Менің атым – Қожа

94

Ана тілі

 4 сыныбы

Сабақтың тақырыбы:   Менің атым – Қожа

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» атты шығармасымен таныстыру; түсініп оқи отырып, әңгімедегі  түйінді ойды ашуға жағдай жасау; шығарма бойынша кейіпкерге мінездеме бере отырып, салыстыруға, олардың бейнесін аша білуге алған білімін қолдана білуге үйрету.

2.Дамытушылық: Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу. Әр баланың сезіміне ерік бере отырып түрлі жағдаяттарды шешу арқылы шығармашылық қабілетін арттыру.

3.Тәрбиелік: Қожа бейнесі арқылы, оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге, үлгі-өнеге алуға шақыру; жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Оқушыларды өзінің және өзгенің бойындағы жағымды –жағымсыз жақтарын көре отырып, ажырата отырып, ұстаз еңбегін бағалап, айналасындағылармен жақсы қарым-қатынаста бола білуге адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Шығармашылық сабақ

Сабақтың типі: Бекіту сабағы

Сабақтың әдісі: Жүйелеу, талдау, қайталау

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,

“Менің  атым Қожа” фильмінен

үзінді, слайд арқылы кесте, тірек сызба, суреттер,

веен  диаграммасы.

Сабақтың барысы:  1. Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушыларды түгендеу;

ә) Оқушы мен сыныптың сабаққа дайындығын бақылау;

б) Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау,

 

Қызығушылықты ояту сатысы.

-Адамның өмір сүру кезеңі балалық  шақ, жастық шақ, кәрілік шақ кезеңдеріне бөлінеді. Балалық шақ адам өміріндегі қандай кезең?

Оқушылар ойы тыңдалады.

Кіріспе.

-Біз өткен сабағымызда «Балалық шаққа саяхат» деп аталатын жаңа бөлімде балалар әдебиетінің негізін салған, балаларға арнап шығармалар жазған ақын-жазушылардың бірі Бердібек Соқпақбаевтың туындысы

«Менің атым Қожа» атты шығармасымен таныстық.

Слайд.

Бердібек Соқпақбаев — қазақ балалар жазушысы 1924 жылы Алматы облысы Нарынқол ауданы Қостөбе ауылында дүниеге келді.

Ата-анасынан ерте айрылған ол кісілердің қолында жүрген. Балалық шағындағы басынан өткен қиындықтар мен жоқшылық жайлы «Балалық шаққа саяхат» кітабында бейнеленген. 1950 жылы «Бұлақ» атты тұңғыш жинағы шықты. Балаларға арнап «Менің атым Қожа», «Аяжан», «Гауһар» т.б. повестер, «Кездесу», «Бозтөбе» поэмаларын жазған. «Қазақфильм» студиясында «Менің атым Қожа» повесі бойынша фильм түсірілді.

Абай атындағы Қазақ педагогтық институтының филология факультетін бітірген. Бірнеше жыл ауылда мұғалім болып еңбек етті. «Қазақфильм» киностудиясында редактор болып, «Қазақ әдебиеті», «Балдырған» басылымдарында қызмет етті.

Өткен сабақта жазушының «Менің атым Қожа» шығармасының 17-ші тарауымен таныстыңдар.Бұл тарауды шығарма авторы «Жан сезім құбылысының әр оқушының басында кездесуі ықтимал бір сәтті кезі сипатталады»деп атаған екен.

ІV. Ой толғаныс

Көлемді шығарма болғандықтан,үйден оқып келуге берілген.

Бұл бөлім мына жерден басталады.

(Қожаны әжесінің оятуы.Фильмнен үзінді)

Сұрақ – жауап

  1. Әңгіме сендерге ұнады ма?
  2. Әңгіменің басты кейіпкері кім?
  3. Үйге қандай тапсырма берілген екен?
  4. А.Михайлованың Жантасқа айтқан ескертуін тауып, оқы.
  5. Әңгімедегі Қожаның ішкі ойын тауып, оқы.
  6. Қожа Анфиса Михайлованың сабақ сұрау кестесін кіммен салыстырады?
  7. Сабаққа дайындалмай келгеніне Қожаның қатты өкінгенін неден байқауға болады? Әңгімеден сол жерді тауып, оқып бер.

Сергіту сәті. Ерболат «Менің атым Қожа» әніне.

 «Бұл қай сәт?»

“Төбемнен жай түскендей болды. Не істерімді білмеген қалпымда орнымнан сүйретіліп түрегеле бердім. Маңдайымнан бұрқ етіп суық терім шығып кетті. Ох, шіркін,ай!”
“Бір секундқа кідіріп,мұрнымды

көкке шүйіріп маңғаздана қалдым да,

қолымды кеудеме қойып тәжім еттім”

“Масқара! Сұрай қалса, масқара болдым-ау”
Бұл кім?

“ Біреуді біреуге атыстырып,от тастап жүретін қу,сабақ үстінде сыбырлап-сыпсыңдағыш.”

Бұл кім?

“ — Қожа,Қожатай. Әкем-ау, сен бүгін сабағыңа бармаушы ма едің?”

Бұл кім?
“ Сабаққа дайындалмай келуші ме еді, өлеңді бастады да, сыдыртып тоқталмай айтып шықты”
Бұл кім?

“- Қадыров,немене ұйықтап қалғансың ба ? Тоқта, галстугыңды

түзе”

Бұл кім?

“ Мәселен, тізімнің басынан төмен қарай қуалап сұрайды”

Бұл кім?
“Кеше титықтап келіп, сабақ қарауға  мұршам  болмап еді”

Венн диаграммасы

«Қожа мен Жантасқа мінездеме бер»

алғыр, пысық,

өтірікші,

ақылды,

сотқар, тентек,

мейірімді,қу, зымиян,

шыдамсыз, тиянақсыз

әділетті,

ақын,

әзілқой,

арамза,

тапқыр,

қателіктерін түсіне біледі,

жағымсыз

Қожа — алғыр, пысық, ақылды, сотқар, тентек, мейірімді, әділетті, ақын, әзілқой, тапқыр, қателіктерін түсіне біледі.

Жантас — өтірікші, қу, зымиян, шыдамсыз, тиянақсыз, арамза, жағымпаз

«Ой тастау» — Қазіргі кезде Қожа сияқты балалар бар ма?

Қорытынды:Бердібек Соқпақбаев   «Менің атым Қожа» туралы  «Шығарманы жазардағы ең басты мақсатым: жақсылыққа тәрбиелеу. Қожа – есер емес, есті тентек. Бір көрген адамға «жаман бала», «қиын бала» болып, кейін мүлде өзгеріп, жақсылардың қатарына қосылып кететін балалар аз емес қой…» деген екен.

Өмірде сендер де адаспай өз жолдарыңды таба білулеріңе тілектеспін!

Үйге тапсырма  Түсініп оқып,әңгімелеу.

Бағалау.