«Жылқы» . Сәбит Мұқанов

Тақырыбы : «Жылқы» . Сәбит Мұқанов

Мақсаты: Оқушыларды мәтіннің мазмұнымен таныстыру ; мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру ; мәтін бойынша танымдық тапсырмалар беру, өз  ойларын тұжырымдап жеке , топта жұмыс жасау . Көп ізденуге , бірін – бірі тыңдап , өз. ойын , ірікпей айтуға дағдыландыру . Төрт түлікті күтіп баптауға, қамқоршы болуға тәрбиелеу Шығармашылықпен жұмыс жасай білуге  және өзін-өзі бағалауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі
: Ой қозғау, топпен жұмыс, эссе жазу.
Пәнаралық байланыс
: Музыка,Математика, қазақ тілі.
Көрнекіліктері: С. Мұқановтың суреті, кітап көрмелері, Нұрсұлтан Назарбаевтың Жылқымен түскен суреті, Батырлардың серігі аттарымен, қостың суреті. «Жылқышы» күйі.Презентация.
Күтілетін нәтиже: 1. Оқушылар жылқы малының ерекше қасиеттерімен жан — жақты танысуы.
2. Тебін, қос мағынасын түсінуі.

3.Жылқы шаруашылығы жөнінде мәлімет алуы.

I — Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі

Үлкенге де сіз , Кішіге де сіз

Сәлем бердік баршаға  Құрметпенен Біз!
II — Үй тапсырмасын тексеру:1. «Шоңайна»ойыны  арқылы

Көзі,көзім,көзім

Көзімде бар шоңайна.

Шоңайнасы кіреді,

Көзінді жұм абайла.

«Алтын» балық таратылады.

-Қандай балық? (Алтын,тілек орындайды)

— Олай болса,көздерімізді жұмып,бір-бірімізге,өзімізге тілек,сәттілік тілейік.

2.»Алтын» балықтың тапсырмаларын орындау

ІІІ. Жаңа сабақ:

1.Қызығушылықты ояту. «Жылқышы « Күй әуені

Жылқышы кім?
2.- Бүгінгі өтілетін тақырыбымыз төрт түліктің бірі «Жылқы» яғни бұл мәтінді кім жазған екен? С. Мұқанов.
С. Мұқановпен 3-ші сыныптан бері таныспыз. Бұл кісі кім? кәне еске түсіріп өтейікші.
С. Мұқанов туралы не білеміз? (Слайд) сұрқ-жауап
— С. Мұқанов ( 1900 — 1973) қазақтың аса көрнекті жазушысы. Ол Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында туған. Жастайынан ауыз әдебиетімен кең сусындап, өлең жырды жатқа айтып өскен. 14-15 жасынан бастап өлең жазып бастаған.Сәбит өзіне ұлы Абайды ақылшы ұстаз тұтқан.
— Ия, дұрыс айтасың. Бұл кісінің 3-ші сыныпта қандай әңгімелерімен таныстық?
— «Көкшенің көрінісі» және «Шыбынсыз жаз»
— дұрыс айтасыңдар. Олай болса жоғарғы сыныпта ана тілі пәнінің орнына әдебиет пәні болады. Сонда С. Мұқановтың мынадай шығармаларымен танысасыңдар «Өмір мектебі», «Ботагөз » романы, «Сұлушаш»- поэмасы,«Ақ аю», «Балуан шолақ» повесі  шығармаларымен толығырақ танысасыңдар. Өмір мектебі шығармасынан «Жылқы» әңгімесінен үзінді беріп отыр екен. Жылқының ерекше қасиеттерімен,жылқышы мамандығының ерекшелігімен танысамыз, және жылқы шаруашылығы жөнінде  түсінік аламыз.

3.Тосын сый. Кенеттен дыбыс. (слайд)

4.Құтқару керек. 1. Жылқы туралы не білесіңдер?(төрт түлік мал,малдың –патшасы)
2.Жасына қарай атауын:
1 .Құлын.
2. Жабағы.
3. Тай.
4. Дөнен.
5. Құнан.
6. Бесті.
7. Ат.
3.Жылқыда не жоқ? (өт)

4.Жылқы пірі? (Қамбар ата)

5.Ұлттық ойындар.(көкпар,аударыспақ,бәйге,теңге ілу,жарыс,қыз қуу)

6.Қандай Мемлекет рәмізінде жылқы бейнесі бар? (Елтаңба)

7 . Жеті қазынаның бірі.

