылар сөйлейді

 

 

 

 

 

 

5 болсын алар бағамыз,

Білімнен бақыт табамыз.

Өнер-білім көп оқып

Өсе берсін санамыз