Хх» дыбысы мен әрпі

Сабақтың тақырыбы:     Хх» дыбысы мен әрпі

Сабақтың  мақсаты:                       

  1. Білімділік. Хх дыбысы мен әрпін таныстыру, х әрпі бар сөздерді дұрыс оқып, сауатты жаза білуге үйрету. Кітап туралы ойларын, хат тасушы мамандығы бойынша түсініктерін кеңейту. Сауатты, әдемі, көркем жазуға үйрету.
  2. Дамытушылық. Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын, тапқырлық, ізденімпаздық қабілеттерін дамыту.
  3. Тәрбиелік. Кітапты күтіп ұстай білуге, кітапханашы, хат тасушы мамандық иелерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

 

Сабақтың типі:  жаңа сабақ

 

Сабақтың түрі:  ашық сабақ

 

Сабақтың әдісі: ізденушілік, танымдық сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, жеке, жұптық, ұжымдық жұмыс формалары.

 

Пәнаралық байланыс: дүниетану, математика, күнделікті өмірмен байланыс.

 

Сабақтың көрнекілігі: бейне таспа, компьютер, интерактивті тақта, ғаламтор, оқулық, суреттер, кеспе әріптер, үлестірме қағаздар.

 

БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім:

–  Балалар, қазір қандай сабақ болғалы тұр?

  • Әліппе сабағында біз не істейміз?
  • Олай болса мына тақтадағы сөздерді оқиықшы: «Қайталау — оқу анасы» (№1 презентация).
  • Бұл сөздерді қалай түсінесіңдер?

 

 

 

 

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Мұғалім:

– Сабақты қайталаудан бастайық. Ол үшін мына үйдің тұрғындарын атап шығайық. (киіз үйдің ішінен шыққан әріптерді  жарыса атау я, ю) (№2 презентация).

Бұл дыбыстар туралы не білеміз? (қосарлы дауысты дыбыстар, жеке тұрғанда буын құрайды)

«Жарыс» сөзіне қатысты қандай тапсырма беріліп еді? («Жарыс» мәтінін оқыту). Сұрақтармен қорыту. (тірек сөздер арқылы ойларын сұрау)

–  Мәтін не туралы?

–  Жарысқа қатысқан аю қандай бұрыс әрекет жасады?

  • Аю неге мәреге бірінші болып келді?
  • Жеңіске жету үшін осылай арадан қашып, жеңімпаз атану қажет пе?

Оқушылар бір бет параққа интерактивті таптадағы «аю, тақия, ою, пияз, қиярдың» суреттерін атап, естеріне сақтап жазады (№3 презентация).

 

Сергіту сәті. «Астана» туралы ән айту.

 

ІІІ. Жаңа сабақ.

  1. Тақтаға назар аудару: Хат, шахмат, дастархан, халат, хоккей, кітапхана, дәріхана, мейрамхана, емхана, шахтёр, суреттері иньерактивті тақтадан шығып, оқушылар ол суреттердің атауын атайды (№4 презентация).
  2. «Хх» дыбысына тоқталу – дауыссыз дыбыс, араб, парсы тілінен енген сөздің барлық жерінде кездесетін әріп екенін айту.
  3. Жазылуы – «Хх», баспа түрі – «Хх».
  4. Дәптермен жұмыс: Көркем жазу дәптеріне «Хх» дыбысын жазу.

(Дәл осы сәтте мектеп хатшысы келіп хат әкеледі)

Мұғалім:

  • Бізге кім келді? Хатшы бізге не әкелді?
  • Хат әкелді. Хатты не арқылы жазамыз? Тағы да қалай жазуға болады?
  • Компьютер арқылы хат жазуға болады. Оны интернет арқылы жазуға болады.
  • Хат тасушы адамды кім дейді? (Пошташы)
  • Пошташылар күнделікті 46 000 адамдарға хат тасиды, поштаға барған 1500-2000 адамдарға қызмет көрсетеді екен. Олар суық, ыстық күндерге қарамай елдің көптен күткен хаттарын тасиды екен. (Дәл осы сәтте сыныпқа мектеп хатшысы кіріп келеді). Ал, енді, осы хатпен танысайық.
  • Президентіміздің жолдаған хатын әрбір оқушы дауыстап оқиды.

ІV. Оқулықпен жұмыс. Оқушылар оқулықтағы «кітапхана» мәтінімен танысады. Мектептің кітапханашысы М.Михаиловна оқушыларға кітапты қалай оқу, күту керектігі жайлы айтып, кітапханаға жиі келетін оқушыларға алғысын айтады.

 

Сергіту сәті. «Сабырлы бала» атты бейне көрініс.

  1. Тексеру, бағалау.

 

  1. Бекіту.

Мұғалім:

  • Жарайсыңдар! Бүгін қай дыбыспен таныстық?
  • «Хх» әрпі сөздің қай жерлерінде кездеседі?
  • Бүгінгі сабақта қандай мамандық түрлерімен таныстық?
  • Бізге бүгін қонаққа кімдер келді?
  • «Хх»дыбысынан басталатын қандай жаңа сөздерді үйрендіңдер?

 

Ұжымдық жұмыс. Топтастыру, сөздердің мағынасын сұрау.

                     Ем                                     

 

 

Ас                                                   Дәрі

 

 

 

 

      Кітап                                              Шебер

 

                                                 Ұста                        

 

 

VІ. Қорытындылау.

Мұғалім:

– Балалар, біз бүгінгі сабақтан көп нәрсе үйрендік. Сол істі әрі қарай жалғастыру сендердің міндеттерің. Кітапты көп оқып, болашақта сіздерден ақылды, білімді ел азаматы шықсын. Мына емен ағашы сияқты мәуелі бәйтерек болуларыңа тілектеспін! Мынау білім елінен алып келген базарлық. (Кішкене қоржынның ішінен шыққан бестік бағалармен бүгінгі сабаққа қатысқан белсенді оқушыларды марапаттау).