Рационал сандарды азайту. Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығы

123

Математика

Күні: 19.11.13

Сынып: 6 «ғ»

Cабақтың тақырыбы:   Рационал сандарды азайту. Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Рационал сандарды азайту ережелерін есептеулерде пайдалана білуге үйрету;Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын таба білуге дағдыландыру.

Тәрбиелілік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, тез шешім қабылдай білуге, пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, танымдық қабілетін, логикалық  сауаттылығын дамыта отырып, олардың  пәнге  деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, өз ойын сауатты түрде жеткізе білуді қалыптастыру.

 

Сабақтың әдісі:  жаңа тақырыпты меңгерту.

 

Сабақтың типі:  ойын — сабақ

 

Оқыту тәсілдері: Сұрақ – жауап, тест жұмысы, өз бетімен жұмыс, шығармашылық жұмыс.

 

Сабақтың көрнектілері:  Тесттер, таратпа материалдар, слайд, суреттер, кесте, оқулық, жұмыс дәптері.

 

Пән аралық байланыс: табиғатпен байланыс

 

Сабақтың құрал – жабдықтары:   ИТ, тест, слайд.

 

Сабақ жүрісі:

                        І.Ұйымдастыру

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Тірек схемалары бойынша сұраққа жауап
  2. «Топтастыру стратегиясы»

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру;

ІV. «Білімің – ұшар қанатың» (оқулықпен жұмыс)

  1. Табиғатпен байланыс “Ойлан, тап!” ойыны
  2. «Сергіту сәті» (логикалық сұрақтар, жұмбақтар)

            VII. «Шешуші сәт.» Тест

VIIІ. Қорытындылау; Бағалау.

ІХ. Үйге тапсырма

 

Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз ойын түрінде өтіледі. Жоспармен танысайык:

І-кезең.      Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Тірек схемалары бойынша сұраққа жауап
  2. «Топтастыру стратегиясы»

ІІ-кезең. Жаңа тақырыпты түсіндіру;

ІІІ-кезең. «Білімің – ұшар қанатың» (оқулықпен жұмыс)

ІV-кезең. Табиғатпен байланыс “Ойлан, тап!” ойыны

V-кезең  «Сергіту сәті» (логикалық сұрақтар, жұмбақтар)

VІ-кезең  «Шешуші сәт» (тест тапсырмалары)

 

І кезең. 1. Тірек схемалары бойынша сұраққа жауап

  1. — 12 + ( — 24 )  — 36
  2. Кез-келген теріс сан оң саннан кіші
  3. а кез — келген теріс сан нөльден  a < 0
  4. Қарама – қарсы сандардың қосындысы 0-ге тең
  5. Координаталық түзу бойында -3,2 саны -3 тің   Сол жағында

 

  1. «Топтастыру стратегиясы»

 

Сандардың түрлері
Натурал сандар
Оң сандар
Бүтін сандар
Рационал сандар
Теріс сандар
Қарама-қарсы сандар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ-кезең. Жаңа тақырыпты түсіндіру;

  1. Бір саннан екінші санды азайту үшін, азайғышқа азайтқышқа қарама-қарсы санды қосу керек:

 

1-мысал

-18-14=-18+(-14)=-32

2-мысал

4,9- (+6,2) = 4,9+(-6,2)=-1,3

3-мысал

(-5) — (-2  )=-5+2  = — 2

4-мысал

 

  1. 2. Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын табу үшін оның оң жақ шеткі нүктесінің координатасынан сол жақ шеткі нүктесінің координатасын азайту керек:

Егер А(-5) және В(9) болса, АВ кесіндісінің ұзындығы неге тең?

9-(-5) = 9+5= 14

 

IІІ-кезең. «Білімің – ұшар қанатың» (оқулықпен жұмыс)

 

490 (2)

Айырманы табыңдар

(-5,6)-(-5,6)=-5,6+5,6=0

(-2,9)-(-4,3)=-2,9+4,3=1,4

(-9,2)-(-5,3)=-9,2+5,3=-3,9

 

№496 (2)


Координаталық түзудегі АВ, СD, EF, KL кесіндісінің ұзындығын табыңдар:

  1. А(-7); B(2)                                         б)E(-6); F(-2)

AB= 2-(-7)=2+7=9                                              EF= -2-(-6)=-2+6=4

ә) C(-5); D(1)                                           в)K(-4);  L(0)

CD= 1-(-5)=1+5=6                                   KL=  0-(-4)=0+4=4

 

 

 

 

ІV-кезең. Табиғатпен байланыс “Ойлан, тап!” ойыны

  1. Есептей отырып, белгісіз құс атауын табыңдар


  • — 379 + 948 =
  • — 0,81 + 0,66 =
  • — 7,6 + 19,2 =
  • — 2,6 – (- 1,4) =
  • 3,2 – 6,28 =
  • — 1408,7 + 408 =
  • -817 + 817 =
  • — 13,25 – 11,05 =
  • 569
  • — 0,15        
  • 11,6
  • -1,2
  • — 3,08
  • — 1000,7
  • 0                  
  • — 24,3                                  


Фламинго

 

V-кезең.  «Сергіту сәті» (логикалық сұрақ, жұмбақ)

Логикалық сұрақтар:

  1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал егер екі аяғымен тұрса,оның салмағы қанша? (3кг)
  2. Үстел беті төртбұрышты, оның  бір бұрышын арамен кесіп алсақ неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
  3. Төрт қойдың неше аяғы  бар? (16 аяқ)
  4. Наурыз тойы кезі. Ат жарысы  өтуде. Үш пар ат 60км шауып өтсе, әр ат  неше км-ден  шабады? (60 км)

Жұмбақтар:

 

  1. Бүтін сан, бөлшек сандар,

Барлығы да бар онда.

Бұл қандай сан айтыңдаршы

Оң, теріс сан бәрі осында

(Рационал сандар)

  1. Нәрселерді санағанда,

Керек ол бізге ауадай.

Айтыңдаршы бұл қандай сан

Жан-жағыңа қарамай.                      (Натурал сан)

 

VІ-кезең  «Шешуші сәт»  (тест)

Тест тапсырмалары:

 

  1. -29 + 50 =

А) 79        Б) 21       В) -21

  1. 2. -4,3 + 7,5 =

А) 11,8      Б) -3,2     В) 3,2

  1. 3. -1,8 – (-9,5) =

А) 7,7       Б) 10,3      В) -8,7

  1. 3,8 + х = — 2,7

  А) -6,5       Б) -1,1      В) 0


 


  1. — 11,9 + (-6,7 +11,9)

        А) 6,7       Б) 5,6       В) -6,7

6.- 9,1 – (7,6 – 9,1)

        А) 7,6       Б) -6,7       В) -7,6


VII. Қорытындылау; Бағалау.

VIII. Үйге тапсырма: № 491, 496 (1) есептер