Мәтін түрлері

Сабақтың  тақырыбы: Мәтін түрлері

 Сабақтың мақсаты:  1) Білімділік:

Оқушыларға мәтін және оның түрлері туралы түсінік

беру. Мәтін туралы білімдерін пысықтау, тиянақтау.

                                        2) Дамытушылық:

                                            Жаттығулар мен тапсырмалар ақылы оқушылардың

есте сақтау қабілеттерін, тілін, ойын дамыту. Өз

пікірлерін дәлелдеуге, өз ойын жүйелі баяндауға үйрету.

                                        3) Тәрбиелік:

                                            Еңбекқорлыққа, үлкенді сыйлауға, табиғатты

бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың тині: Жаңа білімді игеру.

Сабақтың әдісі: Дамыта оқыту технологиясы.

Сабақтың түрі:  Аралас сабақ.

Сабақтың тәсілі: Сұрақ- жауап, әңгімелесу, ойын, тірек сызба, жаттығулар.

Сабақтың Көрнекілігі: Суреттер, ойындар, интерактивті тақта.

Күтетін нәтиже: Оқушыларға мәтін түрлерін ажырата білуді меңгеру.

 

                                              Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)

Психологиялық  дайындық.

  1. Үй тапсырмасын сұрау (10 мин)
  2. Сұрақ -жауап (мәтін түрлері)
  3. Интерактивті тақтамен жұмыс.
  • Жаңа сабақ (20 мин)
  1. Оқулықпен жұмыс.
  2. Топтық жұмыс.
  3. Шығармашылық тапсырма.
  4. Жұмбақ ойын.
  5. Сабақты бекіту (10 мин)
  6. Тірек сызба.
  7. Сұрақ жауап.
  8. Оқушылардың білімін бағалау (2 мин)
  9. Үйге тапсырма (1 мин)

 

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

а)  Оқушылардың назарын сабаққа аудару

ә)  Оқушылардың қазақ тілін сабағына қызығушылықтарын ояту.

Қазақ тілім — өз тілім — ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім,

 

Қастерлейді ұл қызың мәнгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім.

  1. Үй тапсырмасын сұрау:
  2. Балалар, қазақ тілі сабағында нені оқимыз?
  • Дыбыс, әріп, буын, сөз, сөйлем, мәтін
  • Мәтін сөзіне дыбыстық талдау жасау.
  • Ендеше, мәтін туралы не білесіндер?

Мәтін мағына жағынан байланысты екі не одан көп сөйлемнен тұрады.

Мәтінге тақырып қоюға болады.

Мәтінге ат қоюға болады.

Мәтіннің қандай түрлері бар?

Мәтін түрлнріне әңгімелеу, сипаттау, пайымдау түрлері бар.

Әңгімелесу мәтіні қандай да бір оқиғаны баяндап, не істеді?

сұрағына жауап береді.

Сипаттау мәтіні бір нәрсені, затты сипаттайды және қандай?

сұрағына жауап береді.

Пайымдау мәтіні белгілі бір пікірді түсіндіреді, дәлелдейді және не үшін? Сұрағына ижауап береді.

  1. Интерактивті тақтада берілген мәтіндердің түрлерін ажырату.

а)  Алматы қаласының суреттерін көрсету. Бұл қай қала. Мәтінді оқыту.

      Алматы іле Алатауының етегінде орналасқан Қазақстанның ірі

қаласы. Ұзақ уақыт бойы көптеген деректемелерде қаланың

атауы « алманың атасы» деп аударылды.

       Тақырыбы:

       Мәтіннің түрі:

                                   Неге олай ойлайсың? Түсіндір (Әңгімелеу)

                     ә) Күз белгісін ең алдымен ақ қайың сезеді. Өйткені  басқа ағашатардан

гөрі оның жапырағы бұрын сарғаяды.

