Құрмалас сөйлем

106

Сабақтың тақырыбы:      Құрмалас сөйлем .       13 – 18 — жаттығулар

Сабақтың мақсаты:       1. Құрмалас сөйлем туралы түсінік беру, жай сөйлемнен

өзгешелігін байқату.

  1. Ауызекі сөйлеу, ақыл-ой, шығармашылық қабілеттерін

арттыру.

  1. Оқушыларды сауатты, көркем жазуға тәрбиелеу.

С/көрнекілігі: Кесте, жұмбақтар, қ/т өзіндік жұмыс дәптері.

 

кезең Мұғалім мен оқушының іс-әрекеті
I.Ұйымдастыру

 

 

 

 

 

 1.  Бағдарлау – мотивациялық кезең.

2.   «Оқушы қызығушылығын ояту.»

Сөйлем туралы не білеміз?

Сөйлемдердің айтылу мақсатына қарай қандай түрлері бар?

Сөйлем құрамына қарай нешеге бөлінеді?

 

II   Жаңа тақырып

 

Оқушылардың оқулықпен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру бойынша тапсырмалар

3. Ережемен жұмыс:

 

           Екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз. Мыс: Қамажай келіп, мені театрға ертіп кетті.

Құрмалас сөйлем

 

Салалас              Сабақтас               Аралас

 

4. Негеш пен Білгішбектің диалогы

III  кезең

Деңгейлік тапсырмалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I  деңгей

13 –жаттығу. Бағанның  екі жағындағы сөйлемдердің әрқайсысында қанша ой берілгенін анықта, олардың тыныс белгілеріне көңіл бөл.

 

II деңгей

15-жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз. Мәтіндегі сөйлемдердің қайсысы жай сөйлем, қайсысы құрмалас сөйлем екенін айт. Құрмалас сөйлемнің жай сөйлемнен өзгешелігін тұсіндір.

III  деңгей

16 -жаттығу.  Өлеңде неше  құрмалас сөйлем бар екенін анықтап, 1 – шумағын жатқа жаз.

17  -жаттығу. Ребусты шеш. Екі жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемге айналдырып жаз.

 

Сабақты қорытындылау. Топтық жұмыс:

1-топ;                          2-топ;                                 3-топ;

Жай сөйлем           Жай сөйлем                  Құрмалас сөйлем

 

Үйге:  18- жат. Б/бағалау.