Көбейтудің жазбаша тәсілдері. Жазбаша көбейту алгоритмі. 43х3, 143х3

51

Сабақтың тақырыбы: Көбейтудің жазбаша тәсілдері. Жазбаша көбейту алгоритмі. 43х3, 143х3

Сабақтың мақсаты: Екі таңбалы және үш таңбалы сандарды жазбаша көбейту алгоритмімен таныстыру. Тіктөртбұрыштың берілген ауданы және ұзындығы бойынша енін таба білуге үйрету. Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Шапшаңдыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

ә) Үй тапсырмасын тексеру

б) Жаңа сабақ

І. Қызығушылығын ояту.

Математикалық диктант.

  • 45 пен 2-нің көбейтіндісінің мәнін тап.
  • Белгісіз санды 50 есе кеміткенде, 7 шықты. Белгісіз санды тап.
  • Белгісіз санды 9-ға арттырғанда, 270 шықты. Белгісіз санды тап.
  • 450 саны 50-ден нешеге артық?
  • 930 саны 30-дан неше есе артық?
  • 340-ты 2 есе арттыр.
  • 600-ден белгісіз санды азайтқанда 480 шықты. Қандай сан азайтылды?
  • 300 теңгеге 50 теңге тұратын неше маркер сатып алуға болады?
  • Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Көбейтудің жазбаша тәсілдері. Жазбаша көбейту алгоритмі. 43х3, 143х3» болмақ.

 

ІІ. Мағынаны ажырату.

Оқулықпен жұмыс.

1-тапсырманы ауызша орындау.

2-тапсырмадағы есептеулерді түсіндіре отырып орындау.

3-тапсырмадағы өрнектерді баған түрінде жазып, тақтаға орындау.

8-тапсырмадағы логикалық есепті шығару.

Сергіту сәті.

7-тапсырмадағы теңдеулерді шешу.

 

ІІІ. Ой толғау.

Өздік жұмысы.

Баған түрінде жазып, есепте.

23х3               32х2               123х3            132х2

123х2            311х2            224х2            141х2

162х3            123х4            113х5            471х2

 

ІҮ. Бағалау.

Бағалау парағы арқылы бағалау

Ү. Үй тапсырмасы.