Разрядтан екі рет аттау арқылы көбейту және бөлудің жазбаша тәсілдері 165х3, 495:3

55

Сабақтың тақырыбы: Разрядтан екі рет аттау арқылы көбейту және бөлудің жазбаша тәсілдері 165х3, 495:3

Сабақтың мақсаты: Разрядтан екі рет өту арқылы көбейту және бөлудің жазбаша тәсілдері туралы білімдерін қалыптастыру. 3-4 амалмен өрнек түрінде есептер құрастыру және шығару дағдыларын бекіту. Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Шапшаңдыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

ә) Үй тапсырмасын тексеру

б) Жаңа сабақ

І. Қызығушылығын ояту.

Математикалық диктант.

  • 126 мен 376 сандарының қосындысын 2-ге бөл;
  • 1000-нан 107 мен 3-тің көбейтіндісін азайт;
  • 515 пен 5-тің бөліндісіне 450-ді қос;
  • 255 пен 345 сандарының қосындысынан 59-ды кеміт;
  • 936 мен 9 санының бөліндісінен 12 мен 6 санының көбейтіндісінен азайт.
  • Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Разрядтан екі рет аттау арқылы көбейту және бөлудің жазбаша тәсілдері 165х3, 495:3» болмақ.

ІІ. Мағынаны ажырату.

Оқулықпен жұмыс.

1-тапсырмадағы көбейту және бөлудің қалай орындалғанын түсіндіру.

2-тапсырмадағы баған түрінде көбейту мен бөлуді тақтаға орындау.

3-тапсырмадағы есепті шығару. Кері есептер құрастыру және оларды шығару.

Сергіту сәті.

4-тапсырмадағы берілген өлшемдер бойынша үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарын табу.

ІІІ. Ой толғау.

Кесте бойынша өрнектер жазу және құрастыру.  Олардың мәндерін табу.

Қосылғыш 136х3 342+259 340х2 253+284
Қосылғыш 25х2 707-69 12х2 180х4
Қосындының мәні

 

Азайғыш 198/2 930х3 412х2 230х3
Азайтқыш 12х2 660-524 168/3 15х5
Айырманың мәні

 

ІҮ. Бағалау.

Бағалау парағы арқылы бағалау.

Ү. Үй тапсырмасы. 143-бет. №5