8.Қалай шақырамыз? (құрау-құрау) Қазақ тілінде қандай сөз табына жатады? (Одағай?)

5.Мағынаны ашу. Гүлдер,гүлдер,көп гүлдер Сары,қызыл,көк гүлдер

Жайнар кезім келді»- деп  Т.Молдағалиев жырлағандай .(Гүл жинау)

Топқа бөліну: «Ой қозғау ойыны» Жасырылған топтың атын табуы тиіс. Қазақ тілі пәні-байланыс.

Тапсырма:1-топ. «Өнерпаздар». Мәтін мазмұның мұқият түсініп оқып шығу.Табиғат көрінісін беретін жолдарды оқу және суреттеу.

2-топ.»Тапқырлар».Мәтінді оқып шығып,жылқының аналық мейірімі айтылатын тұсты табу.Жылқы туралы мақал-мәтелдер жазу.

3-топ.»Ойшылдар».Мәтінді түсініп оқу.Мақан жылқышының сөзін табу.

Және жылқы қасиеттерімен  Салауатты өмір салты негіздерін салыстырып көру.

Венн диаграммасын құрастыру.

6.Сөздік жұмыс: Қос көшіп-қонуға ыңғайлы,тігуі,жығуы оңай баспана.

Қоста кім тұрған?(жылқышы)

Жылқышының еңбегі қандай?(ауыр)

Жылқышының ең ауыр кезеңі қашан?(кыс кезеңі) Қыста олар қоста өткізеді.

Жылқышы қосы күнде көшіп жүретін баспана.

ІҮ. «Сергіту» сәті    «Жылқышы» әні

Жаттығулар: «Ат жүрісі», «Жылқышының шабысы»

Ү.  «Қоржын» -тосын сый

Екінші рет топқа бөліну.(қымыз,ет,тері)

  1. Әр топ кесте толтыру.
  2. «Егер мен жылқы шаруашылығын дамытытын кәсіпкер болсам» ,не істер едім? Қалай дамытар едім.?

3.Презентация қорғау. Постер.

4..(математика )  Болжамды есептеулер

Шығым :  Бір жылқы -70 000 теңге,120 000 теңге

Жемі сұлы,қарабидай,концентрат) -100 000теңге

Табысы :1 кг еті-1200 тг      Бір жылқы салмағы -250 кг

250*1200—— 300 000тг

Логикалық тапсырма :(Есеп)

 

ҚЫМЫЗ ТАРИХЫНА ШОЛУ

 

4.1-топ.  Сөздерді алфавит ретімен оқу
Бәйге
Жарыс
Теңге ілу
Аударыспақ
Көкпар

2-топ. Сәйкестендіру тесті

Алпамыс                               Тарлан

Ертарғын                              Байшұбар

Қамбар                                  Тайбұрыл

Қобыланды                           Қарақасқа

Қабанбай                              Қубас
3.топ- Мини – тест

  1. Сәбит Мұқанов неше жасынан бастап өлең жазды?

 

а) он төрт

ә)Он сегіз

б)Он тоғыз

  1. Тұлпар дегеніміз –
    а) Ең жүйрік ат
    ә) бие
    б) тай
                3. Жылқы неше жыл өмір сүреді ?
                   а ) 15 – 17жыл
    ә ) 55 жыл
     4. Бие дегеніміз –
    а) құлындайтын аналық жылқы
    ә) күш көлігі , құлын бермейді
    б) жұмыс аты ( тұғыр )
    5.Жылқы терісіне жасалатын,қымыз ашытуға қолданылатын ыдыс.

а) Мес                ә)Самар            б) Саба

 

Қорытындылау: БББ-әдісі арқылы қорыту.

Бағалау:  Бағалау парағы. Өзін-өзі,топтық баға,мұғалім бағасы

Пікір ағашына сабақтан алған әсерін ілу. Қызыл-керемет

Көк-жақсы

Сары-қанағаттанарлық

«Қонақ кәде»-Биылғы жыл иелеріне тілек-сөз беру.