Геометриялық шамалар. Уақыт, ұзындық, аудан, масса

100

Сабақтың тақырыбы: Геометриялық шамалар. Уақыт, ұзындық, аудан,  масса

Сабақтың мақсаты: Жазбаша көбейту және бөлуді орындау дағдыларын бекіту. Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Шапшаңдыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

ә) Үй тапсырмасын тексеру

б) Жаңа сабақ

І. Қызығушылығын ояту.

Математикалық диктант.

  • Қыс айларының санына наурыз айының рет санын қос.
  • Бес сөзіндегі әріптердің санына адамның қолындағы шынашақтардың санын қос.
  • Бала ұйықтауға кешкі сағат 9-да жатты. Ол тек үш сағаттан кейін ғана ұйықтады. Ол нешеде ұйықтады?
  • Бейсенбінің аптадағы рет санын төрт мысықтың құйрықтарының санына көбейт.
  • Жандарбек деген баланың есіміндегі әріптердің санын осы есімдегі буындардың санына қос.
  • Шаршы пішіндес үстелдің қабырғаларының санына дөңгелек үстелдің бұрыштарының санына қос.
  • Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Геометриялық шамалар. Уақыт, ұзындық, аудан, масса» болмақ.

ІІ. Мағынаны ажырату.

Оқулықпен жұмыс.

2-тапсырмадағы амалдарды тақтаға орындау.

4-тапсырмадағы есептерді шығару.

5-тапсырмадағы сурет бойынша есептер құрастыру және оларды шығару.

6-тапсырмадағы өлшемдер бойынша фигуралар сызу.

Сергіту сәті.

8-тапсырмадағы а) фигуралардың ауданын есептеу.

ІІІ. Ой толғау.

Математикалық диктант.

  • 60 пен 40 сандарының қосындысын 3 есе арттыр;
  • 35 пен 155 сандарының қосындысынан 200-ді азайт;
  • 900 бен 90 сандарының айырмасын 90-ға бөл;
  • 132 мен 396 сандарының қосындысын 3 есе кеміт;
  • 1000 мен 450 сандарының айырмасынан 200 бен 250 сандарының қосындысын азайт.

ІҮ. Бағалау.

Бағалау парағы арқылы бағалау.

Ү. Үй тапсырмасы. 176-бет. №3, 8(ә,б)