Буын үндестігі

56

Сабақтың тақырыбы:      Буын үндестігі. 13– 18- жаттығулар

Сабақтың мақсаты    1.  Оқушыларға түбір сөздегі дауыстылардың жуан не жіңішке

болып келуіне орай оған жалғанатын қосымшалардың да жуан

не жіңішке болып жалғанатынын бдайқату.

  1. Өз бетінше жұмыс істерге үйрету; сөз мағынасын түсініп,

байланыстырып сөйлеуге, сөздік қорын молайтуға жетелеу;

  1. Сауатты, таза жазуға үйрету.

 

С/көрнекілігі: Кесте, қ/т өзіндік жұмыс дәптері, т/суреттер.

 

кезең Мұғалім мен оқушының іс-әрекеті
I.Ұйымдастыру

 

 

 

 

1.    Үй тапсырмасын тексеру

Төмендегі сөздерге қосымшаларды дұрыс тауып жалғап, қандай үндестік екенін айтыңдар:

Мал          лар                   қой                тар                       әйел           м

Бала         дар                   қонақ             ды                       шеше         сы

Түйе        лар                   бойдақ            қа                        аға               і

 

II   Жаңа тақырып

Оқушылардың оқулықпен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру бойынша тапсырмалар

   Қызығушылықты ояту: Ережені еске түсірейік.

Көрнекі құралдың көмегімен (плакаттар) түсіндіру.

Буын үндестігі                                           

Қа+ғаз+ды

Те+ре+зе+ге

Ба+ла+лар+ға

Ең+бек+тің

2.  Оқулықтағы ережемен жұмыс.

 

III  кезең

Деңгейлік тапсырмалар

 

 

 

 

 

 

 

 

I  деңгей

13–жаттығу. Сөздерді оқы. Сөздерді буынға бөліп көшіріп жаз.  Соңғы буындағы дауысты дыбыстардың жуан немесе жіңішке екенін айт.

II деңгей

14-жаттығу.Жуан дауысты дыбыстары бар сөздерді бағанның оң жағына, жіңішке дауысты дыбыстары бар сөздерді сол жағын.а көшіріп жаз.

15-жаттығу. Өлеңді оқып, жатқа жаз. Қарамен жазылған сөздерге жалғанған буындар қандай буын екенін және себебін айт.Өлеңнің мағынасын түсіндір.

 

III  деңгей

16-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Жіңішке қосымша жалғанған сөздердің астын – бір, жуан қосымша жалғанған сөздердің астын екі рет сыз.

17-жаттығу. Төмендегі сөздерге қосылған буындардың дауысты дыбыстары неліктен жуан,неліктен жіңішке екенін бір – біріңе дәлелде.

 

Сабақты қорытындылау.    1. Топтық жұмыс:

1-қ:                                                               2-қ:

Жуан қос.                                              Жіңішке қос.

Үйге: 18-жат.. Б/бағалау.