Есептер шығару. Өткенді қайталау

55

Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару. Өткенді қайталау.

Сабақтың мақсаты: Разрядтан екі рет өту арқылы көбейту және бөлудің жазбаша тәсілдері туралы білімдерін қалыптастыру. 3-4 амалмен өрнек түрінде есептер құрастыру және шығару дағдыларын бекіту. Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Шапшаңдыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

ә) Үй тапсырмасын тексеру

б) Жаңа сабақ

І. Қызығушылығын ояту.

«Компьютер» ойынын ойнау.

900-783

539+295

701-568

677+69

1000-53

234х3

98х9

996/2

408/3

140х4

277х3

520/5

600/4

732/6

840/4

 

  • Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Есептер шығару. Өткенді қайталау» болмақ.

ІІ. Мағынаны ажырату.

Оқулықпен жұмыс.

1-тапсырманы ауызша орындау.

2-тапсырмадағы фигураның боялған бөлігінің ауданын табу.

3-тапсырмадағы есептерді әртүрлі тәсілмен шығару.

4-тапсырмадағы есепті шығару.

Сергіту сәті.

5-тапсырмадағы өрнектерді есептеп, дұрыстығын тексеру.

«Тир» ойынын ойнау.

ІІІ. Ой толғау.

Математикалық диктант (жауабын дәптерге жазу).

  • көшеттерді суғару үшін әрқайсысы 65 литрлік 4 бөшке суға толтырылды. 195 литрі жұмсалғанда, қанша литр су қалды?
  • әр қатарға 5-тен b түп қарақат отырғызылды. Ал b түп қызыл қарақат әр қатарға 6-дан отырғызылды. Барлығы қанша қатар қарақат отырғызылды?
  • Бақшаға қияр көшетінен 3 есе артық болатын 135 түп қызанақ көшеті отырғызылды. Барлығы қанша түп көшет отырғызылды?
  • екіден бір бөлігі 4 см-ге тең кесінді сыз;
  • сегізден бір бөлігі 5 мм-ге тең кесінді сыз;
  • екіден бір бөлігі 15 мм-ге тең кесінді сыз.

ІҮ. Бағалау.

Бағалау парағы арқылы бағалау.

Ү. Үй тапсырмасы. 166-бет. №6