Мен соғысты жек көрем

252

Тақырыбы: «Мен соғысты жек көрем»

Мақсаты: Өлеңнің мазмұнын меңгерте отырып бейбітшілік пен зұлымдықтың арасындағы байланысты түсіндіру; Қ. Жұмағалиев өмірі, шығармашылығы туралы мағлұмат беру; Мәнерлеп оқуға үйрету;

Дамытушылығы: : шығармашылық қиялын, жүйелі ойлау қабілетін, сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелігі: Өз халқын, отанын, туған жерін сүюге, үлкенді сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: деректі  видео фильм, интерактивті тақта, шығармашылық тапсырмалар, слайд

Түрі: жаңа сабақ

Онлайн сабақ

Әдіс тәсілдері: сұрақ-жауап,баяндау,жеке, топпен жұмыс,жаңа технологиялық әдістер

Пәнаралық байланыс: музыка, тарих, математика

Сабақ жоспары:

I.Ұйымдастыру бөлімі-1мин

  1. Үй тапсырмасын сұрау .Өзіндік іздену-зерттеу жұмысы. (4 мин)

III.Мағынаны тану.Жаңа материалды баяндау-15 мин

IV.Шығармашылық  ізденісті дамыту; эвристикалық және шығармашылық  деңгейдегі тапсырмалар-17 мин

V.Ой зерделеу,жүйелеу және талқылау-5мин

  1. Сабақ қорытындысы .Жер шары балаларының тілегі -3 мин

 

Сабақтың жүру барысы:

Сабақтың барысы:  1. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Жаңа сабақты меңгерту.

1.Кіріспе.

 

  1. Үй тапсырмасын пысықтау

.Өзіндік іздену-зерттеу жұмысы «(4 мин)

1.Ізденіп келген бата туралы  мәліметтерін  айту,слайд арқылы көрсетіп,әзірлемелерін қорғау.

-Бата дегеніміз не?

\

-Батаны кімдер береді?

-Батаның қандай түрлері бар және бата қалай айтылады?

 

 

-Олай болса, бүгінгі жас ұрпаққа кім бата береді?

Жастарға  бата:

Жас ұрпақ ғұмырлы болсын,

Ақылды ,сезімді болсын!

Халқына сенімді болсын!

Абыройлы,беделді,алуан түрлі өнерлі болсын!

Таламайтын талап берсін,

Самғайтын қанат берсін.

Тәуелсіз ел  тірегі-білімді ұрпақ болып өссін! Аумин!

 

Мұғалімнің  сөзі:

-Ақ бата тілеу қабыл болсын!

Мінекей,балалар,ақ бата-алтын сөз екен.

Ал  сөз – құдіретті күш. Шын мәнінде , осы бір үш әріптен құралған дүниенің кереметіне тірі жан таласа алмаса керек.

Осы бір ауыз сөздің кесірінен елмен-ел кетіскен, ермен-ер  шабысқан замандар болған екен. Осы бір ауыз сөздің құдіретімен  талай ғасырлар бойы  қазақ елінің  басына төнген небір қиын қыстау сұрапыл кезеңдерде де жауынгерлерді   батырлық пен өжеттілікке  жігерлендіру рухында да осынау алтын сөз жалынды  жеңіске үлес қосты..  .

III.Ой қозғау   (  кең жайлау нәзік әуен  ойналып тұрады)

1) Кіріспесі

 Мұғалім:

а)    Қазақ жері — түгін тартса майы шыққан дарқан дала!

«Қой үстінде бозторғай жұмыртқалар», бейбіт жатқан, алып даланың төскейі-түлік, қойнауы мүлік!…

Қазақтың  жері- ойында орман, қырында-қарағай қалқып тұрған, адырында ақбөкен, қиясында құралай ойнақ салған, бұйрат-бұйрат белдер мен бетегелі белесі,даласы қандай дарқан  болса  халқы да сондай кең пейілді қонақжай; . . .

