Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды

Сабақтың тақырыбы: « Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды»

Сабақтың мақсаты:

 білімділікоқушыларды Ұлы Отан соғысы туралы және оған қатысқан қазақстандықтардың ерен ерліктері туралы мәліметтермен таныстыру;

дамытушылық оқушыларды көпшіліктің алдында өзін-өзі ұстай білуге, ұялмай сөйлей білуге, өз ойын казақ тілінде айта білуге үйрету, өз бетімен тақырыпқа сай мәліметтер іздеп өңдеуге, шығармашылық жұмыспен шұғылдануына бағыт беру, жұмысынын нәтижесін көруге ұмтылуына жол беру;

тәрбиелік — қазақстандық патриотизм сезіміне тәрбиелеу, Отанымыздың тарихына қызығушылықтарын арттыру, достық, ынтымақтастық, жауапкершілік сезімдерін ұялату.

        

Көрнекілігі: «Мгновения Победы» деректі фильмі, «Батырлар ұмытылмайды» слайдтар презентациясы, қабырға газеттері, плакаттар, Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар көрмесі.

Барысы.

        

Жоспар:

1) Кіріспе сөз. Ұлы Отан соғысының басталуы. Соғыска қатысқан қазақстандықтардың үлесі.

2) Соғыс зардаптары. Казақстандықтардың ерен ерліктері.

3) Қорытынды. Батырлар ұмытылмайды.

 

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған  « Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды» атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

  • Балалар, патриот деген сөзді қалай түсінеміз?
  • Екінің бірін патриот деуге бола ма?
  • Нағыз патриот деп кімдерді айтамыз?

1-Оқушы: Патриот – ұлтын сүйетін,  өз  тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт-дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір-қасиетімізді  арттыруға үлесін қосатын саналы тұлға.

 

2-Оқушы:  Патриот болу үшін керекті шарттың  бірі – тілді қорғау. « Халық пен тіл – егіз» – деп халқымыз бекер айтпаса керек. Халық бар жерде тіл бар. Ендеше,  баршаларыңызддың жүректеріңіз «халқын», «тілім»  деп соқсын.

 

3-Оқушы: Әрбір азамат өзін патриотиын деп өз туған жерін, туған тілін, салт-дәстүрін, тарихын құрметтеуі керек.

 

4- Оқушы: Әрине, мен үшін «Қазақстан» атты елден асқан ел жоқ. Мен  өз Отанымды шексіз сүйемін. Отанымды сүйетінімнің өзі-ақ патриот екенімді дәлелдейді деп ойлаймын.

 

5- Оқушы: Отаным деп соққан кішкентай жүрегімнің  дүрсілінің өзі менің қаншалықты патриот екенімді байқатып тұр ғой деп ойлаймын.

 

6 Оқушы: Патриот  деп ұлтжанды, елжанды,  елін сүйетін, халқын сүйетін ұрпақты атауға болады. Ендеше, мен салт-санамды, елімді сүйемін. Ендеше неге мені патриот деп атамасқа?!

 

     Мұғалім:  Дәл осынау жадыраңқы май күні,

Болса-дағы қай ғасырдың қай жылы,

Ұлы Отаным басын иіп бір минут

Есіне алмақ апат-қайғыны

Осыдан бірнеше жыл бұрын бүкіл әлемді дүр сілкіндірген  соғыс атты сойқан басталды. Неміс фашистері елімізге басқыншылық шабуылын жасады. Отанымызға қатерлі күн туды. Дүниедегі бейбітшілік бағына сұрапыл соғыс қаһарын төкті. Отанымызды қорғау үшін еліміздің көптеген ер-азаматтары қолдарына қару алып майданға аттанса, қарттар, әйелдер, балалар күн-түн демей тынбай еңбек етті.

 

1-оқушы:

Адамзатым, ақикатқа сеніңіз,

Соғыс деген — болған емес тегін іс.

Соғыс деген — қиылған жан, аққан қан,

Соғыс деген — екі жаққа жеңіліс.

 

Жеңіс бізге онайлықпен келмеді,

Жастық күйреп, халық сиреп көнерді,

Жарақат алғандардың күшіменен.

Өркендеттік өмір менен өнерді.

