Жазбаша көбейту және бөлу. Қайталау

42

Сабақтың тақырыбы: Жазбаша көбейту және бөлу. Қайталау

Сабақтың мақсаты: Жазбаша есептеу алгоритмін меңгеру деңгейін тексеру. Құрама есептер, күрделі теңдейлер шығара алу, бір өлшем бірлігін басқаларына ауыстыру дағдыларын бекіту. Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Шапшаңдыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

ә) Үй тапсырмасын тексеру

б) Жаңа сабақ

І. Қызығушылығын ояту.

Математикалық диктант.

  • 45 пен 2-нің көбейтіндісінің мәнін тап.
  • Белгісіз санды 50 есе кеміткенде, 7 шықты. Белгісіз санды тап.
  • Белгісіз санды 9-ға арттырғанда, 270 шықты. Белгісіз санды тап.
  • 450 саны 50-ден нешеге артық?
  • 930 саны 30-дан неше есе артық?
  • 340-ты 2 есе арттыр.
  • 600-ден белгісіз санды азайтқанда 480 шықты. Қандай сан азайтылды?
  • 300 теңгеге 50 теңге тұратын неше маркер сатып алуға болады?
  • Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Жазбаша көбейту және бөлу. Қайталау» болмақ.

ІІ. Мағынаны ажырату.

Оқулықпен жұмыс.

1-тапсырманы ауызша орындау.

2-тапсырмадағы кесте бойынша өрнектер құрастыру және шығару. Олардың мәнін табу.

3-тапсырмадағы өрнектер бойынша есептер құрастыру және оларды шығару.

4-тапсырмадағы өрнектерді есептеу.

Сергіту сәті.

ІІІ. Ой толғау.

Математикалық диктант.

  • 170 пен 30-дың қосындысын 5 есе арттыр;
  • 32 мен 20-ның көбейтіндісінен 200-ді азайт;
  • 410 мен 2-нің көбейтіндісінің мәнін тап;
  • Қалдықпен бөлуді орында: 48/5, 86/9;
  • 230 бен 2-нің көбейтіндісінен 200-ді азайт;
  • Бөліндісінің мәні 6-ға, ал қалдық 2-ге тең болса, онда қандай санды 5-ке бөлдік?
  • Қай тапсырмаларды орындау қиын болды? Не себептен?

ІҮ. Бағалау.

Бағалау парағы арқылы бағалау.

Ү. Үй тапсырмасы. 168-бет. №5