Мазмұндама «Аңшы балалары»

109

Тақырыбы: Мазмұндама           «Аңшы  балалары»

Мақсаты:мәтіннің мазмұнын дұрыс жазу арқылы  оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу.

Міндеттері: 

1.Мәтіндерді талдау дағдыларын қалыптастыру.

2.Белсенділіктерін дамыту;

3.Адалдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі         :                 

Көрнекіліктер:мазмұндамалар жинағы

Әдіс-тәсілдер:өзіндік

                            Сабақ барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі:  Сабаққа дайындықтарын тексеру.

2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

Мазмұндама.

Аңшының балалары.

Баяғыда бір аңшы екі баласымен елсіз-күнсіз аралда өмір сүріпті. Аңшы мекен еткен аралда аң мен құс көп екен.

Аңшының екі баласы адал, әрі қайырымды, әрі құралайды көзге атқан мерген болып ер жетіпті. (33 сөз)

 

Тірек сөздер: баяғыда, елсіз-күнсіз, мекен еткен, құралайды көзге атқан мерген.

 

Сұрақтарға жауап алу.

1.Аңшы деген кім?

2.Аңшы екі баласымен қайда өмір сүріпті?

3.Әкесі балаларына қандай ақыл-кеңес берді деп ойлайсыңдар?

  1. Балалардың іс-әрекетін қалай бағалайсың?

 

Жоспар:

1.Аңшының мекені.

  1. Балаларының ер жетуі

 

3.Жаңа білімді бекіту:

Жоспар бойынша, сұрақтар бойынша, керекті сөздерді пайдаланып мазмұндама мәтінін дәптерге жазу

4.Үйге тапсырма: қайталау