103х3, 309:3 түріндегі жазбаша көбейту және бөлу

37

Сабақтың тақырыбы: 103х3, 309:3 түріндегі жазбаша көбейту және бөлу

Сабақтың мақсаты: Разрядтан өтпей және разрядтан бір рет өту арқылы жазбаша көбейту және бөлудің жаңа түрімен таныстыру. Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Шапшаңдыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

ә) Үй тапсырмасын тексеру

б) Жаңа сабақ

І. Қызығушылығын ояту.

Математикалық диктант.

  • 21 мен 40-тың көбейтіндісін 300-ге азайт;
  • 600-ден 102 мен 3-тің көбейтіндісін азайт;
  • ұзындығы 12 см, ені одан 3 есе кем болатын тіктөртбұрыштың периметрін тап;
  • ұзындығы 12 см, ені одан 3 есе кем, ал биіктігі 3 см болатын қораптың көлемін тап.
  • Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «103х3, 309:3 түріндегі жазбаша көбейту және бөлу» болмақ.

ІІ. Мағынаны ажырату.

1-тапсырма:

а) Есепті шығару.

Тіктөртбұрыштың ұзындығы 306 см, ені одан 2 есе кем. Осы тіктөртбұрыштың периметрін тап. Нәтижесін метрмен және сантиметрмен өрнекте.

ә) Кесте бойынша есеп құрастыру, оны шығару.

Блокнот Маркер Желім Ұштағыш Сызғыш
180 теңге 75 теңге 32 теңге 28 теңге 18 теңге

2-тапсырма.

Есепте:

500:2           280:20             18·2

52:2             42:3                 900:2

14·5                700:2             660:20

36:2                520:2             420:20

Оқулықпен жұмыс.

Сергіту сәті.

ІІІ. Ой толғау.

«Қай қатар жылдам?» ойынын ойнау.

72:12 52:13 52:2 75:5 12*8
64:4 45/2 34*2 18*5 19*6
63:3 60:5 210:10 55:5 36:12

ІҮ. Бағалау.

Бағалау парағы арқылы бағалау

Ү. Үй тапсырмасы.