Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ

209

Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ

Мақсаты:
1. Оқушыларды «Сөз мәйегі — мақал» дегендей, ата — бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету. Сөз өнері арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту, тапқырлыққа, даналыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: презентация, үлестірмелі карточкалар.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
Сайысқа қатысушы топтар ортаға  шығады. Әр топта бес оқушыдан. Топ жетекшілері сайланады.

Өтілу барысы:
Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар!
Бүгін біздің сыныбымызда өтетін  «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» ойынына хош келдіңіздер.
Бұл сайысқа екі топ қатысады:
1. «Сұңқар» тобы.
2. «Тұлпар» тобы.

Мұғалім: Құрметті ұстаздар сіздердің іштеріңізден әділ қазыларды сайлап алсақ.
Әділ – қазылар:
1. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Мажинова Г.Б
2. Бастауыш  сынып  мұғалімі: Жақыпбекова К.Б.

Мұғалім:   Алдымен мақал — мәтел дегеніміз не? Қысқаша тоқталып өтсек:Мақал — мәтел – ата бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанмен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал — мәтел – тәрбиелік мәні зор, рухани байлық. Осы тұста мен осы мақал мен мәтел айырмашылығын түсіндіріп өткім келіп отыр.  Мысалы: Мақалда қорытынды, тұжырымды түйін айтылады. Айтылар ой нақты толық жеткізіледі. Мысалы: «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі» деген мақалда елді қорғау, жерді қорғау нағыз жігіттің ісі екендігі айтылып тұр.  Ал, мәтелде ой тікелей білдірілмей тұспалдап, жанамалап айтылады.Мысалы: «Көппен көрген ұлы той». Мұнда не көрсең де халықпен бірге көр, өз басыңның ғана қамын ойлама деген сөз тұспалдап айтылып тұр.
Қазақ  ауыз әдебиетінен орын алған және ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу үстінде келе жатқан жанрдың бірі-жұмбақтар. Жұмбақтар заттың өзін айтпай, оның түр, түсін, сыртқы белгілерін, жұмбақ болып отырған затқа ұқсас жақтарын сипаттайды, ал заттың өз атын  жасырып ұстайды. Сондықтан да  алған нәрсенің өзін айтпай, оның сырт белгілерін қысқаша сипаттауды, солар арқылы жұмбақ етілген затты табуды-ЖҰМБАҚ дейміз. Халық  жұмбақтарының тақырыбы өте көп. Жаратылыс дүниесі, табиғат жайлы, еңбек кәсіп құралдары, хайуанаттар мен өсімдіктер, адам және оның өмірі, өнер-білім, техника т.б жұмбақтардың басты тақырыбы болуымен қатар мазмұны да болады.бұл тақырыптардың бәрі жұмбақ көлеміне енгенде әрқайсысы жалпылама түрде алынбай, бөлшектене, жекелене алынады.

Мұғалім сөзі:     Біздің мақсатымыз, оқушының білімге деген құштарлығын, ізденімпаздығын, оқу деңгейін және ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге салмақты ой айтуға үйрету болып табылады. Ендеше біз бүгінгі сайысымызды бастайық
1 — бөлім: «Кім көп біледі?» Қатысушы топтар мақал – мәтел айтудан жарысады.(1 минут уақыт беріледі, сол уақыттың ішінде топтар қанша мақал айтса, ұпай саны да соған қарап қойылады.

2 — бөлім: «Жалғасын тап»
(мақал — мәтелдің басы беріледі, қатысушы топтар мақалды жалғастырады)

1 – топқа:
1. Кітап – білім бұлағы,…. (білім – өмір шырағы)
2. Досы көпті жау алмас,…. (ақылы көпті дау алмас)
3. Әркімнің өз жері………( жұмақ)
4. Еңбек етсең ерінбей,… (тояды қарның тіленбей)
5. Жері байдың –… (елі бай)

6 .Батыр туса-ел ырысы, …..(жаңбыр жауса жер ырысы).

7.Әдепті бала — арлы бала……(Әдепсіз бала –сорлы бала).

8.Еңбек етпесең, елге өкпелеме,……(Егін екпесең ,жерге өкпелеме).

