Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу. Өткенді пысықтау.

58

Сабақтың тақырыбы: Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу. Өткенді пысықтау.

Сабақтың мақсаты: Үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту және бөлу туралы білімдерін пысықтау. 3-4 амалмен орындалатын құрама есептерді шығаруға үйрету. Құрылымы күрделірек теңдеулерді шығару дағдыларын бекіту. Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Шапшаңдыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

ә) Үй тапсырмасын тексеру

б) Жаңа сабақ

І. Қызығушылығын ояту.

«Қай қатар жылдам?» ойынын ойнау.

1.Есепте

123*2             311*2             448/4             777/7

123*3             232*2             396/3             482/2

2.Өрнектердің мәнін тап.

224/2+133                145+969/3

224/2+133*2                       142*2+969/3

3.Тиісті таңбаны қой

123х3*224х2                       390/3*240/2

480/2*880/4                         261х3*562/2

  • Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу. Өткенді пысықтау.» болмақ.

ІІ. Мағынаны ажырату.

Оқулықпен жұмыс.

1-тапсырманы ауызша орындау.

2-тапсырмадағы өрнектерді есептеу, дұрыстығын тексеру.

4-тапсырмадағы теңдеулерді шешу.

3-тапсырмадағы есепті тақтаға шығару.

Сергіту сәті.

ІІІ. Ой толғау.

Математикалық диктант.

  • Тоқаш 18 теңге тұрады. 90 теңгеге осындай неше тоқаш сатып алуға болады?
  • Дәуренде 100 теңге бар. Егер ол 18 теңгеден 4 тоқаш сатып алса, оған қанша теңге қайтарады?
  • Дәліздің екі жағына бірдей 40 қызыл және 50 көк шардан ілінді. Бір жағына қанша шар ілінді?
  • Бүгінгі сабағымызда қандай тапсырманы орындау қиын болды? Неліктен?

ІҮ. Бағалау.

Бағалау парағы арқылы бағалау

Ү. Үй тапсырмасы.