 

Жиырма миллион тірлік демін доғарды,

Қанша қала күлге айналып тоналды.

Тап қазіргі Қазақстан халқындай

Бір мемлекет жер бетінен жоғалды.

 

Жеңіс күні — желекті Ту қанаты,                                                                      Жаңа ұрпақтың самсап өскен санаты.                                                             Жеңіс күні — болдырмауға соғысты                                                              Адамзаттың ант ішетін сағаты.

 

2-оқушы:

                       Сен фашистсің, мен қазақпын,

Сен айтқандай Азиятпын.

Сен аспаннан жұлдыз қақтың,

Мен далада түйе бақтым.

     Мұғалім: Ұлы Отан соғысы миллиондаған адамның өмірін алып кеткен, талай боздақты  қыршынынан қиып, ананы жесір, сәбиді жетім еткен қанды шайқастарға толы 1418 күн мен түн ешқашан да ұмытылмақ емес.

     Тарихи деректерге қарағанда 1941-1945 соғыс жылдарында бір миллион 196 мыч 164 қазақстандық әскерге алынған екен. Көптеген жауынгерлер теңдесі жоқ ерліктер жасады. 518 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Мұның елеулі бөлігі қыздар болғаны белгілі. Әскерге алынған қыздар соғыс техникалары мен құралдарын жетік меңгерген. Шайқастарда ерлік көрсетіп халқының  абыройын асырды, елінің  даңқын шығарды. От пен оқтың арасында жүріп жаралыларды өлімнен құтқарды. Олар — Хиуаз Доспанова, Зоя Досбергенова, Райхан Ибраева, Гүлнұр Сейдалина, Роза Момынова, Жәния Берниязова, София Шияпова, Мафғидаш Шынтемірова,ФазилаТемірәлиева,т.б.

  • Енді осы соғыс кезінде ерлік көрсеткен қазақтың батырларынан кімдарді білесіңдер? ( Осы кезде оқушылар білетін батырлардың есімдерін атайды. Интерактивті тақтада  «Батырлар ұмытылмайды» слайдтар презентациясы  көрсетіледі)

 

     Мұғалім: Отан үшін от кешіп, қан  майданда жанын пида еткен, туған жерінен топырақ бұйырмай, жат елде мүрделері қалған боздақтар рухына бас иіп бір минут үнсіздік жариялайық (оқушылар бір минут үнсіздік жариялайды).

    

1-оқушы:

         Сен болмай, топталып жер, құрып егіс,

Тауысып өзен суын, нуын өріс.

Отан сәл дағдарғанда дабыл қағып,

Келдің бе, айналайын, Ұлы Жеңіс!

Көркіңнен ел де өзгеріп, көл де өзгеріп,

Алдыңнан мейрамдаған ел кез келіп,

Келіндей көп күттірген жарқ етіп бір,

Келдің бе, ұлы жеңіс, кербезденіп!

 

2-оқушы:

Бөленіп  кеткендей-ақ алауға алап,

Гүлдердей ашылсын деп жадау қабақ.

Келдің бемай айында біздің байтақ

Далаға қызғалдақтан жалау қадап.

 

3-оқушы:

Жұлдыздардай жанамыз біз, сөнбейміз,                                                                 Қасиетті байтақ Отан!                                                                                      Өлмей, Біз

Жау қолына жолдарыңды бермейміз,                                                            Көлдеріңді, белдеріңді бермейміз!                                                                           Әке өмір сүрген жерді бермейміз,                                                                         Сәби басар, жүрген жерді бермейміз!                                                              Барлық барар өрістерді бермейміз!                                                                            Қасиетті жеңісті енді бермейміз!                                                                            Бермейміз! Бермейміз! Бермейміз!  (хормен)

 

4-оқушы:

Аталарым қиындықты көп көрген,

Сүрінбеген  талай қиын өткелден.

Жастық шағын соғыс оты ұрлаған,

Шайқаста  да  атой салған, сынбаған

Сол жандардың аңыз болған ерлігін

Жиі еске алып, мақтан етем мен бүгін.

 

Қорытынды: «Отан» әнімен тәрбие сағатын аяқтау

 

 

Семей қаласы № 36 орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі: Мырзабекова Асем Мауткановна