Қабылдау қабілетін дамытуға арналған ойындар

570

Қабылдау қабілетін дамытуға арналған ойындар

 

  1. Ине мен жіп

Жүргізуші:

Мен ине боламын, ал сендер жіпсіңдер.

Сендер менің артымнан бір-бірлеріңнің белдеріңнен ұстап тұрыңдар. Қазір бәріміз алдымызда тұрған кедергілер арасынан үзілмей жүгіреміз. Кім жіпті үзсе сол ойыннан шығады.

 

  1. Бұл қашан болады?

Жыл мезгілдеріне байланысты суреттер көрсетіледі. Сол суреттер ішінен керек суретті көрсетіп әңгімелеп береді.

Кесте, құрал – жабдықтармен жұмыс

  1. Айлардың аттарын ата ?
  2. Жыл мезгілдерін түстерге сәйкес ата?
  3. Әр мезгілде неше ай бар?
  4. Бір айда неше апта бар?
  5. Қазір қандай жыл мезгілі және қандай ай?

 

 

  1. Не үлкен?

Отырған балаларға жүргізуші сұрақ қояды. Орындықтан не үлкен? Балалар кезекпен заттарды атайды. Ойын ойнаған кезде жүргізушіге атаған заттарды қайтадан айтуға болмайды және балаларға қайталауға болмайды. Кім екі рет шатасса ойыннан шығады. Жеңімпаз бала жүргізуші болады.

 

  1. Сиқырлы қапшық

 

Балаларды шеңбер жасай отырғызып жүргізуші олардың алдындағы кішкентай үстел басына отырады. Үстелдің басында сиқырлы қапшық тұр. Ішінде әртүрлі ұсақ ойыншықтар. Балаларды кезекпен шақырып қапшықтың ішіндегі екі бірдей затты тауып алуды талап етеді. Мысалы: екі доп, екі машина т.б.Балалар қолымен заттарды сипап бірдей затты тауып алған соң сипаттап айтады. Айтқанын тексеру үшін заттарды сыртқа шығарады, ойын осылайша жалғасады.

 

 

Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар

 

  1. Төрт құбылыс

Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші «су» — десе қолдарын алдына созады, «ауа» десе жоғары көтереді, «от» дегенде екіқолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса ойыннан шығарылады.

  1. Көңілді шеңбер

Балалар шеңбер жасап отырады. Бір – біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі бергенде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балаларға әр түрлі заттарды қыстырып қояды.(гүл, оамал, көзілдірік т.с.с.). Балалар көздерін ашқанда не өзгерді? – деп сұрайды. Ең зейінді балаға сыйлық беруге болады.

 

  1. Орныңды тап

Балалар шеңберге тұрады. Әр бала өзінің жанындағы баланы есінде сақтап, қарап алуы керек. Жүргізушінің бірінші белгісі бойынша, бөлменің жан – жағына тарап кетеді (белгі: шапалақтау, барабанмен беріледі ). Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда қай орында, кімнің қасында тұрғанын есінде сақтап, қайта шеңбер түзеді. Өз орынын таппаған балалар ойыннан шығарылады.

 

  1. Ойыншықты сипатта

Жүргізуші балаларғақолындағы ойыншықты мұқият қарап алуға ұсынады (1 минут). Алынатын ойыншықтар түрлі – түсті және бөліктері бірнешеу болуы шарт. Ойыншықты жасырып, балалардан сол ойыншықты көргендегі түр – түсі, көлемі, пішіні, дене бөліктерін есінде сақтағанын сипаттап беруді талап етеді. Ойыншықты дәл, нақты сипаттап берген бала ойынды әрі қарай жалғастырады.

 

  1. Сөзді есіңде сақта

Жүргізуші балаларға 7 қосарлы сөздерді оқиды. Балаларға мұқият тыңдау ұсынылады. Бірінші сөзді жүргізуші айтады, балалар келесі сөзді есінде сақтап қайталайды. Осылайша қалған сөздерді түгел айтып шығу керек.

  1. көктем – жаңбыр
  2. жаз – күн шықты
  3. аспан – бұлт
  4. жер – шөп

 

Зейінді тұрақтандыруға арналған ойындар

 

  1. Мен жеңімпазбын

Орындықтарды ортаға қойып, музыка әуені ойнағанда балалар шеңбермен айналып жүгіреді. Орындықтар саны балалар санынан 1 санға кем болуы керек. Ең соңында қалған бала орындықтың үстіне шығып, мен жеңімпазбын деп айтуы керек.

