8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай ұйымдастырылған «Көктем аруы-2014» сайысы.

 

8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай ұйымдастырылған «Көктем аруы-2014» сайысы.

 

Армысыздар, абзал аналар, ақ жаулықты әжелер, көктем гүліндей жайнаған аяулы қыздар.
2 — жүргізуші: Сіздерді көгілдір көктемнің шуақты күндерімен бірге келетін 8 — наурыз мерекесі халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
1 — жүргізуші: Бүгінгі күн сіздерге мерекелік көңіл — күй тілей отырып, халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналып өткелі отырған « Көктем

аруы» атты қыздар  байқауын тамашалауға шақырамыз.

Той пердесін ашайық
Жырдан шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын шашайық — деп ән жолдаймыз.
Ән:
Орындайтын: Абдікарімова А.  Хайролла С.
Мансур
Тауып бір әйел — әлем бар тілдерін,
Бақыт пен астастырып әр күндерің
Босатып қара жердің тұла бойын
Келдің бе, сегізінші наурыз күнім.
1 — жүргізуші
Бүгін той құрметтейтін әлем халқы
Аналар күнін – елдің салты
Көк байрақ төбемізде тұр желбіреп
Шарықтап еркіндіктің өскен нарқын.
2 — жүргізуші:
Ана деген бұл өмірдің мәні ғой,
Ана деген бұл өмірдің сәні ғой
Ән жырымен дүниені тербеген,
Ана деген бұл өмірдің жаны ғой.
1 — жүргізуші
Ана біздің жарқыраған нұрымыз,
Ана біздің солмас мәңгі гүліміз.
Анамызды аялай біз білейік,
Ана біздің жазып бітпес жырымыз.
2 — жүргізуші:
Арулар — аяулылыр, ардақтылар,
Өмірге жылу болып қалмақ болар.
Арулар – тіршілікке күре тамыр,
Өмірді бір — біріне жалғап тұрар.
2 — жүргізуші:
Ананың құтты болсын, мерей тойы
Бүгінгі айтылатын көптің ойы
Ұл ұстап, қыз өсірген жанұяда
Ауылымның арта берсін абыройы.
2 — жүргізуші:
Құрметті қауым: Бүгінгі өткелі отырған « Көктем аруы» атты Қыз сыны байқауын бастауға рұқсат етіңіздер.

1 — жүргізуші:
Қос бұрымы аш беліне төгілген,
Келбеті бар кермаралдай керілген.
Қазақ қызы – инабатты ару қыз
Ақ жүзінен аппақ сәуле төгілген.
Тіл байланып қалатындай көргенде,
Сұлулықты соған ғана берген бе!

Кімде болса бас иеді мойындап,
Қарсы алдына қазақ қызы келгенде — дей келе бүгінгі байқауға қатысушыларға сәттілік тілей отырып қошеметпен ортамызға шақырайық.
Әділдікпен баға берер аруға
Әділдікпен қара қылды жаруға
Алқасын қазылардың біз сайлайық
Ақ аруды талдап бүгін алуға — деп бүгінгі сайысымызға баға берер қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Қазылар алқасының төрағасы….
2 — жүргізуші; Бүгінгі байқауда аруларымыз мына бөлім шарттары бойынша сынға түседі:
1 — жүргізуші:
І — бөлім: «таныстыру»- деп аталады. Байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін — өзі таныстырады. Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс тұрысы сынға түседі.
ІІ — бөлім «Өз өнері» — деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді. (Ән айту, би билеу, )
ІІІ — бөлім: «Үй тапсырмасы» — деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз үй тапсырмасын орындап,  көктемгі киім үлгісін дайындау берілген болатын.

