Ақкөл жағасында. Әмірхан Абдуллин

270

Сабақтың тақырыбы: Ақкөл жағасында. Әмірхан Абдуллин

Сабақтың мақсаты: Жаңа сабақпен танысу; оқушыларға мәтіндегі негізгі

                                    ойды ұғындыру, түсініп дұрыс оқуға, қорытынды

шығаруға машықтандыру.Туған елі,туған тілі туралы

түсініктерін кеңейту.    

 Сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін 

арттыру.Отанын сүюге,адамгершілікке тәрбиеленіп,

                                  сөздік жұмыс жүргізу.

 

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: талдау, жинақтау, дамыту, сұрақ – жауап, әңгімелесу,

 

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті  тақта.

Сабақтың жүрісі:

 

І Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылардың оқу – құралдарының  түгелдігін бақылап, зейіндерін сабаққа аудару. 

 

 

 

 

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

 

-Ш.Құдайбердіұлының «Сен ғылымға» өлеңін жатқа.

ІІІ Топпен жұмыс

І-топ: Ш.Құдайбердиевтің өмірі туралы айтады.

ІІ-топ:Ш.Құдайбердиевті топтау.

композитор               ойшыл ақын

Ш.Құдайбердіұлы

 

 

жазушы

 

 

философ                    тарихшы                       аудармашы

ІІІ-топ: «Сен ғылымға» өлеңін жатқа айтады.

  • Ғылым деген не?
  • «Ғылымға ынтық болу» дегенді қалай түсінесіңдер?
  • Ақынның қандай өлең дастандары бар?

               ІV Жаңа сабақ

Бүгінгі сабағымызда Ә.Абдуллиннің «Ақкөл жағасында» мәтінімен танысамыз.

Күннің жадын, тақырыпты жазу.

                 Оқулықпен жұмыс

Мәтінді тізбектеп оқыту.

  • Мәтінде кім туралы айтылған?
  • А.Байтұрсынов кім?
  • А.Байтұрсынов туралы мағлұмат.

Сөздікпен жұмыс.

  • А.Байтұрсынов қайда келді?
  • Мәшен ауылына.
  • Онда кімдермен кездесті?
  • Балалармен.
  • Қайда кездесті?
  • Балалар не айтты?
  • Жұмбақтар мен жаңылтпаштар.
  • Әңгімеде А.Байтұрсыновтың қандай еңбектері айтылған?
  • «Әліпби», «Тіл құралы»
  • Ахмет аталарынның әдебиетке қосқан үлесі өте зор екен.