Кестеден тыс қосу және азайту

93

Сабақтың тақырыбы: Кестеден тыс қосу және азайту

Сабақтың мақсаты:

  1. Ауызша қосу, азайту тәсілдерін пысықтау.
  2. Өзіндік жұмыс жасау, топтық бірлесіп түсіну, арқылы ойлауды дамыту.
  3. Білім, білік, дағдыны, белсенділікті қалыптастыру.

 

Сабақтың көрнекілігі:    кесте, парақшалар, дидактикалық материалдар, деңгейлік тапсырмалар

Сабақта қолданылатын әдістер:     Топтық жұмыс.  СТО стратегиясы.

Сабақтың түрі: Жинақтау сабағы

Сабақтың барысы:

 

І. Қызығушылықты ояту.

1) Математикалық диктант.

Оқушылар тек жауабын жазады, кейін нәтижесін салыстырады, қателерді үстінен 1 рет сызып, жазады.

  • 60 пен 34 сандарының қосындысы неге тең?
  • 88 бен 44 сандарының айырмасын тап.
  • 50 санына 34 пен 4 сандарының айырмасын қос.
  • 35 санынан 12 мен 3 сандарының қосындысын кеміт.
  • 35 см –ге 3 дм 3 см-ді қос.
  • 60 саны шығу үшін 56 санына нешені қосу керек?
  • 70 саны шығу үшін 56 санына нешені қосу керек?
  • 100 саны шығу үшін 97-ге нешені қосу керек?
  • 90 саны шығу үшін 100-ден нешені азайту керек?
  • 85 саны шығу үшін 100-ден нешені азайту керек?

2) «Кім тапқыр?» ойыны.

 

ІІ. Мағынаны таныту.

Үш топқа бөлініп беріледі.

Баған түрінде есептеп, дұрыстығын тексереді.

1 – топ.

90- 58 =32              25 + 58 =80                     95см – 43см  =52см

2- топ.

57 + 13 = 70           42 + 28 = 70                    55см  — 41см = 14см

3 – топ.

56 — 36 =20             100 – 65 =35                   79 — 56 = 23

 

Оқушылар жауабын ауызша айтады.

 Шығармашылық жұмыс.

Салыстыр. Не байқадың?

Алдымен оқулықтан берілген есептердің қысқаша шартын салыстырады. Бұлардың бір – біріне кері есеп екені анықталады. (Содан соң барлық есепте баланың саны бірдей екеніне көз жеткізеді. Ал сандық мәндері әртүрлі болуы мүмкіндігін ескертемін, 100 болуы үшін қандай да 3 сан қосындысын еске түсіреді).

 

Сергіту сәті

 

Тапсырма. Әр топқа бөлініп беріледі. Нәтижесін тақтада тексеру.

1 – топ                                         2 – топ                                          3- топ

4 + 57 * 57 – 4                      55 + 45 * 45 + 55                        80 – 20 * 80 – 23

13 + 8 * 8 + 15                      77 – 14 * 87 – 14                        24 – 8 * 20 – 8

95 – 65 * 90 – 65                   80 + 2 * 20 + 8                          80 – 55 * 86 — 55

«Кім жылдам?» ойыны (тақтада орындалады, оқушылар алдымен есеп құрастырады, шешуін тақтада көрсетеді)

Зат атауы Бағасы Сенде болғаны… Қалды
37  теңге 50  теңге ? теңге
54  теңге 100  теңге ? теңге
46  теңге 50  теңге ? теңге

 

  1. Өзіндік жұмыс. Нұсқа бойынша бөлініп беріледі.

      І нұсқа                                                               ІІ нұсқа

100 – (17 + 33)                                                    78 – (14 + 28)

34 + 18 + 16 + 2                                                  (77 + 14) – 67

(25 + 35) – 32                                                      11 + 5 + 45 + 19

 

Үйге: №  —  4 тапсырма түсіндіріледі

 

Қорытынды

Бағалау.