Разрядтан аттап жазбаша көбейту, бөлу

64

Сабақтың тақырыбы: Разрядтан аттап жазбаша көбейту, бөлу

Сабақтың мақсаты: Разрядтан аттап өту жағдайында жазбаша көбейту және бөлу дағдыларын жетілдіру. Периметрі және ұзындығы берілген тіктөртбұрыштың ауданын табуды қайталау. Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Шапшаңдыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

ә) Үй тапсырмасын тексеру

б) Жаңа сабақ

І. Қызығушылығын ояту.

Математикалық диктант.

  • 30 кәмпит бөлініп 6 қорапқа тең бөлініп салынды. Бір қорапта неше кәмпит бар?
  • Анасы 12 шоколад кәмпитін сатып алды, балы бар кәмпит 3 есе артық. Анасы қанша бал кәмпит сатып алды?
  • Бидонда 16 л сүт бар, ал құмырада 4 л. Құмырадағы сүт бидондағы сүттен қанша есе кем?
  • Асқабақтың салмағы 4 кг, орамжапырақтың салмағы 2 есе кем. Орамжапырақтың салмағы қанша?
  • 4 тортқа 16 жұмыртқа жұмсалды. Сонда 1 тортқа қанша жұмыртқа қажет?
  • 28 кәмпитті 7 бала теңдей бөліп алды. Әрбір балаға қанша кәмпиттен келіп тұр?
  • Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Разрядтан аттап жазбаша көбейту, бөлу» болмақ.

ІІ. Мағынаны ажырату.

Оқулықпен жұмыс.

1-тапсырмадағы көбейтуді түсіндіре отырып орындау.

2-тапсырмадағы бөлуді түсіндіре отырып орындау.

3-тапсырмадағы өрнектерді баған түрінде жазып, есептеу.

Сергіту сәті.

4, 5-тапсырмалардағы есепті шығару.

ІІІ. Ой толғау.

Өздік жұмысы.

1-нұсқа

433х2

124х2

183х3

82х6

2-нұсқа

223х4

218х3

123х3

74х4

ІҮ. Бағалау.

Бағалау парағы арқылы бағалау

Ү. Үй тапсырмасы.