Разрядтан екі рет аттау арқылы көбейту және бөлудің жазбаша тәсілдері 165х3, 495:3

56

Сабақтың тақырыбы: Разрядтан екі рет аттау арқылы көбейту және бөлудің жазбаша тәсілдері 165х3, 495:3

Сабақтың мақсаты: Разрядтан екі рет өту арқылы көбейту және бөлудің жазбаша тәсілдері туралы білімдерін қалыптастыру. 3-4 амалмен өрнек түрінде есептер құрастыру және шығару дағдыларын бекіту. Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Шапшаңдыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

ә) Үй тапсырмасын тексеру

б) Жаңа сабақ

І. Қызығушылығын ояту.

«Қай қатар жылдам?» ойынын ойнау.

136х3

142х4

98х3

198/2

230х3

287х3

412х2

97х6

144/4

650/5

168/3

930/2

261/3

340/5

930/3

342+259

660-524

707-69

253+284

180х4

  • Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Разрядтан екі рет аттау арқылы көбейту және бөлудің жазбаша тәсілдері 165х3, 495:3» болмақ.

ІІ. Мағынаны ажырату.

1-тапсырма: Фигураның жалпы ауданы 1000 см2-ге тең болса, бір бөлігінің ауданы қаншаға тең болады?

 

2-тапсырма: Есепті шығару.

а) Әкелінді — ? кг

Сатылды – 20 кг-нан 18 қорап

Қалды – 12 кг-нан 6 қорап

ә) 4 автобуста – 15 адамнан

5 автобуста – 38 адамнан

Барлығы — ?

3-тапсырма: Тапсырманы орында

а)Ауданы 140 см2 болатын тіктөртбұрыштың периметрін есептеп шығару.

ә) Шаршының периметрі 36 дм екені белгілі. Осы шаршының ауданын есептеп тап.

ІІІ. Ой толғау.

Математикалық диктант.

  • Дәулет үй тапсырмасын 55 минутта орындады. Ол уақыттың бестен бір бөлігінде есеп шығарды. Дәулет математиканың тапсырмасын қанша минутта орындады?
  • Дәулет үй тапсырмасын 55 минутта орындады. Сол уақыттың бестен бір бөлігінде есеп шығарды. Дәулет қалған сабақтарға қанша уақыт жіберді?
  • Ұзындығы 8 м, ені 5 м, биіктігі 3 м бөлменің көлемін есептеп шығар.

ІҮ. Бағалау.

Бағалау парағы арқылы бағалау.

Ү. Үй тапсырмасы. 143-бет. №6