Мәтін

89

Сабақтың тақырыбы:   Мәтін . 1– 7 – жаттығулар

Сабақтың мақсаты    1. Оқушылардың 3 сыныпта алған мағлұматтарына  сүйене

отырып, мәтін және оның түрлері туралы білімдерін кеңейту;

мәтінді талдауға,  негізгі ойды табуға, ой қорытындысын

жасауға және мәтін   құрастыруға үйрету.

  1. Көркем жазуға дағдыландыру, сөздік қорын дамыту.

Белсенділігі мен ынтасын, оқу-білімге деген қызығушылығын

арттыру.

  1. Сауатты, білімді болуға тәрбиелеу. адамгершілікке,

еңбекқорлыққа, табиғатқа, жан-жануарға деген қамқорлық,

сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

 

С/көрнекілігі: Кесте, қ/т өзіндік жұмыс дәптері, т/суреттер.

 

кезең Мұғалім мен оқушының іс-әрекеті
I.Ұйымдастыру

 

 

 

 

    1.   Бағдарлау – мотивациялық кезең.

Мұғалім                                                 Балалар /хормен/

Әрбір адам?                                          Туысым, досым, жұрағат.

Әрбір сабақ?                                         Үйрену, ұғу, ұлағат.

Әрбір ісің?                                             Тірлік, тірек, адамдық.

Әрбір сөзің?                                           Шындық, бірлік, адалдық.

  1. Сурет б/ша жұмыс:
  2. Әңгімеге ат қою
  3. Мәтіннің түрлерін ата
II   Жаңа тақырып

Оқушылардың оқулықпен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру бойынша тапсырмалар

Мәтін

 

 

 
әңгімелеу          сипаттау            пайымдау

 

Мәтіндегі негізгі ой – автордың айтқысы келген басты пікірі. Мәтіндегі тақырып пен негізгі ой бір – бірімен тығыз байланысты.

III  кезең

Деңгейлік тапсырмалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I  деңгей

1–жаттығу. Жеке сөйлемдер мен мәтінді салыстыр.Мәтінге тән белгілерді еске түсір.

II деңгей

2-жаттығу. Берілген сөйлемдерді мағыналық байланысына қарай орналастырып, мәтін құрастыр.

3-жаттығу. Мәтінді көшірніп жазып, сөйлемдерді байланыстырып тұрған сөздерді тап.Кесте арқылы оның мәтін екенін дәлелде.

III  деңгей

4-жаттығу.Мәтінді оқып, ат қой. Мәтіндегі сөйлемдердің өзара қалай байланысып тұрғанын көрсет.

5-жаттығу. Мәтінді мағыналық байланысына қарай ретімен дұрыс көшіріп жаз.

 

Сабақты қорытындылау.         1-қ                      2-қ                      3-қ .

Әңгімелеу           Сипаттау              Пайымдау

 

Үйге: 6-жат.. Б/бағалау.