Тақырыбы:

      Мәтіннің түрі:

                                Неге олай ойлайсың? Түсіндір (Пайымдау)

б) Арпа бір жылдық шөп тектес өсімдік. Ол астық тұқымдастарға

жатады. Оның сабағы түп-түзу, жіңішке. Масағы төрт немесе алты

қырлы.

Тақырыбы:

       Мәтіннің түрі:

                Неге олай ойлайсың? Түсіндір (Сыйпаттау)

Жаңа сабақ:  Олай болса бүгін мәтін, мәтін түрлері жалпы білімімізді

жалғастыраиыз.

 

 

 

       III Оқулықпен жұмс: 20-жаттығу

Мәтінді оқу. Мәтіннің қай түріне жататынын сұрау. Мына сұрақтарға жазбаша

жауап беру

1.Мәтінде кім туралы айтылған?

2.Ол қандай бала?

Мәтіннің мазмұнын ашатындай тағы бір сөйлем жазу. Мысалы: Атасы баласына

риза болды

 

IV Сергіту сәті: Аппақ болып таң атты.

Түтін тік боп шығады.

Қарлығаштар қанатын

Самғап биік ұшады.

Қоюланып қара бұлт

Төкті жаңбыр себелеп.

Жапырақты жамылып,

Бұға қалды көбелек.

 

        V Берілген  жоспар бойынша әңгіме құрау: 21-жаттығу (3 қатарға бөліп беру)

 

Жоспар

  1. Күзгі дала көрінісі (1 қатар)
  2. Құстардың жылы жаққа қайтуы (2 қатар)
  3. Күзгі еңбек (3 қатар)

Жазған әңгімелерін қорғау

 VI Шығармашылық тапсырма: «Ой қозғау»

  • Алтын күз өтіп қараша келді
  • Қарашада ауа-райы қандай болады?

Өз ойларын жалғастырып жазу.

Тірек сөздер: Қараша, жаңбыр, күн, су, қар, жапырақтар

  • Балалар, бұл мәтіннің қай түрі?

        VII Жұмбақ ойын. «Бұл қай құс»

Әр қатар әр құсты сипаттау арқылы бір-біріне жұмбақ жасырады.

 

               1 қатар  Бұл- өте сүйкімді, бауыры ақ, пайдалы.

Бір жылда бір милион құрт жейді. Ұясын адамға жақын жерге салады.

Бұл құсты адамның досы деп те аталады. Ендеше бұл қай құс?-қарлығаш

 

               2 қатар  Бұл құстың тұмсығы ұзын, ағаш діңінде отырып, тұмсығын

дінге тоқ-тоқ соғады. Ағаш қабығындағы құрт, көбелектерді тазалайды.

Бұл құсты емші құс деп те атаймыз, Бұл қай құс- Тоқылдақ.

 

 

 

 

               3 қатар  Өте айлалы, өте сақ құс. Маңына ешкімді жуытпайды. Бұл

құстың ұшуы да ерекше, ол ауада ұшпай бейне бір тайғажайып

мұхитта жүзіп «сүңгңп» жүргендейәсер қалдырады.

«Құсты ұшқанына қарай біл» деген мақал тура осы құсқа айтылғандай

Ендеше, бұл қай құс?- сауысқан.

 

Құстардың пайдасы туралы айту

Қыстап қалатын отырықшы құстарға қамқорлық жасау туралы әңгімелеу.

Сабақты бекіту:  Тірек сызба арқылы  оқушылардың түсініктерін тиянақтау.

 Сұрақ-жауап  әдісімен қорытынды жасау.

 

       Мәтін

түрлері

      Басы                                               
      Әңгімелеу

 

 

Негізгі бөлім                                               
      Сипаттау

 

 

 

 

        Соңы                                               
      Пайымдау

 

 

 

Қорытынды кезеңі:  Сабақта белсенді атсалысқан оқушыларды бағалау,

мадақтау.

Үйге тапсырма:  24 -25 жаттығу. (ережелерді қайталау)