Есептеудің жазбаша тәсілдері

Сабақтың тақырыбы: Есептеудің жазбаша тәсілдері

Сабақтың мақсаты: Жазбаша көбейту және бөлуді орындау дағдыларын бекіту. Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Шапшаңдыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

ә) Үй тапсырмасын тексеру

б) Жаңа сабақ

І. Қызығушылығын ояту.

«Иә-жоқ» математикалық диктанты.

  • Көпбұрыштың ауданы – бұл оның қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы.
  • Шаршының периметрін табу үшін оның қабырғаларын 4 есе арттыру керек.
  • Аудан метрмен өлшенеді.
  • Кілемнің ауданы 36 м2. Кілемнің ұзындығы 9 м. Ені 3 м.
  • Тіктөртбұрыш пішінді жердің ұзындығы 10 м, ені 5 м. Осы жерді қоршау үшін 30 м дуал керек.
  • Шаршының ауданын табу үшін қабырғасын өзіне көбейту керек.
  • Тіктөртбұрыштың ені 2 см, ұзындығы 9 см. Тіктөртбұрыш тең екіге бөлінді. Әр үшбұрыштың ауданы 9 см2.
  • Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Есептеудің жазбаша тәсілдері» болмақ.

ІІ. Мағынаны ажырату.

Оқулықпен жұмыс.

1-тапсырмадағы сандарда неше жүздік, неше ондық, неше бірлік бар екенін анықтау.

2-тапсырмадағы амалдарды орындау, дұрыстығын тексеру.

3-тапсырмадағы кесте бойынша есептер құрастыру.

4-тапсырмадағы есептерді шығару.

Сергіту сәті.

5-тапсырмадағы амалдарды есептеу.

ІІІ. Ой толғау.

Тапсырмаларды ауызша орындау:

  • Әкесі 35 жаста, ал ұлы одан 7 жас кіші. Сонда ұлы неше жаста?
  • 15 теңгеге бірдей 3 дәптер сатып алынды. Бір дәптер неше теңге тұрады?
  • 4 көйлек тігу үшін 12 м мата керек. Бір көйлекке неше метр мата кетеді?
  • Асханаға балалар жұптасып саппен барды. Барлығы – 16 адам. Сапта неше жұп бала болды?
  • 18 кәмпит балаларға үштен үлестірілді. Неше бала кәмпит алды?

ІҮ. Бағалау.

Бағалау парағы арқылы бағалау.

Ү. Үй тапсырмасы. 175-бет. №6, 7