Сан есім

Сабақтың тақырыбы:     Сан есім

Сабақтың мақсаты:

1. Сан есім туралы берілген білімді қайталау.

2. Оқушылардың тілін дамыту, сауатты көркем жазу дағдыларын жетілдіру.

3.Экологиялық тәрбие бере отырып, табиғат ананы, ондағы өсімдіктер дүниесі, құстар тіршілігіне сүйіспеншілік

сезімдерін тәрбиелеу.

 

Сабақтың көрнекілігі:        

Карточкалар, құстардың аттары жазылған, санамақ, плакат.

 

Сабақтың типі:                      Қайталау сабағы.

 

Сабақтың түрі:                      Дәстүрлі емес //  экологиялық – ертегі сабақ.

 

Әдісі:                                       Проблемалық  ой тастау, сұрақ-жауап, ізденушілік, жаттығу, талдау.

Тәсілдері:                                Көрнекілік

Салыстыру

Оқу техникалық құралдар

 

Пәнаралық байланыс:          Математика

Ана тілі

Дүниетану

 

Сабақтағы жаңа технология    

СТО бағдарламасы

 

 

Сабақта қолданылатын  стратегиялар: қызығушылықты ояту, ассоцияция, мағынаны тану ;

 

 

Сабақты жүргізу барысында оқушыларға қойылатын міндеттер: өзара сыйластық, жауапкершілік, өз ойын еркін жеткізу, тәртіп сақтау,

біреудің сөзін бөлмеу, айғайламау  (сабырлық сақтау), сұраққа толық жауап

беру

 

 

 

 

 

 

Сабақ барысы:

 

 

 

КезеңдеріМұғалімнің іс- әрекетіОқушылардың іс -әрекеті.

 

Түрі
І. ҰйымдастыруОқушылардың назарын сабаққа аудару.Оқушылар тынышталып, сабаққа әзірлік танытады.
ІІ. Мақсатын хабарлау.Сабақтың мақсаты, міндеттерімен таныстыруМұқият тыңдайдыХабарлау
ІІІ. а)  Қызығушылықты

ояту

(бағалау парағын тарату)

 

Неше жыл мезгілі бар?

Бірінші: қыс мезгілінде туғандар;

Екінші: көктемде туғандар;

Үшінші:жазда туғандар;

Төртінші: күзде туған балалар бөлініп орындарынан тұрады.

Белсенділік танытады. Әр жыл мезгіліне байланысты туылған балалар төрт топқа бөлінедіСұрақ-жауап

Топтастыру

ә) Қызығушылықты ояту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІҮ. Ассоцияция

 

 

Сан есім

 

Ү. Мағынаны тану

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-тапсырма орындау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-тапсырма орындау

 

 

-Біз, бүгін қазақ тілі пәні бойынша дәстүрден тыс, экологиялық-ертегі сабағын өткіземіз. Сан есім туралы өткенді қайталаймыз. Қайталау ертегі барысында жүріп отырады.

 

Сендер ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ме? Ертегідегі жан-жануарлар да, құстар да, ағаштар да, жалпы айтқанда айналадағы қоршаған табиғаттың бәрі де сөйлеп кетеді. Ертегі кейіпкерлерімен бірге біз де сөйлесеміз, пікірлесеміз, көмектесеміз. Олай болса ертекшімізді ортаға шақырайық, ол ертегісін бастасын.

 

 

Ертегінің кіріспе бөлімінен сан есімдерді тауып көріңдер.

 

 

Нұсқау беріп отыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Балалар, көгершінмен бірге Терек атаның ауыруын емдейтін дәрігер іздеп жолға шығайық. Ол үшін мынадай сұраққа жауап берулерің қажет:

-Сан есім дегеніміз не?

Біз теректі емдейтін дәрігер іздеп келе жатырмыз, алғашқы тапсырманы орындадық.

 

Енді көгершінмен бірге әрі аттанайық.

 

 

 

 

 

 

Мұғалім:

-Сауысқанның уақыты жоқ болса, онда біз көмектесіп көрейік, ол үшін келесі тапсырманы орындап жіберейік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалім:

-Қырғауыл үшін көгершінге біз көмектесіп жіберейік. Ол үшін берілген мәтіндегі сандарды сөзбен жазып, сөйлемдерді көшіріп жазсақ болғаны.

Әр топ өз топтарының атын ойлайды, топ жетекшісін сайлайды. Бағалау парағына өз тобындағы балалардың аттарын жазады.

 

 

Оқушылар жауап беріп отырады:

-иә.

Мұқият тыңдап отырады.

