Гүл, жеміс және тұқым

Сабақтың тақырыбы: Гүл, жеміс және тұқым

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға өсімдіктердің өніп-өсуі, жетілуі жайлы ұғым беру, құрақ және шырынды жемістермен таныстыру.
Дамытушылық: Дүниетанымын, ой-өрісін, пәнге деген қызығушылығын, ақыл-ойын, есте сақтауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

 
Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауды үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.
Әдіс-тәсілдері: Топтастыру, теріп оқу, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: ИАТ, суреттер, жемістер.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Өтілген тақырыптарды қайталау.
а) Ағашты құрт – құмырсқалардан тазарту арқылы, өткен сабақты пысықтау.
1. Өсімдіктің топырақтағы бөлігі қалай аталады? (тамыр)

  1. Сабақтың қандай түрлері бар. (қатты, жұмсақ, иілгіш, т.б. )
  2. Өсімдіктің мүшелерін ата. (тамыр, сабақ, бұтақ, жапырақ, гүл, жеміс)
  3. Жерге түскен жапырақтардың, қураған шөптердің қандай пайдасы бар? ()
    ІІ. Жаңа сабаққа байланысты жұмбақтар шешу.
    1. Көктемде жерге енемін,
    Ылғалда өсіп-өнемін.
    Менің өскен жемісім,
    Қыс бойғы сенің қорегің. (Тұқым)
    2. Аспай піскен,
    Қайнамай түскен. (Жеміс)
    Ендеше, балалар, бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз «Гүл жеміс және тұқым» деп аталады, яғни өсімдіктің көбею мүшелерімен танысамыз.
    Күнделікті өзіміз жейтін жемісті ата – аналарың күтіп, баптап өсіреді. Олар неше түрлі жеміс береді.
    Ал жемістер қайдан шығады?
    Тұқым өскін гүлден түйін
    Жеміс жемістің ішіндегі тұқым

    ІІІ. Оқулықпен жұмыс.
    А) Жемістің пайда болуы
    Ә)Тұқым мен жемістің әр өсімдікте пісіп-жетілуі. Тұқымы жемістің ішінде болатын өсімдіктерді атаңдар.
    — Алма, қауын, қарбыз, қияр, т. б.
    Шырынды Өсімдіктерді адамдар шикідей пайдаланады.
    Бүкіл өсімдіктер жемістің ішінде болатын тұқымынан өседі. Құрғақ жемістерге бидай,жүгері,жаңғақ,арпа,бұршақ,күріш жатады.

    Оқулықпен жұмыс. Теріп оқу.
    1. Шырынды жемістер.
    2. Құрғақ жемістер.
    3. Жеміс тұқымдарының түрлері.
    4. Тиіннің қорегі.
    5. Адамның көмегінсіз көбейетін өсімдік.
    ІV. Сергіту сәті.

V.шығармашылық жұмыс.

Өздерінің ұнататын  жемістерін салу.
VІ. Сабақты бекіту.
«Бәйге» ойыны арқылы қорыту, бағалау.
1.   Жемістер нешеге бөлінеді?

  1. Шырынды жемістерді ата?
  2. Құрғақ жемістерді ата?
  3. ТҰҚЫМЫ ІШІНДЕ болатын жемістерді ата?
  4. 5. ШИКІ КҮЙІНДЕ пайдаланатын жемістерді ата?

VІІ. Экологиялық тапсырма.
1. Майысып тұрған ағашты көрдің. Не істейсің?
2. Табиғатты қалай қорғайсың?
VІІІ. Үйге тапсырма.
1. «Гүл жеміс және тұқым»  мәтінін оқу.
2. Жемістердің суретін салу.
ІХ. Бағалау.