Көжек»мәтіні арқылы шығармашылыққа жетелеу

90

Сабақтың тақырыбы: «Көжек»мәтіні арқылы шығармашылыққа жетелеу.

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға халық ертегілері мен аңыздардын ажырата білуге үйрету.Мәтінді толық меңгерту.Оқу жылдамдығын арттыра отырып,олардың өз беттерінше түсінгендерін айта білуге,әрбір тірек сөздер арқылы мәтінді толық меңгеріп,өз ойын жеткізе білуге дағдыландыру.

2.Дамыта оқытуға негізделген жұмыстар мен тапсырмалар. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру.Өз бетінше жұмыс орындауға баулу.Озат оқыту.

3.Оқушыларды еңбекқорлыққа,адамгершілікке,отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:Оқулық,тірек сөздер,сөзжұмбақ,үн таспа.

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,тірек сөздермен жұмыс.

Сабақтың түрі:Шығармашылық ізденіс сабағы.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Сергіту сәті.

3.Үй тапсырмасы.

4.Халық ауыз әдебиеті(аңыз,ертегі)

5.Суретті жұмбақ.

6.Ертегілер үш топқа бөлінеді.

7.Дәптермен жұмыс

8.Ерте,ерте,ертеде

9.Тірек сөздер(жаттау)дәптермен жұмыс.

10.Мағынаны ашу.

11.Мәтінмен жұмыс.

12.Бекіту сұрақтары.

13.Сергіту сәті.(Жануарларға құйыр.не үшін қажет?)

14.Сын тұрғысынан ойлау.

15.Топпен жұмыс.Шығармашылық жұмыс.

16.«Туған жер»қорытындылау.

17.Бағалау.Үйге тапсырма.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

-Құрметті қонақтар,біздің уақытымыз белгілі болса,бізде әдеттегідей ана тілі сабағы.

Сабақтың мақсаты:оқушыларға халық ертегілері мен аңыздарды ажырата білуге үйрету.Тірек сөздер арқылы мәтінді толық меңгеріп өз ойын жеткізе білуге дағдыландыру.Оқушыларды шығармашылық  ізденіске  жетелей отырып,отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Олай болса балалар

2.Сергіту сәті:«Сөзімді қайталап,жалғастыр »ойыны. Еске сақтау қабілетімізді жаттықтыру.

І топ                         ІІтоп                       ІІІтоп

А                                б                                в

Сөздерді тауып айту.

  • Жарайсыңдар балалар!

Еске түсіру қабілетімізді дамыта отырып,сұраққа жауап береміз.

-Халық ауыз әдебиетін қалай түсінесіңдер?

-Атадан қалған мұралар.

-Ауызша жеткен халық шығармалары.

-Халық ауыз әдебиетіне нелер жатады?

-Жаңылтпаш,мақал-мәтел,жұмбақ,Ақындар айтысы,ғашықтық жырлар,Тұрмыс-салт жыры,санамақтар,Батырлар жыры,Аңыз ертегі.

— Олай болса,аңыз дегеніміз не екен?

Өмірде болған адам басына құрылған әңгімені аңыз дейміз.

-Оны қалай білдіңдер?

-Үй тасырмасы «Бетпақ дала» туралы аңыз еді.

Келесі үй тапсырмасы.Мына сұрақтарға жауап береміз.

1.Уақиға қай кезеңде,қай заманда болған екен?

2.Салқындауға келген хан қандай жағдайға душар болды?

3.Ауылына хан қандай жарлық берді?

4.Ақылгөй қарт ханға нендей тоқтау айтты?

5.Ханның екінші жарлығы не болды?

6.Тышқандардың қаптап кеткен себебі неден болды?

7.Бөрілердің көбеюі неден?

8.Неге «Бетпақдала»деп аталған?

«Ауызша сабақ»картасымен бағалау.

«Сергіту сәті»мынау менің жүрегім.

-Жарайсыңдар балалар,енді суретті жұмбаққа назар аударайық. Тез шешуін табайық.

1-К               2-Ө           3-Ж                4-е          5-К

-Менің балаларым тапқыр екен,қандай сөз шықты.«Көжек»ертегісі екен.

  Дәптермен жұмыс.

Таза,әдемі,ұқыпты жазамыз.

— Ертегілер ауыз әдебиетінің ең көне жанрына жатады.Бұларда көбінесе өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін,ойдан шығарылған оқиғалар баяндалады.

  М.Әуезовтің жіктеуі бойынша ертегілер хайуанаттар,қиял-ғажайып, шыншыл болып  бөлінеді.

Ертегі туралы.

 «Көжек»мәтініндегі тірек сөздермен жұмыс.

1.көжектеп

2.рақымсыз

3.сығалап

4.умаждай

5.туған жерін

6.қастық

7.жат

Оқулықпен жұмыс.

1.көжектеп

2.рақымсыз

3.сығалап

4.умаждай

5.туған жерін

6.қастық

7.жат

.Оқушы жалпы түсінік береді.

 Сұрақ-жауап.

Ертегі не туралы айтылған?

1.Шаруа қоянның көжегін қандай халде тапты?

Жетім көжекке кім жақсылық жасады?

2.Адам қандай жақсылықтар жасады?

3.Көжек неге қашып кетті?

4.Ол жақсылықты не үшін түсінбеді?

  1. Аңыз бен ертегінің айырмашылығы бар ма?

  Сын тұрғысынан ойлау.

-Көжек қай шешімге тоқтады?

-Жат жерде,мұзда өлгенше адамның немесе анамның үйінде өлейін!-деп,тоқтамға не үшін келді?

(Жануарларға құйрық не үшін қажет?) ойын

Логикалық сұрақ:

16.Шығармашылық жұмыс

І топ                           ІІ топ                          ІІІ топ

ертегі бойынша        көжек туралы              адам қасиеттері және

сурет салу                білетінімізді                отан туған жер

жазу (ет,терісі,)           туралы мақал-мәтел жазу

 

 

17.Шығармашылық жұмыстарын қорғау қорытындылау.

1.Ертегі бойынша көжектің сирек кездесетін түрін бейнеледім. Ертегінің ойдан шығарылатынын білдім.

2.Көжек.Алдыңғы аяғы қысқа,артқы аяғы ұзын,құлағы үлкен, құйрығы қолдардың 45-47 түрі бар.1жылда 2-3 рет көбейтеді,әр жолы 1-ден 6 көжек туады. Көжектердің көзі соқыр,терісі жалаңаш, өзі әлсіз болады. Енесі 1ай емізеді.10 күннен соң көзін ашады. Қоянның етін жейді.Терісінен киім тігеді.Қояндар ін қазбайды басқа аңдардың інін пайдаланады.Бүгінгі сабақтағы көжек өз туған жерін ешнәрсеге айырбастамайды екен.

3.Мал-қонысын іздейді,

Ер-туысын іздейді,

Кісі елінде сұлтан болғанша

Өз еліңде ултан бол.

Туған жер-туғырық

Туған ел-қыдырың

-Олай болса,балалар сабағымызды, Бота «Туған жер»әнімен қорытындылаймыз.

Бағалау.Ауызша сабақ.

Үйге тапсырма: «Туған жердің ыстығы» эссе жазу.