“Табиғат — алтын бесік” ашық тәрбие сағаты

800

“Табиғат алтын бесік” ашық тәрбие сағаты

Мақсаты: Табиғаттың алуан сырларын білуге, қоршаған ортаны қорғауға баулу.

Табиғат туралы танымдарын молайту, ой өрісін кеңейту.

Туған жер, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекілігі: Видеопроектордан табиғат суреттері, табиғат туралы нақыл сөздер.

Барысы: 1.Үйымдастыру.

  1. Кіріспе сөз.

 

Табиғат жүрекке жылы,көңілге қонымды терең мағыналы сөз, ұлағатты мол ұғым емес пе? Табиғатсыз өмір жоқ.Ол бар байлықтың көзі, адам өмірінің негізі. Табиғат — бізді қоршаған дүние. аспан,жер,тау, су, жануарлар мен өсімдіктер әлемі. Адам қашанда табиғат әсемдігіне,сұлулығына тамсанып таңданған, қуанып шабыт алған және қамқорлық жасаған.

Туған жеріміздің табиғаты адам айтқысыз әсем әрі бай. Ұшы қиырыжоқ теңіздей шексіз дала, неше алуан шөп, қызыл жасыл шөп өрнектеп кілем жайғандай. Табиғаттың ғажайып көріністері адам жанын үйлесімділікке, жарасымдылыққа шақырып тұрғандай. Туған жеріміздің табиғатын аялап, гүлдендіру өз қолымызда.

Адам табиғатынан сұлулықты, әдемілікті үйренеді. Ол үшін адамға табиғатты тану, сезіну және оның ерекше екенін терең түсіну керек. Адам табиғаттың сұлулығын әсерлі сөзбен, сырлы өлеңмен, ғажап суреттермен жеткізе алады. Адамның табиғатқа деген сүйіспеншілігі оның сұлулығы мен байлығын сақтауға көмектеседі.

 

  1. Сұрақ жауап.
  2. Айнала қоршаған ориадан көздеріңе түскен табиғат заттарын атаңдаршы?
  3. Қандай табиғат құбылыстарын білесіңдер?
  4. Адам қолымен қандай заттар жасалады?
  5. Адам табиғатты зерттеп, нелер ойлап тапты?

 

  1.    Әдеби монтаж

Табиғат сұлулығына суретшілер сурет салса, ақындар өлең жазып, ал сазгерлер ән жазған. Ендеше, табиғат жайлы не біледі екенсіңдер, байқап көрейік.

Хормен: Армысың, шапағатты күніміз,

Армысың, мейірімді жеріміз.

Армысың, табиғат анамыз,

Келді сізге өзіңіздің балаңыз.

(Оқушылар табиғат жайлы жаттаған өлеңдер, нақыл сөздер айтады)

— Туған жер, өскен ел тәрізді жүрекке жылы сөздердің бәрі де “Табиғат” деген таңғажайып ұғыммен бірігіп жатады. Олай болса “Табиғат деген не?” жауап беріңдерші.?

(Ә.Ысқақ “Табиғат деген не?” рольге беріліп айту)

 

— Табиғат сұлулығына құмартпаған адамзат баласы жоқ шығар. Қазақ елі сол сезімді мыңдаған жылдар бойы кіршіксіз сақтап, ұрпақтан ұрпаққа тәрбиелік маңызы зор үлгі өсиет ретінде беріп келеді. Ата аналарымыз ескерткен тыйым сөздері мен дәстүрлік болжамдарын еске түсірейік.

 

  1. Сергіту үшін ойын”Жер,су ,ауа”

 

Біздің ата бабаларымыз бұлақтың көзін ашып, айналасына жасыл еккен.Әрбір ұрпақ үшін ата бабаның туған жжер табиғатын қорғау дәстүрі — әрі өнеге, әрі асыл мұра.

  1. Табиғатқа өздерің қандай қамқорлық жасадыңдар?Әңгімелеп беріңдер. ( Оқушылар өз ойларын ортаға салады)

Сөйлемдерді толықтырып айтыңдар.

— табиғатқа қамқорлық керек, өйткені……….

— табиғатқа қамқорлық керек, өйткені……….

— табиғатқа қамқорлық керек, өйткені……….

Керекті сөздер:мен табиғатты сүйемін, табиғат менің екінші анам, табиғат сұлулық мекені т.б

  1. Табиғатқа тілек айтайықшы.

—  Күніміз ашық болсын!

—  Суымыз тұнық болсын!

—  Гүліміз жақсы өссін!

—  Ауамыз таза болсын!

Хор: “Атамекен”

 

  1. Қорытынды

 

Біз әсем табиғат аясы, ондағы тіршілік және қорғау туралы білімімізді ортаға салдық. Енді осыдан не үйреніп, не білдік? Табиғат дегенде көз алдарыңа не елестеді? (Көз алдарыңа елестеген заттың суретін салу немесе атауын жазу)

 

 

 

 

Табиғат

 

 

 

Топпен жұмыс.

I топ: Табиғат көрінісін аппликациялау

II топ: Табиғат көрінісін бейнелеу.

III топ: Табиғат көрінісін бейнелеу.

Қорытынды сөз. (Көрнекілікке шолу жасалады)

Табиғатты аялау — әрбір адамның абыройлы да азаматтық парызы. Табиғатты сүйе білген, оны аялай білген адамның ары да, жаны да таза болады. Жасыл желекті ағаштарды, әсем гүлдерді,сайраған құстарды, жан жануарларды қорғаңдар! Жер сенің аяулы бесігің. Осы жер үстінде сен тіршіліктің есігін аштың. Бүкіл тіршілікке жер үлкен қара шаңырақ іспеттес. Сондықтан да сен өз туған жеріңді, оның табиғатын қорғай біл!

Хормен:

Табиғатты қорғауға,

Өсімдікті жұлмауға.

Ант етеміз!

Құстарды атпауға,

Балапанын сақтауға

Ант етеміз!