Өсімдіктердің көбеюі

74

Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің көбеюі

Сабақтың мақсаты: 1. Өсімдіктердің тұқымнан көбейетінін көрсету,

өсімдік және оның мүшелері жайында

ұғымдарды қалыптастыру.

                                      2.Танымдық тапсырмалар, сұрақтар арқылы

оқушылардың дүниетанымын, шығармашылық

қабілеттерін дамыту.

3.Табиғатқа деген ізгілік сезімдерін ояту,

табиғатты сүюге, өсімдіктерге қамқорлық

жасап, күте білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, суреттермен жұмыс, түсіндіру.

Сабақтың көрнекіліктері: электронды оқулық, интербелсенді тақта,

сюжетті суреттер, слайдтар.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар, сабақта денемізді тік ұстап, партада түзу отырамыз.

ІІ.Жаңа сабақ.

1.Кіріспе әңгіме.

Өсімдіктердің тұқымнан және неше түрлі мүшелерінен көбейетінін түсіндіру. Өсімдіктердің көбею жолы өте көп екенін, ең негізгі көбею көзі – тұқым екенін дәлелдеу.

Жапырақтан

Өсімдіктердің тұқымнан, пиязшықтан, тамырсабақтан, түйнектен, қалемшеден  және жапырақтан көбейетінін түсіндіру. Олардың түрі, құрлысы. Өсімдіктердің осы бөліктер арқылы көбеюінің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

3.Өсімдіктердің жер астындағы бөліктері арқылы көбеюі.

а) Өсімдік тамырлары жайында алған білімдері.

ә) Топырақ арасындағы мүшелері туралы түсініктері.

ІV. Электронды оқулықпен жұмыс.

Өсімдіктедің тұқымнан таралу жолдарын әңгімелеу.

Көптеген өсімдіктер күзде тұқым шашатыны, мысалы қауашығы, жемісі қурап, шіріп топыраққа түсіп сіңеді, келесі көктемде олардан жаңа өсімдік көктеп өсіп шығады.

Өсімдіктер көбіне тұқымдары арқылы таралады. Қайың, жөке, тал, көктал ағаштарының тұқымдарында ұшатын «қанатшалары»  бар.

Бақбақ, қоға өсімдіктерінің тұқымдары үлпілдек түкті болады. Шамалы жел соқса желмен ілесіп ұша жөнеледі. Кейбір тұқымдарды жел айдап, талай жерге апарып тастайды. Селеу, қара сұлы сияқты өсімдіктердің тұқымы желмен ұшады да, үшкір ұщтарымен топыраққа қадалады.

Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Өсімдік көмір қышқылгазын жұтып, оттекті бөліп  шығарады. Маңайдағы шаң тозаңдарды жұтады.

  1. Сабақты қорыту. Өсімдіктердің көбею жолдарын еске түсіру.

VІ. Үйге тапсырма: Мәтінді оқып, түсінігін айтып беруге дайындалу,

суретін дәптерге салу.

VІІ. Бағалау.