(«Елім-ай» зарлы музыка әуені жіберіледі

-Осындай шұрайлы жерге  …..қызыққан,тыныш жатқан елге аш көзденіп,

ғасырлар бойы шарпыған  қайғылы  «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»  кезеңдер болды

…….экранга назар аударайық

(Бейнетаспадан  қазақ жеріне төнген қиын қыстау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»  кезеңдер)

Мұғалім:

ә) Қандай соғыс болсын қазақ елінен айналып өткен жоқ.

Қазақстанға төнген соғыс қауіптері

 

Қазақ даласына жан-жақтан  төнген соғыс қауіптері.

XVII- XVIII ғасырда Ресей империясы қазақ даласын  түпкілікті билеу үшін патша өкіметінің қазақ даласын  отарлау саясаты жүргізілді. XVIII ғасырдың алғашқы жартысында қазақ қоғамының онсыз да ауыр жағдайын солтүстік-батыстан — башқұрттар мен Еділ қалмақтары, солтүстіктен — Сібір қазақтары, оңтүстіктен Қоқан және Хиуа хандықтары, шығыстан – жоңғарлардың  тарапынан төнген қауіп күрделендіре түсті.Қазақ халқы үшін ең басты қауіп  – Жоңғар хандығы  тарапынан төнді. Жоңғарлардың  басты мақсаты:

-Қазақ  елінің  тәуелсіздігін жойып, өзіне бағындыру;

Қай кезең соғысында да жаумен жан аямай шайқасып,елді қорғаған  батырларымыз  болған.

Сұрақ : -Қазақ  еліне  жоңғар  шапқыншылығы   кезінде ,елімізді жаудан найзаның ұшымен білектің күшімен   қорғаған   қандай батыр аталарыңды  білесіңдер ?

Жауап: Жоңғар  шапқыншылығы   кезінде ,елімізді жаудан  қорғаған  ел қорғаны батырларымыз-Қаракерей Қабанбай,Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай,Ақжолтай Ағыбай,Қыпшақұлы Жәнібек,Батыр Баян сында батыл,өжет өр тұлғалы батыр аталарымыз болған

Мұғалім:-Мінекей, балалар, батыр бабаларымыздың ерліктері арқасында біздің қазақ елі жоңғарларды жеңіп жеңіске жетті.Елге қастандық қылған жоңғарлар 123 жыл ғана  өмір сүріп,тарих сахнасынан бір жолата жойылып кетті.

Бүгінгі сабағымызда адамзат тарихындағы ең ауыр соғыс болған Екінші дүниежүзілік соғыс  Ұлы Отан соғысы жайлы сөз қозғаймыз.

4.Мағынаны тану

 Радиодан: 1941 жылы 22 маусым күні фашистік Германия Кеңес Одағына опасыздықпен шабуыл жасады.

                       Кеңес Одағына Ұлы Отан соғысы басталды.

                        Ұлы Отан соғысы туралы деректер,суретпен жұмыс.

   Видео:1941 жылғы  қанды   оқиға  жайындағы   сюжетті оқиғалардан  үзінді  көрсетіліп  тұрады

Сұрақ:Ат ауыздығымен су ішкең, ер етегімен су кешкен сұрапыл соғысқа қатысып,елді қорғаған батыр ағаларымызды атап жіберіңіздерші?

Жауап:- Ұлы Отан соғысына қатысып,ел қорғаған  қазақтың батырлары Бауыржан Момышұлы, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов, Рақымжан Қошқарбаев,Нүркен Әбдіров,  Боран Нысанбаев,Қайырғали Смағұлов,Төлеген Тоқтаров,Садық Смайлов т.б…..

Мұғалім:Оқушылар, біздер соғыста болған жәйттерге көңіл аударып, елін қорғаған халқымыздың батыр ұлдары мен қыздарын есте сақтап, ерліктерін үлгі тұтуға бәріміз де міндеттіміз.