 

Ертекші Бексұлтан (оқушы):

-Ерте-ерте-ертеде жапан түзде жалғыз терек өмір сүріпті. Жиырма жасында ер жетіп, отызында бұғанасы бекіп, қырықта кемеліне келіпті де, елуден асқан соң қартая бастапты. Кейбір бұтақтары сынып, қотыр қабығының әр жеріне құрт түсіпті. Құрт көбейіп оның әр жерін тесіпті. Тұла бойы қақсап ауырған соң амал бар ма?

Терек Еркежан (оқушы):

-Ух, жаным-ай, жаным-ай! Енді не қылсам? Құрт ауыруына шалдықтым. Тесіп жеп барады, бұтақтарым сырқырайды, жапырақтарым сыздайды, жәрдем ете көріңдер

Ертекші Бексұлтан (оқушы):

-деп, терек күні-түні зарлай береді. Оның дауысын естіп, бір күні Ақ көгершін ұшып келеді.

Ақ көгершін Мөлдір (оқушы):

-Терек, ата! Ауыруыңыз жаман екен. Мен дәрігердің кім екенін білмеймін, дегенмен іздеп көрейін. (-деп ұша жөнеледі)

 

 

 

Қойылған сұраққа, арнайы белгі берген дайын топ бірінші жауап береді, тақтадағы сызбаға жазады.

 

Ертекші Бексұлтан (оқушы):

-Көгершін ұшып келе жатып бір төбенің басында отырған сауысқанды көреді де,оған келіп болған жайды баяндайды.

Ақ көгершін Мөлдір (оқушы):

-Сауысқан, Сауысқан! Терекке жақсылық жасай көр.

Сауысқан Ержан (оқушы):

-әр кімнің өз жұмысы бар ғой, менің көмектесуге уақытым жоқ.

І топ Қыс: реттік сан есімдерді есептік сан есімдерге айналдырып жазады

ІІ топ Көктем: есептік сан есімдерді реттік сан есімдерге айналдырып жазады.

ІІІ топ Жаз: сан есімі бар жұмбақ ойлап жазу.

ІҮ топ Күз: үлестірмелі карточкалармен жұмыс жасайды.

 

Ертекші Бексұлтан (оқушы):

Ақ көгершін одан әрі ұшып кетіпті. Қалың тоғайдың маңына жақындағанда Қырғауылды кездестіреді. Оған да мән-жайды хабарлайды.

Ақ көгершін Мөлдір (оқушы):

-Қырғауыл, Қырғауыл! Терекке көмектесе көр!

Қырғауыл Оңдасын (оқушы):

-Мен көмектесе алмаймын, уақытым жоқ, кешір!

Топтағы барлық оқушы жазады, топ басшысы тексеріп шығады.

Өз беттерімен  жазады

 

 

 

Сұрақ-жауап

 

 

 

Дауыс ырғағын келтіріп оқиды

 

Әр топ сан есімдерді табады, бір оқушы жауап береді: 20, 30, 40, 50

 

Терек қимылмен көрсетеді

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақ көгершін ұшқан қимыл жасайды.

 

 

 

 

Әр топтан кезек-кезек шығып, тақтада топтастырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топта талқылап, топ ішінен бір оқушы түсіндіреді, топ басшысы бағалауды ұмытпайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәптермен жұмыс. Бір бала дауыстап оқып береді.

ҮІ. Сергіту сәті

(тақтаға жазу)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4-тапсырма орындау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5-тапсырма орындау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

а) Проблемалық сұрақ

 

 

ә) Проблемалық сұрақ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҮІІ. Бекіту.

Жергілікті жер материалы: Біржан ауылы, Бестерек ауылы.

 

ҮІІІ.Үй тапсырмасын беру

 

 

ІХ. Бағалау

 

 

Х. Қорытындылау

 

«Көңілді санамақ» бойынша жұмыс

2-екі:

Баласына жекіріп (ж2ріп),

Ұрсып жатыр кекілік (к2лік),

Екіленіп (2леніп), секіріп (с2ріп),

«Алып қапсың екілік (2лік),

Екіншілей (2ншілей) екіңді (2ңді),

Көрсетпе»-деп жекірді (ж2рді).

-Санамақта неше екі бар?   (сегіз 2 бар)

 

«Көңілді санамақта» қандай құс туралы айтылған?

-Балалар, құстар екеш құстар да балапандары жаман баға алса, ренжиді екен ғой. Сендер де нашар баға алсаңдар ата-аналарың ренжиді. Сондықтан жақсы баға алуға тырысайық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Балалар, енді бұлбұлдың да тілегін орындайық. Мен мәтінді оқимын, сендер ішінен сан есімдерді ғана теріп жазасыңдар.

(кітаптан оқу)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Аққу да бізге тапсырма дайындапты. Соны орындап көрелік. Ойын: «Кім жылдам?» Сан есімі бар мақал-мәтел, өлең, жұмбақ айту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Балалар, ол қандай құс деп ойлайсыңдар? (тоқылдақ)

-Дұрыс айтасыңдар, ол тоқылдақ еді.

