Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу. Қайталау

68

Сабақтың тақырыбы: Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу. Қайталау

Сабақтың мақсаты: Ауызша көбейту және бөлуді орындау дағдыларын жетілдіру. Қалдықпен бөлуді орындау. Жазбаша қосу және азайту, құрама есептер шығару, құрылымы күрделі теңдеулерді шешу, фигураның ауданын есептеу дағдыларын жетілдіру. Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Шапшаңдыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

ә) Үй тапсырмасын тексеру

б) Жаңа сабақ

І. Қызығушылығын ояту.

1-тапсырма: Пәтер ауданын есепте.

2-тапсырма: Өрнектерді тақтада түсіндіре отырып, есептеу.

101·4= 103·2= 906:3= 808:4=
202·3= 201·3= 804:4= 402:2=
303·2= 302·2= 408:2= 603:3=
  • Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу. Қайталау» болмақ.

ІІ. Мағынаны ажырату.

Оқулықпен жұмыс.

1-тапсырмадағы кесте бойынша есептер құрастырып, шығару.

2-тапсырмадағы есепті шығару.

3-тапсырмадағы есепті әртүрлі тәсілдермен шығару.

4-тапсырмадағы өлшемдер бойынша фигураның периметрін және ауданын табу.

6-тапсырмадағы қалдықпен бөлуді орындау.

ІІІ. Ой толғау.

  • Бүгінгі сабағымызда қандай тапсырмаларды орындау қиынға соқты?
  • Неліктен?
  • Қай тапсырмаларды орындау жеңіл болды?
  • Неліктен?

ІҮ. Бағалау.

Бағалау парағы арқылы бағалау

Ү. Үй тапсырмасы.