Олар бастан кешкен сұмдықты ендігі жерде ешкім көрмесін!

Сұрақ:—Соғыс адамға жақсылық әкеле ме екен? Соғыс қандай зардап әкелді?

Жауап:-Жоқ,соғыстың кесірінен талай қан төгілді.Адамдар зар жылады,

Жауыздық дұшпандық әрекет,сондықтан мен соғысты жек көрем

4.Жаңа сабақ. Ой талқы

Мұғалім: — Балалар біз бүгін қара өлеңнің қанатты қаршығасы  Қайрат Жұмағалиевтің  соғыс туралы ойы «Мен соғысты жек көрем» өлеңімен танысамыз.

  1. Автор туралы деректер.

                    Ой талқы

Мен соғысты жек көрем                

Авторы: Қ.Жұмағалиев

  1. Поэзия  минуты

а) Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқыту.

Сұрақ:  -Өлеңде жиі қайталанатын жол қайсысы?

-Автор бұл өлең жолдарын неліктен қайталап отыр деп ойлайсың ?

Жауап:-

Қайталау-сөз әсерін күшейту.Ақын оқырман назарын өзіне айрықша аудару  үшін бір нәрсені немес құбылысты бірнеше мәрте қайталау әдісін қолданады

Ой талқы

Мен соғысты жек көрем                

Авторы: Қ.Жұмағалиев

Тақырыбы: Жер жүзінде бейбітшілік орнат

Сұрақ:Әдебиет теориясында тақырып деген не ?(жауап )

Жанр түрі: өлең

Сұрақ:  Көркем шығармада өлең деген не?

Жауап: Өлең  дегеніміз-белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырып, үйлесімді ырғақпен келетін өрнекті сөз жүйесі.

Идеясы:

Жауап: соғыс қиыншылықтары, бейбітшілік пен зұлымдықтың арасындағы байланысты ажырату арқылы әлем балаларын мейірімділік пен елін сүйер  ұлан болуға тәрбиелеу

Шумақ

1 шумақты   27 тармақты,ерікті ұйқас; тармақ өлеңнің әр жолы.

Ұйқас :а,б,а,в,а,а,г,а-  ерікті ұйқас

Сөздікпен жұмыс:

Қасірет—басқа түскен уайым,қайғы.

Жырақ— шалғай,алыс,қашық

Ғұмыр бойы–өмір бойы.

Стильдік тәсілі.

  • Көркемдік шеберлігі қаламгерлік талантынан танылған.
  • Авторлық баяндаумен берілген.
  • Кейіпкерлерге қаратыла айтылған.
  • Қайғысына ортақтастығы әсерлі берілген.
  • Саяси-көркем поэзия
  • Ақиқат өмірдің сырлы суреті айқын,оның арқауы-шындығында.

Тәрбиелік мәні

 

6.Іздену жұмыстары

Эвристикалық және шығармашылық деңгейдегі тапсырмалар

Төрт  топқа бөлінген топ оқушыларына  тапсырма беру:

1 топ:Өлең мазмұнына байланысты—мақал-мәтел  мағынасын ашып айтады;

2 топ:Ұйқас сөздерді пайдаланып,өлең құрастыру

…… ……. жек көрем,

…….. ……. шекпеген,

…….. ……. төкпеген.

……… ……. қазақтың.

…….. ……. өтпеген.

……. ……… ержетем !

……. …….. өрлетем !