  1. Қыз өссе- елдің көркі……( гүл өссе жердің көркі)
  2. Мектеп-кеме……( білім теңіз)

 

2 – топқа:
1. Ақыл – азбайтын тон,…. (білім – таусылмайтын  кен)
2. Досы жоқ адам-,… (тұзы жоқ тағам)
3. Досы көпті жау алмайды,… (ақылы көпті дау алмайды)
4. Еңбектің наны тәтті,… (жалқаудың жаны тәтті)
5. Бірлігі жоқ ел тозады –… (бірлігі күшті ел озады)

  1. Бірлік болмай, …… (тірлік болмас).
  2. Ырыс алды,……. (ынтымақ).
  3. Ердің атын……. (еңбек шығарады).
  4. Көп сөз-күміс……(аз сөз алтын)
  5. Отан үшін……(отқа түс-күймейсің)

 

 

 

3 – бөлім: «Кім тапқыр?»- жұмбақ шешу.

  1. Жұмбақты екі топқа оқу қай топ бірінші шешеді.

Үй ішін аралап                                  Қаптарды жарып,

Түнде көп жортады,                         Мысықтан қорқады  ( тышқан)

 

Желден желігеді
Судан шегінеді.         ( от)

Бұрасаң  тетігін,               Өлшемін түн мен күн,

Соғады жүрегі.                 Әркім-ақ біледі.     ( сағат)
Еріксе, құйрығымен ойнайды,

Зеріксе,  ұйқыға бір тоймайды.  ( мысық)

 

Аұпыз, сары, көкпіз,                Жүреміз жайнап,

Түрлі, түрлі көппіз.                  Арасында шөптің.  ( көбелек)

 

Күндіз білінбейді,  түнде  күлімдейді.  ( жұлдыз)

 

Екі аяғы бар,  белінде таяғы бар.  ( А-әрпі)

 

 

4-бөлім: «Мағынаны түсіндір»

  • Жұмыла көтерген жүк жеңіл.
  • Күлме досыңа келер басыңа.

 

5 – бөлім: «Даналық ойдан дән ізде»
Мұғалім: Бұл бөлімде сандарды ретімен орналастырсаңдар, мақал-мәтел оқисыңдар.

 

1 топқа: кему ретімен.
Мектептің жүрегі – мұғалім.
М – 22,  і – 2,  е –21,  л – 3,  к – 20,  а – 4,  т – 19,  п – 17,  ғ – 5,  ң – 14,  ұ – 6,

ж – 13,  г – 9,  ү-12 ,  р – 11,  е-18,  т-16,  е-10,  і-15,  м-1,  і-8,  м-7.
2 – топқа: өсу ретімен.
Мектеп – кеме, білім – теңіз.

М-10,  і-23,   з-29,  е-17,    м-18,  е-14,   п-15,   м-24,   т-25,   е-19,   б-20,   е-11,  к-12,   е-26,       л-22,   і-21,  т-13,  к-16,  ң-27,   і-28

6-бөлім: « Көрермендер көзайымы» — көрермендермен  ойын жүргізу.

 « Сөз тапқанға »  (Әріп суырып, шыққан әріптен басталатын сөздермен жауап беру)
1- топқа
Суды немен ішесіз?
Сіздәі  құрбыңыз  кім?
Бүгін  балаңызда  неше сабақ?
Қандай тағамды ұнатасыз?
Қай көшеде тұрасыз?
Жасыңыз  нешеде?
Қай  фильмді  ұнатасыз?
Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
Көршіңіз  кім?
Ағаңыздың   есімі кім?
2-топқа
Сіздің  көршіңіз  кім?
Жан  досыңыздың   есімі?
Балаңыз қандай ертегіні ұнатады?
Қай жануарды   ұнатасыз?
Зат есімге мысал келтіріңіз?
Көйлекті неден тігеді?
Пырылдап ұйықтайтын не?
Сүйікті  тағамыңыз?
Жердің ортасында  не бар?
Балаңызға  үй тапсырмасын орындауға  кім көмектеседі?

Жеңген топты марапаттау.
Қорытынды.