Рационал сандарға амалдар қолдану

43

Қарағанды облысы Білім басқармасының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» КММ

Математика пәнінің мұғалімі: Асанова Жұлдыз Мажитовна

Мерзімі:       12. 12. 2014 ж            Сыныбы:  6        Пән атауы: математика

Сабақтың тақырыбы:             Рационал сандарға амалдар қолдану.

Сабақтың мақсаты:     Рационал сандарды қосу, азайту, көбейту, бөлуге есептер шығара білу.

Міндеттері:

  • Рационал сандарға амалдар қолданып есептер шығара білу дағдыларын қалыптастыру;
  • Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, математикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, ой-өрістерін кеңейту, дамыту;
  • Шапшаңдыққа, жауапкершілікке, ұқыптылыққа баулу, тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

  • Пропорцияның негізгі қасиетін қолданып, есептер шығара алады;
  • Сыни ойлау, есте сақтау қабілеттері дамиды;
  • Жұппен, топпен жұмыс жасауда жуапкершілікті сезінеді.

Сабақтың типі: саяхат сабағы

Әдіс-тәсілдері:  миға шабуыл, математикалық лото, деңгейлік тапсырма

Пәнаралық байланыс:  география, тарих, қазақ тілі

Құрал-жабдықтар:  интербелсенді тақта, таратпа материалдар, лото

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үй тапсырмасын тексеру.
  • Мақсат қою кезеңі.

Бүгінгі сабақ ерекше болады. Қазына іздеу үшін қызықты саяхат жасаймыз. Жолға шығу үшін біз білімімізбен жақсы қаруланғанбыз ба? Соны тексерейік.

  1. Ережелерге шолу.
  • Қарама-қарсы сандар дегеніміз не?
  • Бүтін сандар деп қандай сандарды айтады?
  • Теріс сандарды қалай қосады?
  • Таңбалары әр түрлі сандарды қалай қосады?
  1. Ауызша есептер.
  • Мына сандардың ішінен натурал сандарды, бүтін сандарды ата.
  • Теңдеулердің шешімдерін айт:
  1. Математикалық лото. (Әр топқа 2 тапсырмадан беріледі)

Амалдарды орында:

Сонымен оқушылар бізде карта бар. Көңіл-күйіміз көтеріңкі. Жолға! Біздің алдымызда гүлдер алқабы. Олардың арасында улы және дәрілік гүлдер бар. Оларды білу үшін гүлдерде жазылған бөлшектерді көбейту керек, егер жауаптары гүлдің жапырағында жазылған жауаппен дәл келсе, ол гүл дәрілік гүл, ал келмесе улы деген сөз (1, 3, 4 – дәрілік, 2, 5 – улы ).

Гүлдер алқабынан кейін үшке бөлінген жолға тап болдық. Қандай жолмен жүреміз? Ол үшін мына үш есепті (әр топқа бір-бірден)  шығарайық.

Жауабы:  1)  0,64 1;    2)  0;   3) 0,04 0.

Сонымен, құрметті оқушылар 0 саны тығырықты білдіреді. Сондықтан біз қай жолмен жүреміз? (1)

Алдымызда көл. Көлден балық аулаймыз.

Балықтардың артындағы тапсырмалар:

  • Сұрақ белгісінің орнындағы санды тап: 6, 8, 12, 18, 26, 36, ? . (48)
  • Сыныптағы 30 оқушының жартысы ағылшын тілін, жартысының үштен бірі ағылшын тілі мен неміс тілін, қалғаны тек неміс тілін үйренеді. Оқушылардың қаншасы неміс тілін, қаншасы ағылшын тілін үйренеді? Қаншасы әрі ағылшын тілі мен неміс тілін үйренеді? (15 ағылшын тілін, 5 ағылшын тілі мен неміс тілін, 10 неміс тілін үйренеді.)
  • Өткен мыңжылдықта мынадай жыл болды. Егер оны цифрмен қағазға жазып, сол қағазды теріс аударсақ тура алдыңғы цифр көрсетіледі. Ол қай жыл? (1961)

Балықтарды аулап, ухо қайнатып жеп, тауға келдік. Бұл таудан аман есен өтуіміз үшін мына есепті шығаруымыз керек.

Ауа райы бұзылды. Жел тұрып, жаңбыр жауды. Үңгірде неше күн боламыз? Бұған жауапты мына есептің шешімінен білеміз.

Есеп.  Үңгірде 750 л таза су бар. Егер бір адам күніне барлық судың 0,2%-ін ішетін болса, үңгірдегі су 30 адамға неше күнге жетер еді?

Шешуі:  (л) – бір адамның бір күнде ішетін суы.

1,5·30=45 (л) – 30 адамның бір күнде ішетін суы.

750:45=16,(6) 17.

Жел тоқтап, ауа райы дұрысталды. Үңгірден шығып, көгалға келдік. Біз бұл жерде дем аламыз.

Ұлы математик өмірінен.

Математика мен физикада түрлі ғылыми жаңалықтардың ашылуының өзіндік сыры, себеп-салдарлары бар. Мысалы, әйелдерден шыққан тұңғыш математик София Ковалевскаяның математикаға қызығушылығы былай туындаған екен.

Бірде ата-анасы Софияның бөлмесіне түсқағаз жапсырады. Жетпей қалған түсқағаздың орнына математика кітабының бір бетін жапсырған екен. Сол беттегі математикалық өрнекті күнде көріп жүрген қыздың математикаға деген қызығушылығы артып, артынан дүние жүзіне белгілі математик-ғалым болған екен.

Дем алып болсақ, әрі қарай жылжиық. Сонымен біз қазына тығылған жерге келдік. Қазынаны алайық десек, үшбасты айдахар тұр. Айдахардың әрқайсысының аузында ілулі тұрған қағазда сөздің бірінші және соңғы әрпі жазылған. Сол сөздерді табуымыз керек.

  • Қатынас
  • Масштаб
  • Пропорция

Барлық сөзді шештік. Қызықты сәтке келдік. (Мұғалім қазынаны алып шығады, оның ішінен алтын монеталарды алып оқушыларға таратады. Монеталардың артында үй жұмыстары жазылған).

 

  • Рефлексия.

Нені білдің?

Нені білгің келеді?

Не қиындық туғызады?