3 топ:»Мен соғысты жек көрем»эссе жаз

4-топ: Соғыс туралы тақырыпқа сурет сал.,ойыңды өлең сөздермен түйінде

Топ жұмыстарының жауабы:

1-топ:

Құмарова Аружан:  

                         «Батыр- елдің көркі , Балқұрақ-көлдің сәулеті»

Қазақ халқы әрқашан өзінің батырларын мақтан тұтады.Себебі батырлардың арқасындай осындай бейбіт өмірге жеттік.Сондықтан да оларды елдің көркі деп үлгі етеміз.Ал балқұрақ көлдің айналасында өсетін көрік беретін өсімдік.Олай болса,бізде сол балқұрақ балдырғандар ержетіп батыр ағаларымыздай ержүрек боламыз деп білемін

                       

                          Ғинаятов Шыңғыс:  

                          «Ер есімі — ел есінде»Бұл мақалдың мағынасы менің ойымша Отанын қорғаған ер есімін ешқашан ұмытпай,жадымызда сақтау,сол батырлардай ержүрек болу деп білемін.Олардың ерлігін ешқашан есімізден шығармай,мәңгі сақтаймыз

                          Салауатова Аружан:

                          «Отан үшін отқа түс күймейсің»

                         

                          Қорғаныш Тасболат:

                         -«Батыл болмай,батыр болмас» Бұл мақалдың  мағынасы бойында батылдығы бар адам батыр бола алады деген ой.Ал батыл болу үшін өжет,төзімді, шыдамды,сабырлы,елін сүйетін, қорқуды білмейтін адам болу керек.Ондай адам батыр бола алады  деп ойлаймын

 5.Илиас

2-топ: Ұйқас сөздерді пайдаланып,өлең құрастыру

                       Оқушы шығармашылығы:

                        1.Сағындық Аружан:

  1. Дәурен:

                            3.Әділет:

                            4.Бекарыс:

                            5.Арайлым:

                           3 топ:»Мен соғысты жек көрем»эссе  жазу

 

 

1.Нұрдана: «Мен соғысты жек көрем!»эссе

                         Кім  көз жасын төкпеген!

Талай өткен ғасырлар

Еш соғыссыз өтпеген! -деген өлең жолдарының астарында қазағым қандай қиындықтармен осындай дәрежеге жеткенін ойласам,  қазақ болып туылғаным үшін мақтанам.Қазағымның тарихын түсіне біліп,қазақ атын өшірмейтіндей етіп өмір сүру, оны жарқырата, гүлдендіру өз қолымызда. Мен дүниеге келіппін, осы ыстық алақан, осы жарық дүниенің жақсылығын сезініп, өмірімді соғыссыз өткізсем деймін.   Соғыс болмауын тілеймін, тілеймін, тілеймін!!!

2.Дильназ:                       «Мен соғысты жек көрем!»эссе

Мен соғысты жек көрем!

Көкем айтып отырса,

Кім  қасірет шекпеген.

Осы  ақының бір шумақ айтқан сөзінде  үлкен мағына бар, себебі біздің ата-бабаларымыз туған жерді жаудын қолына бермеу үшін жан аямай күрескен. Соның арқасында біздің бүгінгі күні аспанымыз ашық боп, тыныштықта өмір сүріп келеміз. Батыр  аға-апаларымызды біз әрқашан есте сақтаймыз. Биыл Ұлы Жеңіске 68 жыл толып отыр. Ешқашан соғыс болмай, бізден кейінгі ұрпақтарымыздың  да  ұйқысы тыныш болса деген тілектемін.

3.Эльдар: :»Мен соғысты жек көрем»эссе

4.Ризабек: :»Мен соғысты жек көрем»эссе

5.Аяулым:

6.Махамбет

(Оқушыларды бағалау)

7.Сергіту сәті.     Гимн «Балдаурен»әнінің 1 шумағын  орындау

 

8.Тілші  мен  жазушы ойы «Тест — интервью»

                          Мақсат:Қала,облыс мектеп оқушыларының жауап берілуі сұралды:

Оқушылардан интервью сұрақ-жауап алу арқылы өлеңдегі жазушы ойын түйіндеу,мұғалімтілші; ал оқушылар жазушының орнына өздері отырады,талдайды

                    Тілші Жазушы ойы
1)Жер шары балаларының тілегі өлеңде қалай айтылған?

Себебі неде деп ойлайсың?

