Ұстазым, ұлағатым, үлгі — өнегем!

436

Тақырыбы: «Ұстазым, ұлағатым, үлгі — өнегем!»

Мақсаты: Оқушы бойына халқымыздың асыл қадір-қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтау үшін және салт-дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, мейірімділікке, жаман мен жақсыны ажырата білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

Мұғалім:  Армысыздар аяулы ұстаздар! Күздің тамаша шуақты күнінде, қазан айының алғашқы аптасында республика көлемінде тойланатын ерекше мереке- ұстаздар мерекесі құтты болсын!Сіздерге зор денсаулық Еңбектеріңізге шығармашылық табыс, отбасыларыңызға амандық тілейміз.

Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,

Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған

Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар

Өздеріңмен бастау алар бар арман!

Алдамасын үміт бізді жетелесін арманға

Ұстаздардың қасиетін кемітетін жан бар ма.

Еліміздің келешегін тәрбиелеп отырған

Бас иіңдер, ұстаз деген қасиетті жандарға!

Көз алдыма елестейді бір алып

Келбеті де, тұлғасы да тұр анық.

Ақыл алып келе жатыр өзіңнен

Өзіңменен келе жатыр нұр алып-деп келесі сөз кезегін 2- 4 сынып оқушыларына береміз.

Аружан:

Ұстаз болу –жүректің  батырлығы,

Ұстаз болу-сезімнің ақындығы

Ұстаз болу-мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы

Асылай:

Ұстазға керек үлкен жүректілік,

Ала алмас беделді ешкім тілеп тұрып.

Шын бедел ел таңдауы, халық сыйы,

Оны ешкім бере алмайды үлестіріп

Аружан:

Ұстаздар қандай ғажап халықсыздар!

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар,

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар!

Асылай :

Тұла бойың тұнған сабыр, кешірім,

Айқара аштың бізге білім есігін.

Өр тұлғаңды балап шыңға, ұстазым,

Мен өзіңе тәнті блсам, несі мін?!

Бала елдің болашағы болғанда,

Зор пайданы тигізесің қоғамға

Мамандығың –кәсіптердің абзалы

Адамдығың қымбат бізге одан да.

Қайсар:

Жаққан білім шырағын,

Таққан ғылым тұмарын

Әліппені үйреткен,

Ол кім десең- мұғалім!

Баптап ойдың қыранын

Тапқан асқақ тұрағын

Жазуға да үйреткен,

Ол кім десең-мұғалім

Алдияр:

Шырқап шаттық жыр — әнін,

Ашқан ақыл бұлағын.

Жақсылыққа үйреткен,

Ол кім десең – мұғалім!

Айтқаныңды ұғамын,

Білімді боп шығамын

Биіктерден көрінсем-

Сенің арқаң – мұғалім!

Т.Сабина:

Сәбилік көңілден

Арналды бұл әнім

Баулитын өмірге

Ақылшым – мұғалім.

Тіліңді аламын

Айтқанды ұғамын

Мен сендей боламын

Ақылшым – мұғалім

Арқаңда өзіңнің

Адам боп шығамын

Бәрі алтын сөзіңнің

Ақылшым – мұғалім!

З.Сабина:

Данышпан да, дана да оқып сенен

Атақ – даңқын асырды бар әлемнен

«Ұстаз» деген аяулы, асыл жанды

Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!

Аружан:

Аяулы ұстаз! Өлшемі жоқ бағаңның

Айтыңдаршы, таласады оған кім?

Еленуде елге істеген еңбегің,

Айтады алғыс шәкірттерің саған мың!

Ән:  «Ардақты мұғалім»

    Мұғалім: Иә, жаңа оқу жылымен қатарласа келетін мұғалімдер күні де осы күздің үлесіне тиіпті. Ендеше осы білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздарға деген құрмет арта бермек.  Мұғалім – мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қиял-әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі.

   Мұғалім – оқушы үшін ең жоғары адамгершіліктің үлгісі. Сондықтан да ол оқушы жүрегінде ұмытылмас із қалдырады. Тыңдағандарыңызға рахмет. Осымен лездемеміз аяқталды.