Абай Құнанбаев туралы мағлұмат беру

289

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға Абай Құнанбаев туралы мағлұмат беру. «Күз» өлеңінің

негізгі мазмұнын ашу;

  1. Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, шығармашылықпен

жұмыс істеуіне ықпал ету, сөздік қорын молайту;

  1. Абай өлеңдері арқылы табиғатты сүюге, аялауға, сұлулықты бағалай

білуге  тәрбиелеу;

 

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

 

Сабақтың типі: жаңа сабақ

 

Сабақтың әдісі: ішінара іздену әдісі, пікірталас, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Бат» сергіту

жаттығуы, көрнекілік;

 

Сабақтың көрнекілігі: Абай Құнанбаев портреті, тақырыптық суреттер.

 

Сабақтың барысы:

              І.Ұйымдастыру кезеңі.

-Оқушылардың назарларын сабаққа аудару;

Ұқыпты –ұтар

Іздеген –табар

Оқыған-озар

Еріншек-тозар.

 

-Оқушыларды 3 орталыққа бөлу;

1-орталық.  «Сөйлеу» орталығы

2-орталық. «Өнер» орталығы

3-орталық . «Жазу» орталығы

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау;

 

«Өтірік өлеңдер»

1-орталық «Сөйлеу» орталығы

-Өтірік өлең дегеніміз не?

2-орталық «Өнер» орталығы

Өтірікке байланысты мақал-мәтелдер айту,

3-орталық «Жазу» орталығы.

Әр түрлі тақырыптарда 1 шумақ өтірік өлеңдер құрастыру;

 

ІІІ. Жаңа сабақ.

А) Қызығушылықты ояту;

-Балалар, суреттерден жылдың қай мезгілін көріп тұрсыңдар?

-Күздің қай кезі суреттелген?

-Қандай жыл мезгілдері бар?

-Осы жылдың 4 мезгілі туралы өлеңдер жазған кім?

Ә)  Мағынаны тану;

-Демек, бүгінгі біздің тақырыбымыз А.Құнанбаевтың «Күз» өлеңі болмақ.

 

 

1-орталық «Сөйлеу орталығы»

-Абай Құнанбаев кім? Абайдың өмірбаяны мен шығармашылығын          . таныстыру; АбайҚұнанбаев қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Шыңғыс тауында дүниеге келген. Абай жасынан білімге құштар, зерек болды. Ол ертегі, әңгіме, өлеңдерді көп оқыды.

Абай өз шығармаларында жастарды өнер – білімге, адал еңбек етуге, халыққа пайда келтіруге үндейді.

Абай – ұлы ақын, ғұлама ойшыл,  аудармашы, композитор.

2-орталық «Өнер» орталығы

-Абайдың қандай әндерін білесіңдер?

(Желсіз түнде жарық ай -әнін орындау)

3-орталық «Жазу орталығы»

-Абай шығармалары арқылы өз бойыңа не түюге болады?

(шағын эссе жазу)

 

1-орталық «Сөйлеу» орталығы

«Күз» өлеңін оқып түсінігін айту;

2-орталық. «Өнер орталығы»

-Өлең мазмұны бойынша сурет салу;

3-орталық «Жазу орталығы»

-Өлең мазмұны ішіндегі мағынасы таныс емес сөздерді табу?

Ыс-түтіннің күйесі

Құрысын заңы-әдеті құрысын деген мағынада

Күзеу-күзгі қоныс. Күзеуге мал баспаған, оты мол, қыстауға жақындау жайылым таңдап алынады.

 

«Бат» сергіту жаттығуларын орындату.

Бұл жаттығудың мақсаты: Абайдың бес асыл ісін саусақтар арқылы балалардың бойына қалыптастыру.

 

1-орталық. «Сөйлеу орталығы»

-Күзеу, қыстау, жайлау, көктеу деген не?

Қыстау — қазақтың байырғы қысқы мекенжайы, әдетте суы бар, ықтасынды, оты мол жерлерде орналасады. Қыстау аумағы, негізінен шарбақпен қоршалады. Айналасында ор қазылған қора жайлары болады.

Күзеу-күзгі қоныс. Күзеуге мал баспаған, оты мол, қыстауға жақындау жайылым таңдап алынады.

Көктеу–  көктемгі қоныс; шөптің жаңадан қаулап шыққан кезінде, көктем айларында мал жаятын өріс.

Жайлау— қыстаудың алыс жатқан даладағы қонысы. Жайлауды шөбі шүйгін, суы әрі мол, әрі тұнық, салқын ауалы жерден тарайды.

 

2-орталық. «Өнер орталығы»

— Күзгі табиғатты  бейнелеп беру;

3-орталық. «Жазу» орталығы

-Күзгі еңбек туралы жазу;

 

«САЛЫСТЫРУ»

1-орталық. «Сөйлеу» орталығы

Б.Тәжімбетовтың «Күзгі қарбалас» өлеңі мен А.Құнанбаевтың «Күз» өлеңдерін салыстыру;

2-орталық «Өнер» орталығы

Өз бетіңше «Күз» тақырыбына шағын эссе жазу немесе1 шумақ өлең шығару.

3-орталық. «Жазу» орталығы

Өлеңдер мазмұны бойынша қандай мақалдар айтуға болады?

 

ІҮ.Сабақты қорыту;

-Балалар, бүгінгі сабақта қандай өлең өттік?

-Өлең бойынша не білдік?

«Бүгінгі сабақтан білгенім»

-Әр оқушы өз ойларын жазады.

Ү, Үйге тапсырма

-Өлеңді жаттау;

Абай Құнанбаевтың нақыл сөздерінен кітапша жасау;

ҮІ. Бағалау

Оқушылардың өздерінің алдында бағалау парақшасы тұрады,сол бойынша өздерін бағалайды.

 

Оқушының

аты — жөні

Үй тапсырмасын орындауы 1-тапсырма 2-тапсырма Салыстыру Бағалау