——

Сағындық————-

2)Осы өлеңнің «Туған өлкем — тұғырым» бөлімімен қандай қатысы бар? ——————

Шыңғыс

 3)Табиғат байлықтарын игеру, адамның игілігіне жарату жөнінде өлеңде не айтылған ? Бұл өлеңде табиғат байлығы асау белдер,өзен-көлдер,құлазыған шөлдерді, байлығымызды  сақтап,  өз халқымыздың игіліне жарату,қорғау туралы айтылады.

«Ойтолғаныс»    Екі жақты   түсініктеме   күнделігі

Қатты әсер еткен шумақ

 

Пікірім
 Мен соғысты жек көрем!

Мен соғысты

Жек көрем!

 

Бұл шумақ маған   барша әлем балаларының тілегіндей әсер етті. Қан… Көз жасы… Өлім… Жауыздық… Қорқыныш… Осы сөздерді айтқанда денең түршігеді, себебі бұлар соғыс көріністері.Сондықтан мен соғысты қаламаймын.Әлемде соғыс болмасын !
Жету үшін  мұратқа

Сапар шегем  жыраққа!

 

 

Бұл шумақ үлкен ой салды.Себебі,алдымыздағы арман мұратымызға жету үшін алыс шалғай  жерлермен қарым қатынаста болып,елімнің дамуы мен өркендеуіне зор үлес қосқым келеді.
Талай өткен ғасырлар

Еш соғыссыз өтпеген!

 

 

Осы  ақынның бір шумақ айтқан сөзінде  үлкен мағына бар, себебі біздің ата-бабаларымыз талай  ғасырлар бойы  туған жерді жаудын қолына бермеу үшін жан аямай  күресіп,соғысқан. Соның арқасында біздің бүгінгі күні аспанымыз ашық боп, тыныштықта өмір сүріп келеміз.
Күні ертең-ақ ержетем!

Қиялымды өрлетем!

 

 

Бұл шумақ менің де қиялымды оятты.Біз болашақ ұрпақпыз.Күні ертең -ақ ержетеміз.Қиял шексіз,соғыс болмаса,бейбіт елде адамның болашақтағы қиялы іске асады.Менің қиялым Отанның тыныштығы,өмірдің қызықты,бақытты болуы,білімді ұрпақ болу;
Ғұмыр бойы айқасам

Асу бермес белдермен!

Асау өзен көлдермен!

Құлазыған шөлдермен!

 

Бұл шумақ шұрайлы жерімнің,Қазақстанымның  асу белдерін,өзен көлдерін,шөлдерін,жалпы табиғаттың бізге берген сыйын ғұмыр бойы қорғап ,сақтап қалуға  барша баланы  шақырып тұрғандай әсер етті,осындай қазақ жерімізді қорғап қалатын батыр бала боламыз
Туған жерді

Әлпештеп,

Кірпік ілмей

Тербетем!

 

 

Бұл шумақ маған ақынның аманаты сияқты әсер етеді.Өз туған жерімді шексіз сүйіп,қорғап,Отанды бар жан тәнімен аялы алақаныма салып, ел қорғаны болуға үндеп тұрғандай.
Көкем айтып отырса,

Кім қасірет шекпеген,

 

 

 

Бұл шумақ маған қатты әсер етті.Соғыс зардабынан қасірет шеккен  ел,жер,адам сан мыңдаған.

Сондықтан  барша адам жауыздықты қойып,жүректері жылы болып,еш адам қасірет шекпесе екен дегім келеді.

 

  1. Жазушы орындығы.  Ардагерлерге хат

 (Тыныштық сәті.Жазушы орындығына отырып,өз жүрек жарды    тілектерін көркем тілмен қалам сілтеп оқушылар жазады))

      «Бейбітшілік қорғаушы жеңімпаз біздің халқымыз-жер жүзіндегі әділетті халық.Мен осындай елдің солдаты болғанымды мақтан етемін……Балаларыма,немере,шөберелеріме айтар жалғыз тілегім:Елді сүйер ұлан болыңдар!Өз халқыңа сай азамат болып өсіңдер!»,-деп рухы күшті батыр ағамыз Б.Момышұлы өз аманатын тілеген екен.

