Мәншүк. Сәду Машақов. 2сынып

Сабақтың тақырыбы: Мәншүк. Сәду Машақов.   2сынып

Сабақтың мақсаты:

А) М. Мәметова туралы мәліметтер айту.

Ә) Жас ұрпақты бейбітшілікті сақтау мен нығайтуға, өз отанын сүюге, аға ұрпақтың өсиетіне адал болуға тәрбиелеу.

Б) Ой өрісін, тілін дамыта отырып, өзін ортада еркін ұстап, ойын ашық     айтуға, жолдастарының ойын тыңдай білуге тәрбиелеу.

 

Сабақтың көрнекілігі: Мәншүк Мәметова суреті, Сәду Машақов суреті, Венн

диаграммасы, Ұлы Отан соғысы бейнеленген сурет.

Пулемет суреті.

 

Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы.

 

Сабақтың барысы:

  1. Қызығушылығын ояту. Қазіргі кезде өтіп жатқан тазалық айлығы

жөнінде әңгімелесу.

  • Қазір қай мезгіл?
  • Көктем айларын атаң?
  • Қазір қай ай?
  • Сәуір айында не жүріп жатыр?
  • Сенбілікте қалай қатысамыз?
  • Олай болса, сабаққа да ұйымшылдықпен бірауыздан қатысайық.

«Білікті болу білімді,

Білім ана тілімде» деп ана тілінен

  1. Үйге берілген тапсырманы сұраймыз?

Үйге: Н. Ғабдуллин «Батырдың мінезі» әңгімесін оқып, түсінгенін айту.

Оқушылардан үй тапсырмасын сұрап болып, сұрақ беріп қорытындылау.

  • Мәтінде кім туралы?
  • Б. Момышұлы кім?
  • Мәтін ішінде нақыл сөзді жатқа кім айтады?
  • Б. Момышұлына сипаттама берейік?
  • Б. Момышұлы атамыз қайда қатысқан
  • Соғысқа

 

  • Олай болса соғыс туралы не білеміз?

 

 

 

Венн диаграммасы ілініп, «Соғыс» туралы сөзіне талдау жасау.

табандылық
жеңіс
  • Ой толғау.

Нені білеміз? Жалпы осы соғыста халықтың елдің қамын ойлайтын кімдер?

Батырлар

-Басқа қандай батырларды білеміз?

Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі Бөгенбай, Абылай, Қабанбай, шаруалар көтерілісіндегі Махамбет, Исатай.

 

Нені білгім келеді?

Ұлы Отан соғысына қатысқан батыр апаларымыз Мәншүк, Әлия туралы білгіміз келеді?

-Олай болса бүгнігі жаңа сабағымызда Ұлы Отан соғысына қатысқан Мәншүк Мәметова апамыз туралы тереңірек танысатын боламыз.

  1. Кітаппен жұмыс.

«Мәншүк» өлеңінің авторы С. Машақов туралы түсінік беру. Өмірбаянымен таныстыру, шығармашылығымен таныстыру.

Мәншүк өлеңін мәнеріне келтіре оқып беру.

Өлеңді қара сөзбек түсіндіру.

  1. Сөздік жұмыс.

қаһар – ашу,

ыза ,қатуланған – ашуланған, кектенген

жасымаған – көңілі босамаған, әлсіздік көрсетпеген

қауіп-қорқыныш,қатер

VІ.Сергіту сәті «Әрқашан күн сөнбесін» ән

VІІ. Оқушыларға тізбектей оқыту

VІІІ.Дәптермен жұмыс

Батырлық,ерлік, туралы мақал-мәтел жазу

ІХ. Бекіту сұрақтары :

-Өлеңде не туралы айтылған?

-Өлең авторы кім?

-М.Маметова кім?

-Мәншукке сипаттама бер?

-Қызу ұрыс кезін сипаттайтын өлең жолдарын оқы.

-Мәншуктің пулеметі екенін неден аңғардыңдар?

 

ІХ. Қорыту.

Мәншук Мәметованы қандай қырларынан таныдыңдар?

Мәншук Мәметова-пулеметші.Ұлы отан соғысына қатысқан батыр қыз,

қазақтың қаһарман қызы. Кеңес Одағының батыры (1944). Екінші дүниежүзілік соғыста осы жоғары атаққа ие болған, шығыстан шыққа екі қыздың бірі.

Аға сержант .Псков облысы, Невель қаласы  үшін болған  ұрыста  ерлікпен қаза тапты.

Орал  қаласында батырға арнайы музей, Невель, Опол, Алматы қалаларында ескерткіш орнатылды. Алматыдағы №28 мектеп пен мед. Иниститут алдында ескерткіш, Алматы сілеміндегі шың Мәншүк  атымен аталған.

 

Х.Үйге тапсырма. Өлеңді жаттап келу. «Біз бейбітшілікті жақтаймыз» тақырыбына шығарма жазу.

 

ХІ.Бағалау. Сабақта белсенділік көрсеткен оқушыларды мадақтау, бағалау.

 

 

ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ

Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова
Дүниеге келгені:1922
Орда ауданы, Орал облысы
Қайтыс болғаны:1943 қазанның 16-ы
Невель
Мансабы:пулеметші

Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (шын есімі Мәнсия) — 1922, Орал облысы Орда ауданы ,— 1943 ж. қазанның 16-ы — қаһарман қазақ қызы, Кеңес одағының Батыры (1944).

Ата-анасынан ерте айырылған Мәншүк балалық, жастық шағын Алматыда Ә. Мәметованың тәрбиесінде өткізеді. Ұлы Отан соғысы басталған кезде Алматы медикалық институтында оқып жүрді.

1942 ж. тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-нші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты.

Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты.

Павлодар облысының колхозшылары Батыр қыздың құрметіне Мәншүк атындағы танк колоннасын құруға қаражат жинады. Туған жерінде оған ескерткіш орнатылған, Невель, Алматы, Орал, т.б. қалаларда Мәншүк атында көшелер бар. Республиканың ондаған мектептері, Қызылорда қыздар педагогикалық училищесі Мәншүк есімімен аталады. Қаһарман қыздың өмірі мен өшпес ерлігі жайлы «Мәншүк туралы жыр» (авторы — А. Михалков-Кончаловский, режиссері М. Бегалин) көркем фильм түсірілді.