 

  1. Құлақ – мұрын

Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші: құлақ – деп мұрнын ұстайды. Ал балалар айтылған мүшені дұрыс көрсетулері тиіс. Жүргізуші балалардың зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатында оларды шатастырып атайды.

 

  1. Өз орныңды тап

Балалар қатармен тұрады. Әр баланың қолында әр түрлі сандар. Жүргізуші белгі берген уақытта балалар сандардың реті бойынша тұруға тиісті. Ойын бірнеше рет қайталанады. Балалардың орындарын шатастырып алмауы қадағаланады.

 

  1. Дайын бол

Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші бір сөз айтады, ал балалар сол сөзді іс – қимылмен көрсетеді. Мысалы: қоян – секіреді, құс – ұшады т.с.с.

 

  1. Зейінді бол

Балалар шеңберде тұрады. Жүргізуші әр түрлі қимыл – қозғалысты көрсетеді. Балалар қайталап тұрады. Жүргізуші ескерткен қозғалысты, мысалы: қос аяқпен секіру қозғалысын қайталамайды. Қайталаған бала ойыннан шығарылып, жеңімпаз жүогізуші болады.

 

 

Ойлауды дамытуға арналған ойындар

 

  1. Матадағы менің орным

Жердегі жатқан мата үстіне балалар белгі берген уақытта тұрып қалуы тиіс. Матаның өлшемін мұғалім кішірейте отырып ойынды жалғастырады. Бірақ ойында балалар мата бетінен шығып кетпеулері керек.

 

  1. Ойлан да аяқта

– лимон қышқыл, ал қант…(тәтті)

– егер үстел орындықтан биік болса, онда орындық…

– екі, бірден көп, ал бір…

– пышақ та, әйнек те…(өткір)

 

 

  1. Ойлан да аяқта

 

– Ат шабады, алқарлығаш…

– Ит үреді, ал қарға…

– Жылан жорғалайды, балық…

 

  1. Қарама-қарсы сөзді ата

 

Балалар шеңберге тұрады. Жүргізуші доппен балалардың арасында тұрады. Жүргізуші балаларға кезекпен допты лақтырып, бір сөзді айтады. Балалар сол сөзге қарама – қарсы сөзді айтулары тиіс.

Қара –

Күн –

Аласа –

Қиялды дамытуға арналған ойындар

 

  1. Менің көңіл күйім қандай

 

Балалар өз көңіл – күйлеріне сәйкес келетін суретті тауып атайды(көңілді – көңілсіз, ренжулі, қорқынышты, …т.с.с.). Сол кездегі өздерінің көңіл – күйлерін баяндайды. Басқа суреттегі көңіл – күйге сәйкес болған жайды әңгімелеп береді.

 

  1. Жаңа ертегі

 

Жүргізуші отырған балаларға ертегі кейіпкерлерін атайды, суреттерін көрсетеді. Мысалы: кемпір, шал, түлкі, арыстан, тышқан т.б. Аталған кейіпкерлерді біріктіре отырып жаңа ертегі мазмұнын құрастырып айтуды ұсынады. Балалар ертегі құрастырады. Ең қызықты ертегі ойлап тапқан бала жүргізуші болып ойын жалғастырады.

 

 

  1. Сиқырлы дөңгелектер

 

Баланың қиялын дамытуға арнайы бірнеше дөңгелектер беріледі, олардан балалар жануарлардың бейнесін жасау ұсынылады. Мысалы: Құлақтары үшбұрыш, көзін қиғаш сызықтармен, тұмсығы мен мұртын сызып мысықтың бейнесін салады. Аю, құлақтарын жартылай дөңгелек, көздерін екі дөңгелек, тұмсығы мен аузын салу арқылы аюдың басын салады, оның сыртқы бөлігінен ирек сызықтарды айналдыра жүргізу арқылы арыстанның басының суретін салып, бала өз қиялы бойынша суретті толықтырады.

 

  1. Қиял жалғасы

 

Тәрбиеші ойланып, балалардың назарын тақтаға аударады да өзі бірнеше сызықтарды бормен сызып қояды. (Толқын, сынық сызық, ирек т.б.) Менің қиялым бойынша осы сызықтардан алуан түрлі заттар жасауға болады. Қане, кім менің қиялымды жалғастырып өз ойларын толық сурет салып береді екен деп өз алдыларындағы парақ қағазға сызықты сызып суретке айналдырып, не салғаны жайында әңгімелеп беруді өтінеді. Балалар жұмысын бірге талдайды.