-Олай болса,бізде бар ықыласымызды соғыс ардагерлеріне, батыр аталарымызға аранайық

«Бар ықылас – соғыс ардагерлеріне»Ардагер аталарына ризашылық хатын; өз ойын шығармашылықпен жазады

Ардагерлерге хат

  1. Салауатова Аружан:

                                        Ардагер атаға  хат!

  ХХІ ғасырда  өмір сүріп, бақытты  ғұмыр   кешкен  баламын.

Сіздердің  қаһармандық көрсеткен ерліктеріңіз – бізге үлкен өнеге.

Бізге жарқын, бейбіт  өмір сыйлаған барлық батырлардың есімдері әр ұрпақтың жүрегінен орын табары ақиқат.

Көгімізде көк Туымыз желбіреп,  өз елімізде шат-шадыман өмір сүре берсек одан артық байлық болмақ емес.Ардагер аталар сіздерге мың алғыс!

2.Құмарова Аружан:

Құрметті, батыр аталар!

Мен сіздерге жүрегімнен шыққан тілегімді жеткізу үшін  осы хатты жазып отырмын

Ең әуелі сіздерге рахмет айтқым келеді!

Менің өз атам болмасаңыздар да, бәрібір біздің елдің батырларысыздар.     Біздің өз қалауымызбен еркін өмір сүріп, мектепте алаңсыз білім алып жатқанымыз, шаттана күлгеніміз, жайраңдап жүргеніміз – бәрі-бәрі сіздердің арқаларыңыз, сіздердің еңбектеріңіздің жемісі. Рахмет сіздерге батыр аталар!

3.Сағындық Ару:     Қос жұлдыз Алия мен Мәншүк апайыма!

Қос жұлдыз Алия мен Мәншүк апайыма!

Құрметті    шығыстың қос жұлдызы атанған Әлия мен Маншүк

апайым ! Сіздердің қазақтың батыр да батыл, халқымыздың жайнап өскен гүлдері екендеріңізді барлық жұрт біледі. .

Мен сіздердің ерліктеріңізге тамсанып, таңқалып, сіздерге қарап еліктеп өсудемін. Сол үшін сіздерге басымды иіп, алғысымды білдіргім келеді!Сіздер бізге үлкен өнеге қалдырдыңыздар. Ал біз сіздердің үміттеріңізді ақтауға тырысамыз, ақтаймыз да деп сенемін. Сіздер біздің жүрегіміздің бір түпкірінен орын алып, мәңгілікке ұмытылмас тау тұлға, ерекше жан  болып  қаласыздар!

Сәлеммен ХХІ ғасыр түлегі Сағындық Аружан

 

Ардагерлерге хат

 

4.Ризабек:                            Құрметті  ардагер  аталар!

Мен сіздермен іштей сырлас та сияқтымын. Себебі, сіздердің сол жылдары бастан кешкен ауыр күндеріңізді өзім кешкендей жүрегіммен сезіп, тебіренемін. Сіздердің жеңіске жетіп, қуанған шаттық күндеріңізді де бірге кешкендей қуанамын.

Мен де сіздердей рухы мықты  ер болып,Қазақстанымның туын көкке желбірететін  білім мен ғылымның  шыңына  шығар азамат болып өскім келеді.

Сіздерге рахметімді жеткізіп, біраз ойларыммен  бөліскеніме ризамын.! Мың алғыс,сіздерге!

5.Өтешова Аяулым:   

          Ардагер аталарға  хат

Ұлы Жеңісті жақындатып,бізге  бақытты өмірді сыйға тартқан барлық  ардагер аталар!!