Олай болса бүгінгі ертегіге қандай тақырып қоюға болады?

 

 

 

 

 

 

 

-деп Ертекші өз ертегісін аяқтапты.

 

Ойын: «Сандар сөйлейді»

1қазан, 6бақан, 7ген, 2бастұз, 5терек, 1жан

 

 

 

-Өз қалауларың бойынша сан есімі бар өлең, әңгіме, жұмбақ, жаңылтпаш немесе өтірік өлең жазып келу.

Сабақта белсенділік танытып, тапсырманы орындау ерекшелігіне қарай оқушыға тиісті баға қою.

Жақсы қатысқан топтар, балаларды атап айта кету, қорытындылап, сабақты аяқтау.

Оқушылар санамақты оқиды, топта ойланады, ақылдасады, санайды, топ ішінен бір оқушы жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

Балалардың жауаптары: «Көңілді санамақта» кекілік құсы туралы айтылған

 

 

 

Ертекші Бексұлтан (оқушы):

Көгершін одан әрі ұшып кетіпті. Қалың тоғайдың ішінен құйқылжыта ән салған Бұлбұлдың үнін естиді. Ол Бұлбұлға да мұңын айтады.

Ақ көгершін Мөлдір (оқушы):

-Бұлбұл, Бұлбұл! Теректі емдеші!

Бұлбұл Әсел (оқушы):

-Кешір, Көгершін! Маған ренжіме менің өз кәсібім бар ғой. Менің әнімді ормандағы аңдар, құстар тұрмақ адамдар да жақсы көреді Сол себепті мен үшін адамдардан көмек сұра.

 

Топтан бір оқушы ғана жазуға болады, қалғандары көмектесіп отырады немесе жеке-жеке жазып, топта өзара оқиды. Екі топ бірінікін бірі тексереді.

 

Ертекші Бексұлтан (оқушы):

Көгершін ілгері қарай ұшып кетеді. Айдын көлде жүзіп жүрген Аққуға кез болады. Оған да теректі емдей көр деп өтініш айтады.

Ақ көгершін Мөлдір (оқушы):

-Аққу, Аққу, Аққужан! Теректі емдей көр!

Аққу Балауса (оқушы):

-Мен қасиетті де киелі құспын ғой. Мен бұл жерден кете алмаймын. Маған көп құстар келеді, ақыл-кеңес сұрайды, мен саған да ақыл айтайын. Сен осы тоғайда үйсіз-күйсіз, жұмыссыз жүрген құстар бар, солардың бірін тап та, өтініп көр. Мүмкін солардың біреуі саған ілесіп, Теректі емдеп қалар.

Ақ көгершін Мөлдір (оқушы):

-Сөйтсем, сөйтейін!

 

Әр топ кезек-кезек айтады, сан есімді атай кетеді.

 

Ертекші Бексұлтан (оқушы):

Көгершін Аққудың ақылын тыңдап, ормандағы сенделіп жүрген құстардың ішінен бір құсқа кез болады.

Ақ көгершін Мөлдір (оқушы):

-Құс, Құс! Терекке жақсылық жасай көр!

Құс Ердос (оқушы):

-Жасасам, жасайын, бұл менің қолымнан келетін шығар.

Ертекші Бексұлтан (оқушы):

Ол құс Көгершіннің тілегін орындап, онымен бірге Терекке келіп, оның құрт ауыруын жазған екен.

 

Әр түрлі жауаптар: «Тоқылдақ – орман дәрігері», «Мейірімді Ақ көгершін», «Құстар», т.с.с

 

Ертекші Бексұлтан (оқушы): Содан бері әлгі Терек жайқалып өсіп тұр екен Тоқылдақтар ағаштарды құттардан, шіруден сақтайды екен. Ал жасыл өсімдіктерді, ағаштарды күтсек, біздің денсаулығымызға пайдалы екенін білеміз.

Әр топтан білетін оқушы жауап береді.

 

 

 

 

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.

 

 

Бағалау парағы бойынша топ жетекшілері айта кетеді

 

Көңілді ойын-жаттығу

 

 

 

 

 

 

 

 

Сұрақ-жауап

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қимылмен, дауыс ырғағымен келтіреді.

 

 

 

 

 

Бір оқушы дауыстап оқып береді, сұрақ қояды, қандай сан есім екенін айта кетеді.

 

 

 

Қимылмен, дауыс ырғағымен келтіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жеке-жеке айтады

 

 

 

 

 

 

 

Қимылмен, дауыс ырғағымен келтіреді.

 

 

 

 

 

 

Сұрақ-жауап, балалар жауаптарын түсіндіреді

 

 

 

 

 

 

Тақтада ілінген сөздер

 

 

 

Шығармашылық тапсырма

 

Күнделіктеріне баға қою

 

Сұрақ-жауап