ІV бөлім: «Сұрақ — жауап» Бұл бөлімде аруларымыз билет алу арқылы сұрақтарға жауап береді.
V бөлім: «Қол өнері» — деп аталады. Бұл бөлімді сайыскерлеріміз қазақтың ұлттық ою — өрнектерін әр — түрлі қағаздан ойып, бетке жабыстырады.
2 — жүргізуші.
Құтты болсын мейрамы аналардың
Қуанышын көрсінші балалардың
Сіздер үшін бүгінгі орындаулар
Билері мен әндері жырланатын — деп аналар сіздерге арнап ән жолдаймыз.
1 — жүргізуші:
Баурап алар бір ақ ауыз сәлемі
Қазақ қызы — әдепті де әдемі
Қазақ қызы — ақылына көркі сай
Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі.- дей отырып байқауымыздың  І бөлімі «Таныстыру» бойынша аруларымызды өзін — өзі таныстыруына рұқсат етейік. Қарсы алыңыздар.
Қазылар алқасы І бөлімнің бағасын шығарғанша бір әсем ән жолдаймыз.
Ән: Ана
Қазылар алқасынан І бөлімнің бағасын сұраймыз
2 — жүргізуші
ІІ бөлім:  «Өз өнері»
Аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді
Өнері өрге жүзер талаптының
Таланты талмай ұшар қанаттының
Әлди әуен әлемі өнер аты
Шарпып өтсін лебімен қанатының — деп сайыскерлердің өнерін тамашалауға шақырамыз.
2 — жүргізуші
Қазылар алқасы ІІ бөлімнің бағасын шығарғанша бір әдемі би тамашалаңыздар

1 — жүргізуші
Қазылар алқасының ІІ бөлімнің бағасын сұраймыз.

ІІІ бөлім « Үй тапсырмасы»
Бұл бөлімде аруларымыздың үйден дайындап әкелген киім үлгілерін көрсетеді. Қол соғып аруларымызды ортаға шақырамыз.
Қазылар алқасы ІІІ бөлімнің бағасын шығарғанша оқушы қыздарымыздың биін тамашалаймыз.  Қазылар алқасынан ІІІ бөлімнің бағасын сұраймыз.
1 — жүргізуші
IV бөлім «Сұрақ — жауап» Бұл бөлімде аруларымыз  сұрақтарға жауап береді.
Білім құйған бойына
Қанын өмір жайына
Салт дәстүрдің әр сөзін
Сақтап жүрген ойына — деп сайыскерлерді ортаға шақырамыз.
Қазылар алқасынан IV бөлімнің бағасын сұраймыз.
Қазақ қызы — тамсандырған талайды,
Тоғжан болып ғашық қылған Абайды.
Қазақ қызы күлкісі күн, тілі бал,
Ай секілді асқақ ару арайлы — деп сән үлгісін көрсетуге аруларымызды ортаға шақырамыз
2 — жүргізуші:
Қазылар алқасы V бөлімнің бағасын шығарғанша ортаға әсем әнімен  Қайыргелді Жанасылды шақырамыз.
Қазылар алқасынан V бөлімнің бағасын сұраймыз.
1 — жүргізуш
VI бөлім «Қол өнері»
Бұл бөлімде қазақтың ұлттық ою өрнектерін әр — түрлі қағаздан ойып бетке жабыстырады.
Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан
Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан
Шеше көрген тон пішер дегені рас
Аруларым шебер қолға араласқан — дегендей аруларымыздың іскерлігі, икемділігі сынға түседі. Бүгінгі сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.
Зердерлі ол, зейінді келіп сынар — дей келе қазылар алқасының қорытындысын тыңдайық.
1 – жүргізуші:

 

 

 

Сұлулықтың дүниеде барын қарап
Аққайың да ұрлана таңырқамақ
Пай — пай шіркін! Қыздардың құдіреті – ай
Ес еркіңді әкеткен барымталап.
Құрметті көрермендер! Бүгінгі «Көктем аруы » байқауы өз мәресіне жетті. Әрқашанда құшақтарыңыз гүлге, көңілдеріңіз шаттыққа толы болсын — дей отырып бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.