Мен бүгінде гүлденген  елімді мәңгі бақи сүйіп, оның дамыған елу ел қатарына қосылуына аянбай сіздер сияқты үлес қосамын.

Ана тілінен өткен Қайрат Жұмағалиев ағамыздың «Мен соғысты жек көрем»  өлеңі маған керемет ой салды. Ұлы жеңісті жақындатқан батырларымыздың ерлік істерін  ойлап, өзімді сіздердің алдарыңызда қарыздар сезіндім. Жер бетіндегі барлық балаланың тілегі бейбіт өмір. Сол өмірді жасап кеткен сіздердің ерліктеріңізге біз сияқты көзі ашық, санасы ояу әр оқушы бас иеді.

6.Бекарыс:

     Құрметті соғыс ардагерлері, өзімнің, және қазіргі жас ұрпақтарды  атынан сіздерге хат жазып отырмын.

Біз қазір бейбіт заманда,тәуелсіз елде  өмір сүріп жатырмыз , осының бәрі сіздердің арқаларыңызда, соғыс ардагерлері.

Сіздердің арқаларыңызда Қазақстан тәуелсіз ел атанып, өзінің Әнұранын, Туын, Елтаңбасын алғанына да, міне, 20 жылдан аса уақыт  болды. Еліміз әлемнің мақтанышына айналды.

Сіздерге бейбіт өмір үшін перзенттік жүрегіммен мың да бір алғыс айтып, басымды иемін.!

 

10.«Жер шарына жақсылық тамшысын төгейік»   тренинг

Мұғалім:

-Біз бейбітшілікті қалаймыз! Олай болса,»Жер  шары балаларының тілегі»

-Балалар,әрқайсысыңның тамшыдай жасаған  жақсылықтарыңды қосқанда үлкен дарияға айналады.Яғни жер бетінде әр адамның жаны жақсылыққа толы болса,жер бетінде бейбітшілік орнап,адамдар бақытты өмір сүреді

Оқушы тілектері:

-Біз бейбітшілікті қолдаймыз. Әлем елдерінің   балалары  бәрі тыныш, бақытты өмір кешсін!

-Кең пейілді даладай әр адамның жүрегі мейірімге толы болсын!

-Ешқашан өмірдің шуағы сөнбей, ұрпақтар жалғасып өсе берсін!

— Әлемде еш бір бала жыламасын,аналар мен аталар аман болсын!.

-Отанымыз тыныш болсын,ешқашан соғыс болмасын!

-Күн көзін қара соғыс  бұлты  баспасын!

-Ешқашан соғыс болмай, бізден кейінгі ұрпақтарымыздың  да  ұйқысы тыныш болса деген тілектемін.

-Әлемнің барлық балалары батыр,ел қорғаны,ақылды,бақытты  болсын!

-Арайлап атқан  әр таңымыз    қуаныш пен бақытқа толы болсын!

-Отан сүйер ұлан болайық !

-Әрқашан еліміз, тыныш болсын! Күніміз ашық, жарқын, шуақты болсын!

— Қажеті жоқ… Соғыстың қажеті жоқ! Біз бақытты  бейбіт елді қалаймыз!.

Сабақты қорытындылау.

Түйін.     Бәріміз «Соғыс болмасын, бейбіт өмір сүрейік!»-деген тілекпен «Бейбітшілік» әнін орындайық..

«Әрқашан күн сөнбесін»әні (жер шарын айнала өлең айтып сабақты аяқтаймыз)

 

Үйге тапсырма.

Өлеңді мәнерлеп оку,жаттау;

Бейбітшілік, достық тақырыбына әңгіме немесе өлең кұрастырып келу

Бағалау: «5»-9 оқушы, «4»-6 оқушы бағаланды

Балалар тілегі:(Барлығы):

Жасасын жеңіс!Бақытты елім күле бер!

Тәуелсіз болып болашағыңа жүре бер!

Болмасын соғыс!Болмасын соғыс!Болмасын!

Осы тілекпен барша халық түрегел! деп