Құрмалас сөйлем

49

Сабақтың тақырыбы:       Құрмалас сөйлем.      19 – 23 — жаттығулар

Сабақтың мақсаты:       1. Құрмалас сөйлем туралы берілген ұтымды жаттығу

жұмыстары арқылы кеңейту, құрмалас сөйлем құрауға және

оның тыныс белгілерін қоя білуге үйрету.

.   2.Оқушылардың байланыстырып сөйлеуін жетілдіру.

  1. Оқушыларды сауатты, көркем жазуға тәрбиелеу.

С/көрнекілігі: Кесте, жұмбақтар, қ/т өзіндік жұмыс дәптері.

 

кезең Мұғалім мен оқушының іс-әрекеті
I.Ұйымдастыру

 

 

 

 1.  Бағдарлау – мотивациялық кезең.

2. Үй тапсырмасын тексеру:

18 – жаттығуды ауызшак тексеріп шығу.

II   Жаңа тақырып

 

Оқушылардың оқулықпен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру бойынша тапсырмалар

 

3. Ой қозғау.

Берілген жай сөйлемдерден құрмалас сөйлем жаса.

 

Жаңбыр да жауды,  ………………………………………..:

Күн шыққан соң,     ………………………………………..

Айгүл қалаға бармады, ……………………………………

Раушанды көрген соң,………………………………………

Жерді жыртқан біледі, …………………………………….

 

III  кезең

Деңгейлік тапсырмалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I  деңгей

19–жаттығу. Сөйлемдерді тиісті тыныс белгілерін қойып, көшіріп жаз.Сөйлемдердің қайсысы жай сөйлем, қайсысы құрмалас сөйлем екенін  анықта.

 

II деңгей

20-жаттығу. Жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемге айналдырып жаз.

21-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Кестені пайдаланып, ойыңды дәлелдей білуге үйрен.

III  деңгей

22-жаттығу.  Сөйлемдерді көшіріп жаз. Құрмалас сөйлем екенін дәлелде.

 

 

Сабақты қорытындылау. Сұрақ – жауап:

Үйге:  23- жат. Б/бағалау.